Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Халықаралық Қарттар күнін мерекелеу

02.10.2017

Мейрамдардың бiрi — 1 қазан Халықаралық Қарттар күнiн бiз ерекше атап бағалаймыз. Бұл мереке-егде жастағы азаматтарға құрмет көрсетудiң белгiсi.

Бiздiң мемлекетте қарт адамдарға үлкен қадiрмен қарайды. Халықаралық Қарттар күнi Қазақстандағы барлық мекемелер мен ұйымдарда соғыс және еңбек ардагарлердi құттықтап мерекелiк шаралар өткiзiледi.

Бiздiң ауданымызда да егде жастағы азаматтарды құттықтау жақсы дәстүрге айналды. 1 қазан аудандық Мәдениет үйiнде қарттарға арналған мерекелiк iс-шара өткiзiлдi. Осы күнi аудандағы 50, 55, 60 жыл бiрге тұрып жатқан 18 ерлi-зайыптылар, 90 жастан асқан 5 азаматтарға құттықтау рәсiмi үйымдастырылды. Оларға аудан әкiмi М.Оспановтан алғыс хат және ескертелiк сыйлықтар табысталды.

Мекемелердiң және кәсiпорындардың басшылары салтанатты шараға қарттар мен мүгедектердi жеткiзуiн ұйымдастырды.

Сонымен қатар, осы күнi өз зейнеткерлерiн бiр неше мекемелер мен үйымдар құттықтады: аудандық аурухана (72 зейнеткерлер мен мүгедектерге 252,0 мың тенгеге мерекелiк дастархан жайылып сыйлықтар тарту етiлдi), жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (14 зейнеткерлер мен мүгедектерге 65 мың тенгеге мерекелiк дастархан мен сыйлықтар дайындалды), халыққа қызмет көрсету орталығы (9 зейнеткерлер мен мүгедектерге 65 мың тенгеге концертқа билеттер мен сыйлықтар тапсырылды), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмi (8 зейнеткерлерге 15,5 мың тенгеге сыйлықтар тапсырылды), iшкi саясат бөлiмi (4 зейнеткерлерге 8 мың тенгеге сыйлықтар тапсырылды), жастар бастамаларының орталығы (2 зейнеткерлерге 4 мың тенгеге сыйлықтар тапсырылды), статистика бөлiмi (3 зейнеткерлерге 8 мың тенгеге сыйлықтар тапсырылды), зейнетақы төлеу орталығы (4 зейнеткерлерге 12 мың тенге ақшалай түрде тапсырылды), ауылшаруашылық бөлiмi (10 зейнеткерлерге 16 мың тенгеге азық-түлiк пакеттер тапсырылды). Айлықтын бiрiншi күнiнде мекеме басшыларына бекiту бағдарламасы бойынша 109 адамға 203 мың тенге көлемiнде көмек көрсетiлдi.

Ауданда Қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi айлықты өткiзу iс-жоспары бойынша барлық селолық округтарда және аудан орталығында қарт адамдар мен мүгедектердi құттықтау және әлеуметтiк көмек көрсету а.ж. 1-шi қарашасына дейiн жалғастырылады.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика