Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Білім беру

Білім беру

«СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-сінің паспорты

Білім беру жүйесі

  • Барлық білім беру мекемелері — 27
  • Оқушылар саны — 2686
  • Жалпы білім беретін мектептер — 24, оның ішінде:
  • Орта — 18, негізгі — 6
  • Қазақ тілінде білім беретін мектептер — 17
  • Аралас тілде білім беретін мектептер — 7

Қосымша білім беретін мекемелер:

  • «Өнер мектебі» КММ — 1
  • «Дене шынықтыру дайындығы балалар және жасөспірімдер клубы» КММ — 1
  • «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» — 1

Бюджет — 1898168,5 мың.тг.

  • Бала-бақшалар — 2
  • Шағын орталықтар — 22
  • Мектеп жанындағы интернаттар — 2

Педагогикалық кадрлық потенциал:

  • Мұғалімдер саны — 603, оның ішінде:
  • Жоғары білімді — 475
  • Арнайы орта білімді — 128
  • Жоғары санатты — 100
  • Бірінші санатты — 185
  • Екінші санатты — 139
  • Орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында біліктілікті көтеру курсынан — 183, қысқа мерзімді курстан — 156, үш тілдік курстан — 5 педагог өтті.

Білім беру саласының кәсіподақ ұйымы

  • Бастапқы кәсіподақ ұйымы — 28
  • Кәсіподақ мүшелері — 1508

Уәлиханов ауданының білім беру жүйесі

Құрамы, контингент

Аудан бойынша 24 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi, соның ішінде 20 шағын жинақталған, 4 толық комплект мектеп бар. Олардың 18-і орта, 6-сы негізгі мектеп. 2016-2017 оқу жылы оқушылар саны — 2686 (2015-2016 оқу жылы 2735). 17 мектеп қазақ тілінде білім берсе, 7 мектеп аралас тілде білім береді.

Ауданымыздың білім беру жүйесінің ерекшелігі орыс тілінде білім беретін мектептің жоқтығы.

Мектепке дейінгі білім беру

Аудан бойынша мектепке дейінгі мекемелер желісі 24 бірлікті құрайды. Оның ішінде: 2 — бөбекжай бақшасы, 22 шағын-орталық. Барлық 24 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілде оқытылады.

Жалпы 975 — бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі біліммен қамту 1 жастан 6 жасқа дейін 91% құрайды (2016 жыл 88%) 3 жастан 6 жасқа дейін 100%.

Ауданда «Балдәурен» КММ бөбекжай-бақшасында 1 санаторлық топ жұмыс істейді, топта 25 бала.

Қосымша білім беру

Ауданда өнер мектебі (210 бала), денешынықтыру дайындығы балалар және жасөспірімдер клубы (250 бала), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (44 бала) бар. Қосымша білім берумен қамтылған оқушылар үлесі 31,7% , облыс көрсеткіші — 55,3%.

«Өнер мектебі» КММ, «Денешынықтыру дайындығы балалар және жасөспірімдер клубы» КММ жұмысын жүргізу үшін 31541,0 мың.т. қаражат бөлінді. Соның ішінде жергілікті бюджеттен — 23770,0 мың.т., республикалық бюджеттен 7771,0 мың.т. бөлінді.

Материалдық қамтылуы

Мультимедиялық кабинеттер саны — 14. Ауданымызда барлығы 31 жаңа модификация кабинеті бар. Соның ішінде 9 химия кабинеті, 17 физика, 5 биология кабинеті жұмыс жасайды.

20 мектеп кең жолақты интернет жүйесіне қосылған. 2017 жылғы 1 тамызға дейін қалған 4 мектеп қосылатын болады.

Компьютермен қамтылуы 6 оқушыға 1 компьютерден келеді. Интербелсенді тақта 6 мектепте болса, 9 мектепте мультимедиялық құрал жабдықтар (проектор, экран) бар.

Ауданның барлық мектептері сайт жұмыстары үшін «Бiлiм-Land», «Ағарту KZ» сияқты білім порталдарына қосылған.

Ағымдағы оқу жылында 21 мектепке бейнебақылау орнатылды. Ауданның (Елтай ОМ, М.Жұмабаев ат. ОМ, Береке НМ, Жасқайрат НМ, Қаратал НМ-тері) бес мектебі спутникалық интернет байланысқа қосылды.

Ресурстық орталық

Шағын жинақталған мектептің мәселесін шешу мақсатында 4 магниттік мектепті қамтыған Кішкенекөл №2 орта мектебінде тiрек (ресурстық) мектеп жұмыс iстейдi: Аққұдық НМ, Жасқайрат НМ, Қарашілік НМ, Шағырсай НМ-тері. Көктемгі және күзгі тоқсандық демалыстар уақытында (28 оқушыға) 2 сессияны өткізуге 610,0 мың.т. игерілді.

Жалпыға бірдей білім беру қоры

Жалпыға бірдей білім беру қоры бойынша 2017 жылға жалпы — 26173,0 мың тг. бөлінді, оның ішінде: аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету (579 оқушы) үшін — 17930,0 мың тг.;

430 балаға арналған киім — кешек сатып алу үшін — 16670,0 мың тг.;

сауықтыру алаңдарында 270 баланы тамақпен қамтамасыз ету үшін — 1134,0 мың тг.;

300 оқушыны жазғы мектептерде тамақпен қамтамасыз ету үшін — 1260,0 мың тг.;

материалдық көмек көрсету үшін — 175,0 мың тг.;

Облыстық бюджеттен Астана қаласына ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 630 оқушының қатысуы үшін — 9374,4 мың тг. бөлінді.

Білім жетістіктері мен сапасы

Өткен оқу жылы өткізілген ҰБТ нәтижесіне келсек ауданымыздың орташа баллы 86,7-ні құрап, облыс бойынша аудандар арасында бірінші орынды еншіледік.

Уәлиханов ауданының он төрт мектебін аяқтаған 151 түлектің 127-сі ұлттық бірыңғай тестілеуден өтсе, 23 түлек дәстүрлі емтихан тапсырды. 1 түлек аурыдың себебінен қатыспады.

«Алтын белгі» белгісін 8, үздік аттестат 10 түлек дәлелдеді.

Ең жоғары балл — 121, болса ең төмен балл — 27.

Аудан бойынша жалпы 36 түлек 100 және 100-ден жоғары балл жинаса, 2 түлек 50 балдық жүйеден кем алды.

Кадрлармен қамтылуы

Уәлиханов ауданының мектептерінде 2016-2017 оқу жылында 603 мұғалім жұмыс жасайды, оның 475-сі жоғары, 128-і арнаулы орта білімді.

Жоғары санатты педагог саны — 100, бірінші санатты — 185, екінші санатты — 139 болса, санатсыз — 179. Педагогтардың сапалық құрамы 47% құрады.

Ауданға 2016-2017 оқу жылында 38 жас маман келді. Оның 16-сы жоғары білімді, 22-сі арнайы орта білімді.

Оқулықпен қамтылуы

Жергілікті бюджеттен 005 бағдарламасы бойынша оқулық және оқу әдістемелік құралдарын сатып алу үшін 7861,0 мың.т. бөлінді.

2016-2017 оқу жылына оқулықтардың камтамасыз етілуі 100% құрады.

2017-2018 оқу жылына 2, 5, 7 сыныптарға оқулықтар сатып алу үшін аудандық маслихаттан қосымша 4967,0 т. бөлінді.

Уәлиханов ауданы бойынша мектептердiң және оқушылардың саны

Мектептің аталуы Барлығы сыныптар Барлығы оқушылар
Казақ мектептер
1 Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназия 16 263
2 Өндіріс орта мектебі 10 73
3 Ақтүйесай орта мектебі 11 123
4 Қаратерек орта мектебі 10 34
5 Көбенсай орта мектебі 11 81
6 Озерный орта мектебі 10 37
7 Жамбыл орта мектебі 11 61
8 Мортық орта мектебі 11 84
9 Әуезов орта мектебі 11 191
10 Қайрат орта мектебі 11 67
11 Елтай орта мектебі 10 55
12 Қарашілік негізгі мектебі 9 31
13 Шағырсай негізгі мектебі 9 28
14 Береке негізгі мектебі 9 35
15 Каратал негізгі мектебі 9 39
16 Жаскайрат негізгі мектебі 9 26
17 Аққұдық негізгі мектебі 9 27
  Барлығы казақ мектептер 176 1255
Аралас мектептер
1 Кішкенекөл №1 орта мектебі 28 447
2 Кішкенекөл №2 орта мектебі 30 521
3 Бидайық орта мектебі 13 160
4 Чернигов орта мектебі 17 72
5 Телжан орта мектебі 14 86
6 Чехов орта мектебі 19 89
7 М. Жұмабаев атындағы орта мектебі 12 56
  Барлығы аралас мектептер 133 1431
  Барлығы 309 2686

Уәлиханов ауданы бойынша оқушылар саны нормаға сәйкес келмейтiн мектептер

Мектептің аталуы Барлығы сыныптар Барлығы оқушылар Жылына 1 балаға қаражат,
мың. тенге
1 Шағырсай негізгі мектебі 9 28 1153,0
2 Жасқайрат негізгі мектебі 9 26 1173,4
3 Қарашілік негізгі мектебі 9 31 1010,4
4 Береке негізгі мектебі 9 35 980,3
5 Аққұдық негізгі мектебі 9 27 1246,5
6 Қаратал негізгі мектебі 9 39 799,5
7 Озерный орта мектебі 10 37 1081,8
8 Қаратерек орта мектебі 10 34 1378,1
9 Елтай орта мектебі 10 55 733,1
10 М. Жұмабаев атындағы орта мектебі 12 56 939,0
11 Кайрат орта мектебі 11 67 842,3
12 Жамбыл орта мектебі 11 61 309,3
13 Өндіріс орта мектебі 10 73 736,6
14 Чернигов орта мектебі 17 72 815,6

Аудан бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 3-6 жас аралығындағы кезекте тұрған балалар жоқ.

30.05.2017 13:57

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика