Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік басқару || Құқықтық бөлім

Құқықтық бөлім

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi

2015 жылғы 29 желтоқсанда сағат 10.00-де аудан әкiмдiгiнiң үлкен мәжiлiс залында Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi.

Аталған отырыста аудан әкiмi А. Төрегелдин төрағалық еттi.

Келесi сұрақтар қаралды: спирттiк iшiмдiктерге әуес, жұмыссыз тұлғалармен алдын алу жұмыстарын жүргiзу туралы, қылмыстық құқық бұзушылықты ескерту жөнiндегi ҚР ҰҚҚ «Кiшкенекөл» әскери комендатурасының (2032 ә/б) атқарып жатқан жұмысы туралы, қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiнде азаматтарды қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, Уәлиханов ауданының баскару құрамында мемлекеттiк қызметшiлер және азамматтық қызметкерлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы.

Өткiзiлген отырыстың қорытындысы бойынша мектеп директорларына құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелер бойынша ауданның ауылдық округтерiнiң әкiмдерiне, ауданның iшкi iстер бөлiмiне тұрақты түрде профилактикалық есебiнде тұратын түсiнiктемелiк жұмысты өткiзуге, жастар демалыстарын ұйымдастыру бойынша үнемi iс-шараларды өткiзуге, оларды спортпен шұғылдануға, мәдениеттi-демалыс iс-шараларға тартуға ұсынылды.

Аудан әкiмi бөлiм басшыларына, ауданның ауылдық округтерi әкiмдерiне ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарды орындау бойынша iс-шараларды қабылдауға тапсырды.

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi

2015 жылғы 29 желтоқсанда сағат 11.30-да аудан әкiмi А.Ж. Төрегелдиннiң төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi.

Аталған отырыста келесi сұрақтар қаралды: «Мемлекеттiк қызметтер мен жеке және занды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жөнiнде «Тұрмыстық-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары бөлiмiмен» және «Жер қатынастары бөлiмiмен» атқарылып жатқан жұмыстары туралы».

Сыбайлас жемқорлық қуқық бұзушылықты ескерту және болдырмау жөнiнде «Уәлиханов аудандық орталық ауруханасы», МКК «Тұтынушылардың құқтарын қоргау жөнiндегi Уәлиханов аудандық басқармасы», «СҚО бойынша ХҚО Уәлиханов ауданының бөлiмiмен жүргiзiлiп жатқан жұмыстары туралы».

Өткiзiлген отырыстың қорытындысы бойынша аудан әкiмiмен ауданның мемлекеттiк мекемелерiнiң басшыларына, ауылдық округтерiнiң әкiмдерiне мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсетуге, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн уақытылы қарауға, қызметкерлердiн арасында мемлекеттiк қызметтердi көрсету және өтiнiштердi қарау тәртiбi бойынша қолданыстағы заңнаманы зерделеу жөнiнде оқытулар өткiзуге, өтiнiштердi түскен кезiнде «Жеке және заңды тұлғаларды қарау тәртiбi туралы» тапсырмалар ұсынылды.

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi

2015 жылы 25 қыркүйекте Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Келесi сұрақтар қаралды: информации директоров Актуйесайской, Бидайыкской, Тельжанской, Мортыкской, Кишкенекольских средних школ о проводимой работе по профилактике правонарушений организациями образования района Ақтуесай, Бидайық, Телжан, Көктерек, Кiшкенекөл ауылдық округтерi бойынша полиция учаскелiк инспекторларының құқық бұзушылықтар профилактикасы, әкiмшiлiк ықпал ететiн шаралары, 2012-2015 жылдары бойынша қылмыстық қылмыстары бойынша өткiзiлетiн жұмыстары туралы есептерi, ауданның бiлiм ұйымдарымен құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша Ақтуесай, Бидайық, Телжан, Көктерек, Кiшкенекөл орта мектептерi директорлардың ақпараттары.

Өткiзiлген отырыстың қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтардың анықталуына, алдын алуына және жол бермеуiне бағытталған профилактикалық шараларды iске асырылуы жөнiнде полицияның учаскелiк инспекторлардың жұмыстарын белсендетуге, ауданның барлық ұйымдар мен мекемелердiң бекiтiлуiмен кезекшiлiк ететiн кестесiн қайта қарастыруға, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту бойынша жұмыстарын күшейтуге ұсынылды.

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi

2015 жылы 06 мамырда сағат 10.00 аудан әкiмдiгiнiң кiшi мәжiлiс залында Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Келесi сұрақтар қаралды: «Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша өткiзiлетiн жұмыстар және жеке мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жөнiнде жұмыстар туралы, ауданда құқық тәртiптi және жол қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша өткiзiлетiн жұмыстар туралы, әр бiр ауылдық округтер бойынша әр шаруашылықтың салық мiндеттемелерiн, зейнетақы салымдарды және әлеуметтiк төлемдерiн төлеу, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде есеп.

Өткiзiлген отырыстың қорытындысы бойынша ауданның мемлекеттiк мекемелерiнiң басшыларына, ауылдық округтерiнiң әкiмдерiне мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсетуге, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн уақытылы қарауға, қызметкерлердiн арасында мемлекеттiк қызметтердi көрсету және өтiнiштердi қарау тәртiбi бойынша қолданыстағы заңнаманы зерделеу жөнiнде оқытулар өткiзуге, өтiнiштердi түскен кезiнде «Жеке және заңды тұлғаларды қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көрсетiлген талаптарды өтiнiш берушiлерiмен сақталуын қамтамасыз етуге, ауданның мемлекеттiк кiрiстер басқармасына ауданның ұйымдары мен мекемелерiмен салық мiндеттемелерiн, зейнетақы салымдарды және әлеуметтiк төлемдерiн төлеуiне үнемi бақылауды жүзеге асыруға, басшылардың арасында салық заңнамасының бұзуына жол бермеу мақсатында ескерту жұмыстарын өткiзуге ұсынылды.

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi

2015 жылы 06 мамырда сағат 10.00 аудан әкiмдiгiнiң кiшi мәжiлiс залында Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Келесi сұрақтар қаралды: «Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша өткiзiлетiн жұмыстар және жеке мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жөнiнде жұмыстар туралы, ауданда құқық тәртiптi және жол қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша өткiзiлетiн жұмыстар туралы, әр бiр ауылдық округтер бойынша әр шаруашылықтың салық мiндеттемелерiн, зейнетақы салымдарды және әлеуметтiк төлемдерiн төлеу, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде есеп.

Өткiзiлген отырыстың қорытындысы бойынша ауданның мемлекеттiк мекемелерiнiң басшыларына, ауылдық округтерiнiң әкiмдерiне мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсетуге, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн уақытылы қарауға, қызметкерлердiн арасында мемлекеттiк қызметтердi көрсету және өтiнiштердi қарау тәртiбi бойынша қолданыстағы заңнаманы зерделеу жөнiнде оқытулар өткiзуге, өтiнiштердi түскен кезiнде «Жеке және заңды тұлғаларды қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көрсетiлген талаптарды өтiнiш берушiлерiмен сақталуын қамтамасыз етуге, ауданның мемлекеттiк кiрiстер басқармасына ауданның ұйымдары мен мекемелерiмен салық мiндеттемелерiн, зейнетақы салымдарды және әлеуметтiк төлемдерiн төлеуiне үнемi бақылауды жүзеге асыруға, басшылардың арасында салық заңнамасының бұзуына жол бермеу мақсатында ескерту жұмыстарын өткiзуге ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде қолданылатын iс-шаралар туралы ақпараттар

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы туралы ақпарат

2014 жылы 21 маусымда Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Комиссияның отырысында ауданның бiлiм мекемелерiнде сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және алдын алу бойынша бiлiм бөлiмiнiң өткiзiлетiн жұмыстары, үйлерiнде сауда жүргiзетiн тұлғаларды анықтау бойынша ауылдық округтерi әкiмдерiнiң, полицияның учаскелiк инспекторларының өткiзiлетiн жұмыстары, мемлекеттiк сатып алулар өткiзу барысында атқарушы органдарымен қабылданатын шаралар туралы сұрақтар қаралды. Көрсетiлген сұрақтар бойынша ақпараттарымен бiлiм бөлiмi басшысының мiндетiн атқарушы С. Мұстафина, ауыл шаруашылық колледжiнiң директоры С. Ташкин, ауылдық округтерiнiң әкiмдерi, полицияның учаскелiк инспекторлары, ауданның атқарушы органдарының басшылары баяндады.

Өткiзiлген отырыстың қорытындысы бойынша кәсiпкерлiк бөлiмiне және салық басқармасына бiлiм мекемелерiне өнiмдi жеткiзетiн жеке кәсiпкерлердi жеткiзетiн бағалар бойынша бiрлескен салыстырып тексеруiн өткiзуге, барлық ұйымдары мен мекемелердiң басшыларына бар бос орындар кезеңiнде жұмыссыз және нысаналы топтардағы адамдарға жұмыс беру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне өтiнiм беруге, бос орындар туралы хабарламалар беруге, салық басқармасына полицияның уачскелiк инспекторларымен спирт iшiмдiктерiн сататын және лицензиялар болуына ауданның сауда жасайтын орындары бойынша бiрлескен салыстырып тексеруiн өткiзуге ұсынылды.

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнде құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы туралы ақпарат

2014 жылы 21 маусымда Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнде құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Комиссияның отырысында айыппұлдарды өндiру бойынша сот актiлерiн орындау жөнiнде Департаментiнiң Уәлиханов аумақтық бөлiмiмен қабылданатын шаралар бойынша, пробация қызметiнiң есебiнде тұратын шарттық түрде сотталғандарына әлеуметтiк-құқық көмек мәселелерi, құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша Көктерек және Телжан ауылдық округтерi әкiмдерiмен қабылданатын шаралар туралы сұрақтар қаралды. Көрсетiлген сұрақтар бойынша ақпараттарымен сот актiлерiн орындау жөнiнде Департаментiнiң Уәлиханов аумақтық бөлiмiнiң басшысы Т.Қ. Темiржанов, Уәлиханов аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының инспекторы А.А. Сандыбаева, Көктерек және Телжан ауылдық округтерiнiң әкiмдерi С.С. Рақымов, С.Ф. Өтегенова баяндады.

Өткiзiлген отырыстың қорытындысы бойынша айыппұлдардың, қарыздарын төлемеу фактiлерiне жол бермеуге, болған фактiлер бойынша шаралар қабылдауға, тәртiптiк комиссияларда қарауға, айыппұлдардың, қарыздардың төлеуiн қамтамасыз етуге, профилактика және құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасауына жол бермеу мақсатында ауылдық округтерде шаруашылық субъектiлерiнiң, ұйымдарының басшыларымен бар өнiмнiң, жабдықтың, мүлiктiң тиiстi сақтау мен тасымалдау мәселелерi бойынша жұмыстар жүргiзуге, ауыл шаруашылық жануарлардың иелерiмен мал жаю (мал жаю жөнiнде келiсiм шарттарды мiндеттi жасау) мәселелерi, елдi мекен жерлерiнен берiлген жер учаскелердi рәсiмдеу бойынша түсiндiру жұмыстарды жүргiзуге ұсынылды.

2014 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өткiзiлетiн жұмыстар туралы ақпарат

2014 жылы 18 наурызда Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және алдын алу бойынша Уәлиханов ауданы салық басқармасының және төтенше жағдайлар жөнiндегi бөлiмнiң жұмыстары туралы сұрақтар қаралды. Көрсетiлген сұрақтар бойынша ақпараттарымен Уәлиханов ауданы бойынша салық басқармасының басшысы Әлмұрзин Ш.С., Уәлиханов ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлiмiнiң басшысы Рақымжанов Б.Е. баяндады.

Ш.С. Әлмұрзинның баяндамасында салық органдарында ҚР салық қызметiнiң даму Стратегиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Стратегиясының жүзеге асырылуы үш негiзгi бағыттар бойынша iске асырылады:

  1. Төрешiлдiк рәсiмдердi және салық төлеушiмен қызметтi алу үшiн «тездету» жолдарын iздеу қажеттiлiгiн алып тастау мақсаттында қызметтердi көрсету мерзiмдерiн сақтау;
  2. Электрондық салық қызметтердiң көбейту, салық төлеушiлерге қызмет көрсету бойынша ақпаратты қабылдау және өңдеу қазiргi Орталықтарын құру және даму жолымен салық қызметiнiң қызметкерлерiнiң салық төлеушiлерiмен байланыстарды азайту;
  3. Салық органдарының қызметкерлердiң кәсiптiлiгiн ынталандыру мақсатымен еңбек шарттарын жетiлдiру, еңбек ақысын жоғарлату және сыйлықақы беруiн икемдi жүйесiн әзiрлеу.

Бiрiншi бағыттың жұмыс нәтижелерi бойынша салық төлеушiнiң куәлiгiн екi жұмыс күнде, ЖК немесе патент — бiр күнде, жеке есеп шотынан үзiндеменi — екi жұмыс күн өткеннен кейiн алуға болады.

Екiншi бағыт бойынша бүгiнгi күнге орай жұмыс iстейтiн салық төлеушiлердiң тоқсан сегiз пайыздан аса салық органмен құжаттармен электрондық ауысуына аударылған (салық есеп беруiнiң жiберу, өз жеке есеп шоттарды қарау, хабарландыру алу).

Үшiншi бағыт бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасауына ықпал ететiн жағдайларды жою бойынша шаралар кешенi әзiрленген.

Уәлиханов ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлiмiмен ӨСБ-19 жеке құрамымен бiрлесiп тоқсан сайын сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарына жол бермеу бойынша мәжiлiстер өткiзiледi, бөлiмде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша және Уәлиханов аудандық прокуратураның сенiм телефондары, жеке және заңды тұлғалардан шағымдар мен ұсыныстар алу үшiн жәшiк бар.

Уәлиханов ауданының ӨҚҚ гарнизонында 2014 жылдың 1 жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа iс-қимыл бойынша iс-шаралардың жоспары әзiрленген. Ақпан айында салық басқармасының өкiлi қатысуымен декларацияларды тапсыру тәртiбiн түсiндiру бойынша дөңгелек үстел өтiзiлген.

Өткiзiлген отырыстың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы, мемлекеттiк қызмет туралы, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын сақтау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi зерттеу, бөлiмдердiң, ауылдық округтерiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiмен салықтарды уақытылы төлеуiне бақылау жүргiзу, мемлекеттiң табысына зиянды өндiру бойынша шараларды уақытылы қабылдауға.

2013 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өткізілетін жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігімен айқындалған жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда:

барлық атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жоспарлары әзірленген және бекітілген, көрсетілген жоспарлар «Нұрлы ел» және «Кызылту» аудандық газеттерінде жарияланған. Көрсетілген жоспарларына сәйкес барлық бөлімдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау бойынша іс-шаралар көзделген: кірістер және мүлік туралы декларацияларды жыл сайынғы тапсыруы, мемлекеттік қызметке түсу кезінде шектеулерді қабылдауы, әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына конкурстардың өткізілуі, азаматтарды жеке қабылдауы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауы, құқықтық жалпы оқу бойынша сабақтар мен семинарлардың өткізілуі. Бөлімдерде, ауылдық округтері әкімдер аппараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы жөніндегі, мемлекеттік қызметшілердің Ар намыс Кодексінің, жеке және заңды тұлғаларды қарау тәртібі туралы заңнамасы бойынша стендтер бар. Сонымен бірге мемлекеттік органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпараттарымен стендтер да орналасқан. Азаматтардың өтініштері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының бұзу фактілері бойынша арыздары мен өтініштері үшін жәшіктер орнатылған.

Мемлекеттік органдарда сенім телефондары жұмыс істеуде, аудандық газеттерінде сенім телефондар туралы тоқсан сайын хабарламалар жарияланады, сенім телефондарға түскен өтініштері жөнінде есеп журналдар бар.

Іс-шаралар Жоспарының орындалу шеңберінде дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар өткізіледі. Ағымдағы жылдың 29 мамырында дөңгелек үстел ретінде аудан әкімінің жастармен кездесуі өткізілген, қатысқандары — ауылдық окрутгтерінің әкімдері, атқарушы органдардың басшылары, мемлекеттік емес ұйымдары, жастар ұйымдар, ауыл шаруашылық колледжінің студенттері, жас ұстаздар және жұмыс істемейтіндер.

Сәуір айында 410 адамдардың қатысуымен аудандық мәдениет үйінде «Ел тағдыры — менің тағдырым!» аудандық форум өтті. Аудан әкімінің марапаттау қағазымен «Белсенді азаматтық позициясы үшін», «Шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосқан және жоғары әлеуметтік жауапкершілік үшін», «Жастардың патриоттық пен рухани тәрбиесіне, білім және ғылым дамуына үлесі үшін, жоғары әлеуметтік жауапкершілік үшін» номинацияларда 9 адам марапатталды.

13 маусымда орталық аудандық кітапханада ауданның жастарымен «Прозрение-Көз жету» ҚБ төрағасы М. Доценкомен, дін істері жөніндегі Департаментінің бас маманы Б. Омаровпен және СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің теологы Р. Садуовпен дін экстремизм мәселесі бойынша кездесуі өтті, барлығы қатысқан 50 адам.

27 тамызда «Қазақстанның Конституциясы — еліміздің бас Заңы» тақырыбына жастар және құқық қорғау органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

2013 жылдың басынан «Нұрлы ел» және «Кызылту» аудандық газеттердің беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 18 мақалалар жарияланды, «Өзіннен баста!» науқаны бойынша 6 басшы өз кірістерін жариялады.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында құқық ақпаратына қол жеткілігі үшін аудан әкімдігінің ресми сайтында «Нормативтік құқықтық актілер», «Құқық бөлімі» атты бөлімдер бар, аталған бөлімдерде заңмен бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткен актілер, құқық қорғау багытындағы өңірлік бағдарламалар, заң актілері орналасқан. Және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы бойынша түсініктемелерімен «Мемлекеттік қызмет» бөлімі бар.

Бюджеттік қаражаттарды жұмсау бойынша мемлекеттік органдарымен шешімдерді қолдану және іске асыру ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік сатып алулар веб-сайт арқылы өтеді, сайтта барлық әлеуетті өнім берушілер хабарлама мәтінімен таныса алады және конкурсқа қатысады.

Барлық нормативтік құқықтық актілер міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтеді, кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын актілер алдын ала аудандық газеттерінде жарияланады және аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелер бойынша Сараптамалық Кеңесінде келісімнен өтеді, содан сол тіркеуге жіберіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері келесі жылға бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудан әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның мәжілістерінде қаралады. Комиссия мәжілістері тоқсан сайын өткізіледі.

2013 жылдан бастап комиссияның 3 мәжілісі өтті, «Аудандық аумақтық, инспекциясымен, ветеринарлық инспекциясымен сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ауданның атқарушы органдарымен қабылданатын шаралар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша Уәлиханов ауданның жұмыспен қамту орталығының қабылданатын шаралар туралы», «Ауданның мемлекеттік кәсіпорындарымен қаржылық-шаруашылық қызметті жүргізу кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» сұрақтары қаралды.

Комиссия мәжілістерінде атқарушы органдардың барлық басшылары, ауылдық округтерінің әкімдері тыңдалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері аудан әкімдігінің мәжілістерінде қаралды. 2013 жылдан бастап «Уәлиханов ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көліктері және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша «Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қабылданатын шаралар туралы» сұрақтар қаралды.

Қаралған сұрақтар қорытындысы бойынша аудан әкімдігінің қаулылары қабылданды.

2013-2014 жылдарға арналған құқықтық жалпы оқу бойынша оқу-тематикалық жоспарлар әзірленді және бекітілді.

Жоғарыда көрсетілген жоспарларға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар намыс Кодексінің нормаларын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы» ҚР Заңдарының түсіндіру жөнінде шаралар көрсетілген.

Аудандық газеттерде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Агенттігінің Тәртіптік Кеңесінің түсініктемелері, ұсыныстары уақытылы жарияланады.

Мемлекеттік органдарда тәртіптік комиссиялар бар.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалардың мемлекеттік қызметке түсуіне тиым салынған жөнінде нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі. 2012 жылда сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды жасаған үшін 1 мемлекеттік қызметші — ауылдық округінің әкімі және 3 азаматтық қызметшілер — ауылдық мектеп директоры, «Өнер мектебі» коммуналдық кәсіпорынның директоры, «Күншуақ» бала бақшаның бухгалтері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 2013 жылдан бастап сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты жасаған үшін 1 мемлекеттік қызметші — Телжан ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы (қазіргі уақытта жұмыстан босатылды) және Көбенсай орта мектептің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

2013 жылдың тоғыз айы ішінде Уәлиханов ауданы бойынша (ауылдық әкімдері округтері аппараттары, аудан әкімдігінің бөлімдері, аудан әкімінің аппараты) әр түрлі санаттағы азаматтардан-жеке тұлғалардан барлығы 1917 өтініш-сауал түсті, олардың арасында 7-і ұжымдық қатарына жатады. Нақтылайтын болсақ, тоғыз айда 1224 өтініш және қалған 693-і өтініштердің басқадай қатарына жатады (сұраным, ұсыныстар). Түскен өтініштердің жалпы бөлігінен жоғары тұрған органдардан түскені — 8 және де 8 сұраныс жергілікті мәслихат депутаттарынан тіркелді.

Өтініштерде ең көп көтерілетін мәселе-жер мәселесі (101), еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру (718), ауыл шаруашылығы (517), тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселесі (63), 239 өтініш жеке тұлғалардан үй-жайларына су тарту мәселесімен тіркелді. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік, кәсіпкерлік, мәдени, білім саласы, сайлау мәселелері жөнінде өтініштер түскен болатын.

Есептік кезеңнің аяғына түскен өтініштер төменгідей шешілді: қанағаттандырылғаны — 1699, 204 өтінішке түсініктеме берілді, 11 өтінушінің сауалдары орындалмады және де берілген өтінімі негізінде бір өтініштің қарауы тоқтатылды.

Аудан әкімі аппаратымен жүйелі түрде ауданның мемлекеттік органдарына түскен өтініштерге талдау мен тексеріс жүргізіліп тұрады. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын орындау, сонымен бірге автоматтандырылған ақпараттық жүйе — АИС ЕУОЛ бағдарламасының мәселелері бойынша туындаған сұрақтар осы уақыт ішінде селолық, ауылдық окрутері әкімдерінің кеңестерінде, аппараттық кеңестерде, құқықтық оқыту сабақтарында ұдайы түрде қаралып тұрды. Аудан әкімдігінің мәжілістерінде ағымдағы жылы мәдениет, білім бөлімдері, Қарасу мен Кішкенекөл селолық округтері әкімдері аппараттарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында заңнама талаптарын сақтау сұрағы талқыланған болатын. Ағымдағы жылдың мамыр айында селолық, ауылдық округтері әкімдерінің қатысуымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын сақтау жөнінде семинар-кеңес өткізіліп, оның қорытындысында нақты тапсырмалар дайындалып, орындаушыларға жеткізілді.

2013 жылдың осы уақыт ішінде азаматтардың өтініштері мен хаттарымен, АИС ЕУОЛ бағдарламасының жұмысына Амангелді, Қаратерек, Қарасу, Телжан селолық округтері әкімідерінің аппараттары, ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

Бүгінгі күні ауданның мемлекеттік органдарының ғимараттарында азаматтардан түсетін өтініштер мен сынды ескертулер үшін арнайы жәшіктер орналастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2008 жылғы 21 ақпандағы № 52-25.1 хаттамасының 2 тармағы 6) тармақшасындағы берілген тапсырманы орындау мақсатымен тұрғындардан осы мәселемен түскен өтініштер үшін арнайы жәшік қойылды. Кезеңдік есептілікке көрсетілген арнайы жәшіктерге аудан тұрғындарынан арыз не ұсыныс түскен емес.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 13 бабы 1 тармағына сәйкес аудан әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы, сонымен бірге округ әкімдері, ауданның атқарушы органдарының басшыларымен кестеге орай азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қабылдау кестелері аудан әкімі аппаратында аудан әкімімен, әкімдер мен мемлекеттік органдарының басшыларымен тоқсан сайын бекітіледі.

2013 жылдың тоғыз айы ішінде жеке қабылдауларда әртүрлі сауалдармен барлығы 266 адам тіркелді.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақталуын тексеру мақсатымен ағымдағы жылы Кішкенекөл, Қарасу селолық округі әкімі аппаратында, қаржы, экономика, құрылыс, жер қатынастары, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімдерінде жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жүргізу жағдайы, өтініштерді автоматтандырылған жүйеге уақытында енгізу жұмысы қаралған болатын.

Барлық бөлімдер, округ аппараттарында тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналдары ресімделген. өтініштер автоматтандырылған жүйеге уақытында енгізіліп тұрады. Алайда өтінушілерге берілген жауаптар мезгілінде аталған жүйеге енгізілмейтіндігі анықталды, осындай бұзушылықтар Кішкенекөл селолық округі әкімінің аппаратында, құрылыс, жер қатынастары, құрылыс, қаржы бөлімдерінде анықталды.

Бөлімдер, округ аппараттарымен жоғарыда аталған Заңның жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жасау жөніндегі талабы орындалмауда. Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатымен аудандық газеттерде Заңның талаптарын орындау бойынша материалдар жарық көрмейді.

2013 жылдың 9 айы ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын орындамағандары үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес бөлімдер, округ әкімі аппаратарының 15 мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тәртіптік жазаға тартылды.

СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігімен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша 2011 жылда өткізілген жұмыстар туралы ақпарат

Уәлиханов ауданының әкімдігімен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша айқындалған жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия отырыстарында қарастырылады, комиссия жұмысының жоспары бекітілген. Комиссия отырыстары тоқсан сайын өткізіледі. Комиссия құрамына аудан прокуроры, ішкі істер бөлімінің бастығы, ҰҚК-ің, қаржы полициясының өкілдері, әділет басқармасының бастығы, қаржы бөлімінің бастығы, аудандық мәслихаттың депутаты енгізілген. Комиссия жұмысына «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қоғамдық Кеңесінің төрағасы, ауданның мемлекеттік органдарының басшылары, ауылдық, селолық округтерінің әкімдері, аумақтық бөлімшелердің бастықтары, аудандық редакцияның өкілдері қатысуда.

2011 жыл бойынша аудандық комиссияның 4 (төрт) отырысы өтті: 2011 жылдың 14 наурызында, 29 маусымында, 30 қыркүйекте, 27 желтоқсанда. Келесі сұрақтар қаралды: «2006–2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Бағдарламаны орындау туралы», «Бағынатын қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды жасау үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту және сұранысын арттыру бойынша шаралар туралы», «Жергілікті атқарушы органдарымен сыбайлас жемқорлықпен құқықтық бұзушылықтарды алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша жүргізілетін жұмыс туралы», «Коммуналдық меншікті басқару және оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру бойынша мәселелерін шешу кезіңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы», «Мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, қызметтік этикасының нормаларын сақтау туралы».

Комиссия отырыстарында ауданның атқарушы органдарының барлық басшылары тыңдалды және хаттамалық тапсырмалары берілді, олар бойынша тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері аудан әкімдігінің мәжілістерінде қаралды. 2011 жылы 24 маусымында «Амангелді және Қаратерек ауылдық округ әкімдері аппараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарының профилактикасы туралы», 2011 жылы 28 қазанда «Уәлиханов ауданының құрылыс бөлімі» ММ-де және «Кішкенекөл селолық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарының профилактикасы туралы» аудан әкімдігінің мәжілістерінде мәселелер қаралды. Қаралған мәселелердің нәтижелері бойынша аудан әкімідігінің қаулылары қабылданған.

2011–2012 оқу жылдарға арналған оқу-тематикалық (мемлекеттік органдарының басшыларына, ауданның селолық округтерінің әкімдеріне арналған) құқықтық жалпы оқу жоспары, 2011–2012 оқу жылдарға арналған оқу-тематикалық (аудан әкімінің аппараттың қызметкерлеріне арналған) құқықтық жалпы оқу жоспары әзірленді және бекітілген.

Жоғарыда көрсетілген жоспарлаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар намыс Кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының түсіндіру бойынша іс шаралар көрсетілген.

Аудан әкімінің аппаратында, селолық округтерде және атқарушы органдарында тәртіптік комиссиялар жұмыс істеуде.

Барлық кадрлық тағайындаулардың мониторингі әрдайым қамтамасыз етіледі. Атқарушы органдардың басшылары құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тәртіптік кеңесінің ақпараттары мен ұйғарымдарына дер кезінде назар аударады. Аудандық газеттерде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тәртіптік кеңесінің түсініктемелері, ұсыныстары уақытында басылып тұрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Комиссияның 2008 жылғы 21, ақпандағы № 52–25.1 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында әкімдік ғимаратында азаматтардың Комиссияға өтініштерін беру үшін жәшік орналастырылған. Жәшіктің ашылуы апта сайын жүргізіледі. Көрсетілген жәшік арқылы өтініштер түспеген.

Аудан әкімінің атына жазбалық өтініштер үшін жәшігі бар. 2011 жылы бойынша жәшік арқылы өтініштер түспеген.

«Мемлекетттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке түсу барысында сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға тыйым салатын нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңы 13 бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкімімен, оның орынбасарларымен, аппарат басшысымен қабылдау кестесі бойынша азаматтардың және заңды тұлғалардың өкілдерінің жеке қабылдауы жүргізіледі. Азматтардың қабылдау кестесі тоқсан сайын бекітіледі. Азматтардың қабылдау кестесіауданның ресми сайтында орналастырылған. Сонымен қатар аудан әкімінің аппараты бойынша азаматтардың өтініштері жөнінде талдау жарияланған.

Мемлекеттік органдарында мемлекеттік органның басшының немесе ауылдық округінің әкімінің атына өтініштерді қабылдау үшін жәшіктер орналасқан.

Ауылдық, селолық округтерінің әкімдерімен, атқарушы органдарының басшыларымен азаматтарды және заңды тұлғаларды қабылдау бойынша жоспарлық жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметшілермен (аппарат, жергілікті атқарушы органдарының басшылары) сыбайлас жемқорлық заңнамасы және мемлекеттік қызмет заңнамасының сақталуы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жеке істерінде арнаулы тексерістен өту туралы, шектеулілерді қабылдау туралы, антты қабылдау туралы, ақапраттар бар.

2011 жылы бойынша құқықтық жалпы оқу бойынша 24 семинар өткізілген, олардың арасында 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және мемлекеттік қызмет бойынша, 3 ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар намыс Кодексінің нормаларын сақтау жөнінде, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша 1 семинар, қуқық бұзушылықтар профилактикасы туралы заңнамасын түсіндіру бойынша 1 семинар өткізілді.

Мемлекеттік органдарының интернет ресурстарын жұмыс істеу мақсатында аудан әкімінің ресми сайты ашылған, сайтта «Мемлекеттік қызмет», «Құқықтық бөлім», ауданның барлық өткізілген шаралар, мәжілістер, кездесулер жарияланатын жаңалықтар лентасы бар.

Әкімдіктің бөлімдері тауарлардың, жұмыстарының және қызметтерінің мемлекеттік сатып алуларды веб портал арқылы өткізеді.

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігінің 2010 жылғы 02, ақпандағы № 14 қаулысы бойынша атқарушы органдарының және ауылдық (селолық) округтерінің әкімдер аппаратының ережелеріне, оған қоса коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының жарғыларына басшыларының міндеттеріне қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақталуы үшін дербес жауапкершілік жүктелді.

02.03.2017 10:17

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика