Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Экономика || Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері

Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері


Аудан экономикасына салынған инвестицияның көлемi 1 млрд. 698 млн. теңгенi құрады.

Инвестиция құрылымында ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделi жөндеуге 32%, техника мен жабдықты сатып алудың үлесi 64%, басқа капитал 4% -ды құрайды. Инвестициялық қызмет кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiктi және қарыз қаражаты есебiнен жүзеге асырылды.

Уәлиханов ауданы — Солтүстiк Қазақстан облысының аграрлық аймағы, облыстың аумағы — 1 292 709 мың га, 321, 223 мың гектар аумақта егiстiк алқаптары, 735,914 мың гектар алқаптары, негiзгi дақылдары — дәндi және майлы дақылдар, сондай-ақ мал шаруашылығы үшiн жайылым аумақтары бар.

Игерiлмеген аумақтар бар.Уалиханов облысының табиғи байлығы саздауыштар, саз және сазды тастар, әк (Золотая Нива, Кызылтус), тұз (Теке Теке, Жақсүзез кен орны, Жамантау), құм силикаты (Чеховское) сияқты пайдалы қазбалардан тұрады. Аудан аумағындағы өзен-көлдер: Сiлетi теңiзi, Теке, Саржан, Қондыбай және басқа да үлкен және шағын су қоймалары. Аудан орталығынан оңтүстiкке қарай Аққұдық ауылының аумағында жерасты тұщы суларының көзi Есдәулет ойысы орналасқан.

Аймақта iрi су қорларын ескере отырып, ауыз суды өндiру, құю, сақтау және жеткiзу мүмкiн. Бүгiнде ауыз су нарығы Қазақстандағы ең тез дамып келе жатқан тұтынушылық нарықтарының бiрi болып табылады. Су iшуге және тамақ дайындауға және сусындарға арналған.

260 шаршы метрден астам айналы алаңы бар «Теке».көлiнде қатты сортаң сутегi сульфидiнiң айтарлықтай қорлары бар. Текке көлiмен «Evraz Development Group» ЖШС (артемия) және «Жақсы Туз» ЖШС (ас тұзы) келiсiм шартқа отырған.




Уәлиханов ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының аграрлық өңiрi болып табылады, ауданда 235,9 мың га егiстiк алқаптары бар, негiзiнен дәндi және майлы дақылдар себіледi, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға арналған жайылымдық жерлерi бар.

Бүгінгі күні ауданда игерiлмеген тыңайған жерлер де бар.

Уәлиханов ауданының табиғи ресурстарында сары балшық, сары балшықты жыныстар, әк тас (а. Золотая Нива, а. Қарашілік), ас тұзы (Теке теңiзi), силикат құмы (а. Ақбұлақ), жер жарып шыққан жыныстар (гранит) (а. Аққұдық) пайдалы қазбалар бар.

Аудан аумағында балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін Сiлетi теңiзi, Теке, Саржан, Қондыбай өзен-көлдер және басқа да үлкен және шағын су қойма желісі дамыған. Аудан орталығынан оңтүстiкке қарай Аққұдық ауылының аумағында жерасты тұщы суларының көзi Есдәулет ойысы орналасқан.

Су айдынының ауданы 260 шаршы км астам Теке теңiзiнде жоғары тұзды күкiрттi сутек тұнбасының айтарлықтай қоры бар.

Жоғарыда айтылған ресурстарының болуына орай және Уәлиханов ауданының кең аумағына байланысты ауданда шағын элеваторлар, мал азығын даярлайтын өндірісі, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту үшiн бордақылау алаңдарын салу, жылыжай шаруашылықтарды және ашық топырақта тамшылатып суару әдiсiн қолдана отырып, көкөнiс дақылдарын өсiру қажеттiгi туындап отыр.

Қазiргi кезде Ақбұлақ ауылдық округiнiң аумағында құрылыс тасын (фракциялық қиыршық тас) өндiретiн екi кәсiпорын жұмыс iстеуде, олардың негiзiнде Кiшкенекөл ауылында құрылыс материалдарын, атап айтқанда темiр-бетонды бұйымдар және асфальтты-бетон зауытын ашу мүмкiндiгi бар. Темiр жолы мен Көкшетау-Омбы транзиттiк автожолына байланған өнеркәсiп аймағы бар, онда ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдейтiн (терi өңдеу, сүт өңдеу, мал соятын цех және тағы да басқа өндіріс) объектiлерді ашуға болады.

Уәлиханов және көршiлес Ақжар аудандарының құрылыс тасын тасымалдаудағы экспорттық әлеуетi Кiшкенекөл ауылының аумағында қосымша автожанармай құю станцияларын ашуды талап етедi.

«Бизнестiң 2020 - жол картасы» бағдарламасы бойынша да, сондай-ақ мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк бағдарламасы бойынша Теке теңiзiнiң тұзды күкiрттi сутек тұнбасының негiзiнде саз-балшықпен емдеу сауықтыру нысандарын салу, сондай-ақ ауданның су ресурстарында балық шаруашылығын және туристiк кластердi дамыту мүмкiндiгi зор.

«Уәлиханов ауданы Кiшкенекөл ауылының 78 га аумағында суару жүйелерiн қолдана отырып картоп және сәбiз өндiру» инвестициялық жобасын iске асыруға мүмкіндік бар, бұл жоба 2014 жылғы 28 қарашада Петропавл қаласында өткен «Kyzylzhar invest» инвестициялық форумында ұсынылған болатын.

22.05.2017

Уәлиханов ауданында инвестициялық жобалар

«Жақсы Тұз Петропавл» ЖШС

«Жақсы тұз Петропавл» ЖШС 2003 жылы ас тұзының кен орны «Жақсы Тұз» көлінде геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін ұйымдастырылған (Қайрат ауылдық округі, аумағы-674,1 га). 2008 жылдың 12 наурызындағы №71 контрактісі бойынша жер қойнауын пайдалануына құқығын алды. 2009 жылы ас тұзын өндіруге кірісті.

Ас тұзын өңдеу және дайын өнімнен ас тұзын орап шығару, техникалық тұзды және мал шаруашылығында қолданылатын «Лизунец» тұзын дайындау зауытын салуы белгіленген. Жоба 2017-2019 жылдарға арналған өңірдің кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізілген. Жобаның құны 1 млрд. 200 млн.теңге. 85 жұмыс орнын құру жоспарлануда, өндіріс көлемін жылына 1 млрд. 500 млн.теңге соммасына 80 мың тонна өнімді өңдеу.

«Жапаров» ЖК

Жеке кәсіпкер Жапаров Қайрат Бекетұлы, пластикалық есік терезе және кермелі төбелер цехын ашу, темір бетон өнімдерін шығаратын шағын орталық жобасын жүзеге асыруда, жоба құны 16,0 млн. теңге.

Ғимарат қазіргі кезде өз қаражатымен жөнделген, екінші деңгейлі банк келісім берсе, жоба ағымдағы жылдың соңына дейін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

«Бахыт» ФҚ Искаков Ерлан Қосманұлы

«Бахыт» фермерлік қожалығы «Ауыл шаруашылығы қаржылық қолдау қоры» АҚ 6 млн. теңге көлемінде несие алды. Қазіргі кезде салқындатқыш танкері және басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды. Жұмыс ағымдағы жылдың маусым айынан басталады. Жылына 2 тонна сүт қабылдау жоспарлануда.

22.05.2017

Аудандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2017 жылдың қаңтар – сәуір айларына 454,4 млн. теңгені құрады немесе 2016 жылдың тиісінші кезеңіне 194,8 % (2016 жылдың қаңтар – сәуіріне 233,2 млн. теңге). Нақты көлем индексі 185,5%. Ауданның үлесі облыстық көлемінде 1,4 % құрайды.

2017 жылы инвестиция жоспары 4000,0 млн. теңге. Нақты көлем индексі 117,9 %.

Негізгі капиталға инвестициялар құрылымы 454,4 млн.теңге сомасын құрайды: ғимараттардың құрылыс жұмыстары және күрделі жөндеулері - 25,4 млн. теңгені құрайды, көлік, жабдықтар, құрал-саймандар – 157,7 млн. теңге, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар – 271,3 млн. теңге.

Бөлім басшысы Ж.Хасенов

18.09.2017 16:44

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика