Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлда төтенше жағдай режимiн жариялады

Жаңалықтар 25.04.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлда төтенше жағдай режимiн жариялады

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Былғары зауыты кентiнiң тұрғындарымен кездестi. Өткен түнi ондағы 105 үйге су кiрген болатын. Өңiр басшысы қалыптасқан жағдаймен тiкелей танысты.

«Су тасқынын ұстап тұруға мүмкiндiк болмады. Оған жиналған мол су әсер еттi. Сыйымдылығы 693 млн. текше метр болатын Сергеев су қоймасына биыл жиналған судың көлемi 1 млрд. 133 млн. текше метрдi құрады, яғни оған Есiл өзенi арқылы құйылған су 164 пайыз болды. Одан басқа, қыста екi есе көп қар жауды, оның үстiне Ақмола облысынан мол су келдi. Қажеттi барлық шараларды қолданудың арқасында Шал ақын мен Есiл аудандарында жағдайды тұрақтандыруға мүмкiндiк туды. Үш күннiң iшiнде Есiл өзенiнiң арнасындағы су 1 метр 70 сантиметрге көтерiлдi. Көтерiлген су деңгейiнiң биiктiгi соншалық, Былғары зауыты ауданындағы жаңа бөгеттен 10 сантиметрге асып кеттi, сондықтан оны биiктете түсу керек. Бiз ескi бөгеттi де көтерiп жатырмыз. Оның жалпы ұзындығы 1 шақырым 700 метр. Өзен арнасында орналасқан тұрғын үйлердi толығымен тасқын судан қорғау үшiн бөгеттiң ұзындығын 4 шақырымға дейiн ұзарту қажет. Бүгiнгi қолда бары — 1 шақырым 700 метр ғана», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы қазiргi басты мiндет — кент тұрғындарын қауiпсiз жерге көшiру екендiгiн атап айтты.

«Жаңа ғана барлығын аралап, қалыптасқан жағдайды өз көзiммен көрдiм, тұрғындармен әңгiмелестiм. Бiзде мүлiктердi артып, қауiпсiз орынға тасымалдайтын қайық та, техника да, адам күшi де жеткiлiктi. Қауiпсiздiк шараларының барлығы қарастырылған. Алайда кейбiр адамдардың көшкiсi келмейтiн жекелеген оқиғалар бар», — дедi облыс әкiмi.

Кент тұрғыны Наталья Чорба журналистерге берген сұхбатында үндеухат тарату, БАҚ-тардағы ескерпе — жарияланым, радиомашинаның көше бойы жүрiп хабарландыруы сияқты ақпараттар дер кезiнде берiлгенiн айтты.

«Үйiмiзге келiп, ақпараттандырды, мүлкiмiздi жазып алды. Қауiпсiз жерге барудан көптеген адамдардың бас тартқанын бiлемiн. Олар су келмейтiн шығар деп ойлады. Кеше кешке учаскелiк инспектор үйлердi аралады. Адамдардың қауiпсiз қосынға бармаймыз деп жатқанын өз көзiммен көрдiм. Бiз әзiр тұрғамыз, ең бағалы заттарымызды өзiмiзбен алып кетуге тырыстық. Мен белсендi тұрғындардың бiрiмiн, сондықтан басқаларға көмек көрсету ниетiмен түнi бойы кезекшiлiк атқарып шықтым», — дейдi Наталья Чорба.

Облыс әкiмi су тасқынының шарықтау шегi әлi аяқталмағанын, су әлi де келетiндiгiн атап айтты.

«Петропавл қаласында төтенше жағдай режимi жарияланатын болады. Осындай режим Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданда да болғанын сiздер бiлесiздер. Қалада штаб жұмыс iстейдi. Шұғыл шешiм қабылдау үшiн бiз бүгiн төтенше жағдай режимiн жариялаймыз. Мұндай ТЖ режимi адамдарға көмектесу мақсатында жекелеген мәселелердi барынша шұғыл қаржылық жағынан шешуiмiзге мүмкiндiк бередi»,- дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлда төтенше жағдай режимiн жариялады

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлда төтенше жағдай режимiн жариялады

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлда төтенше жағдай режимiн жариялады

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика