Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудан әкiмiнiң 2010 жылғы есептi баяндамасы

Уәлиханов ауданының әкімі е.б.уәхитовтың аудан тұрғындары алдындағы есебі

Құрметті уәлихановтықтар!

Қадірлі жерлестер!

Өткен 2009 жыл еліміз бен ауданымыздың өміріндегі маңызды оқиғалармен атап өтілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздіктің 18 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы өзінің құттықтау сөзінде республиканың осы жылдар ішіндегі дамуының негізгі қорытындыларын түйіндеді. Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткендей: «Біз қазақстандық мемлекеттілікті нығайтып, халық бірлігін сақтай алдық, өскелең жаңғырту стратегиясын іске асырып, осы заманғы нарық экономикасын құра алдық. Біз көп арналы сыртқы саясаттың негізін қалап, сөздің ең кең мағынасындағы интеграцияны басты мемлекеттік басымдықтардың бірі деп жарияладық».

Атап көрсету қажет, 18 жыл бұрын республикамыз тек тәуелсіздікті ғана алған жоқ, сонымен бірге Тұңғыш Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында әлемдегі жедел дамып жатқан мемлекеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің он сегізінші жылы күрделі болды.

Еліміз соңғы 70–80 жылдағы ең терең жаһандық қаржы дағдарысының ықпалын бастан кешіріп отыр. Қабылданған дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында Қазақстан бүкіл әлем үшін осы ауыр жылды экономикадағы оң нәтижелермен аяқтағалы отыр. Бұл — үлкен жеңіс.

Біздің Тәуелсіздігіміздің барлық осынау жетістіктерінің шарықтау тәжі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы болып отыр. Өзінің бүкіл сан ғасырлық тарихында қазақ халқы әлемдік қоғамдастықтың назарын қазір болып отырғандай жоғары-деңгейде өзіне аудартқан емес. Қазақстан дербес мемлекет ретінде пайда болған кезден бері ол әлі осындайлық жоғары-деңгейдегі танымға ешқашан ие болмаған еді. Бұл біздің аса көрнекті ізгі жетістігіміз. Бұл — біздің жас мемлекеттілігіміздің айқын табысы, бұл — әлем кіндігіне қуатты секіріс.

Осының барлығы Қазақстан экономикасының мүмкіндігін, біздің стратегиялық жоспарларымыздың ойлылығы мен оларды орындаудың дұрыстығын білдіреді, өткені, біз қашанда проблемаларға емес, мүмкіндіктерге арқа сүйедік. Өткен он жыл ішінде біз Тәуелсіздік табыстарын қорғаудың аса жоғары-деңгейін, сонымен бір мезгілде экономикамыз бен қоғам бостандығының аса жоғары-деңгейін қамтамасыз еттік.

* * *

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес биыл алтыншы рет өткізіліп отырған барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулері еліміздің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру үдерісінің маңызды элементі ғана емес. Олар атқарушы органдардың шын мәніндегі емтиханы болып табылады, себебі, кез келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселелерін тұрғындар нақ сонда қозғайды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев талап етіп отырған атқарушы биліктің жауапкершілігін және есеп беруге міндеттілігін арттыруға ықпал жасайтын оның тұрғындармен ашық сұхбаты болып табылады.

2009 жылдың қаңтар айында бекітілген кестеге сәйкес ауданда 41 есептік кездесу өткізілді, соның ішінде мен 11 есептік кездесуді аудандық бөлімдер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қатысуымен өткіздім, 30 есептік кездесуді селолық округ әкімдері өткізді.

Жедел шешуін талап ететін көптеген мәселелер осы кездесулерде көрініс берді, ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. Қозғалған әрбір мәселе бойынша селолық округтердің әкімдеріне, тиісті қызмет басшыларына тапсырмалар берілді, оларды орындау жөнінде шаралар әзірленді.

Бұрынғы және қазіргі есепті кездесулердің тәжірибесі көрсеткеніндей, жергілікті жердегі атқарушы билік азаматтардың өзекті мәселелеріне Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауында алға қойылған міндеттер тұрғысынан қарап, оларды шешуге көбірек көңіл бөлуде.

* * *

2009 жылы маңызды міндеттердің бірі ауданның экономикалық әлеуетін арттыру, әлеуметтік саласын дамыту, олардың негізінде — тұрғындардың өмір сапасын жақсарту болды.

Ауданымызда 2009–2010 жылдары ауданның экономикасы мен қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, бекітілді. Экономиканы тұрақтандыру жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар әзірлеу оның негізгі міндеті болып табылады. «2009–2010 жылдары Уәлиханов ауданының экономикасы мен қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспары» жасалды.

Жоспардың мақсаты әлеуметтік-экономикалық ахуалға жаһандық қаржы дағдарысының теріс ықпалын әлсірету және экономика мен қаржы рыногын тұрақтандыру үшін қажетті негізді қамтамасыз ету болып отыр. Жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде аудан экономикасының өсім қарқыны сақталады және қаржы секторының тиімділігі арттырылады деп күтілуде.

Аграрлық сектордың дамуы

Аграрлық сектордың даму-деңгейі әркезде-де біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының айқындаушы фокторы болып қала береді.

Бүгінгі күні ауданның агроөнеркәсiптiк кешенiнің жағдайы өндiрістiң тиiмдiлiгiнің өсімімен, ауылда қаржы қызмет рыногының дамуымен, ауыл тұрғындарының өмір сапасының жақсаруымен сипатталады.

2009 жылдың қорытындылары бойынша жалпы өнімнің көлемі 12,6 млрд. теңге, яғни көрсеткіштің көлемі 160% деңгейде болады деп күтілуде.

2009 жылы астық өнiмдiлiгi 15,7 ц/га болып, 378,7 мың тонна астық алынды. 2008 жылға қарағанда 62,7 пайызға артық. Барлық егiс көлемi 257,8 мың га, оның iшiнде астық дақылдары — 241,2 мың га, майлы дақылдар — 16,7 мың га.

2009 жылдың егiс көлемi құрлымында астық дақылдарының салмағы 93,5 пайызға құрады.

Химиялық өңдеуден арамшөпке қарсы 149,8 мың га, ауруларға қарсы 50,6 мың га, зиянкестерге қарсы 117,3 мың га жер өткізілді.

Ағымдағы жылы «Қызылту Нан АФ» ЖШС лизинг арқылы 6 «Джондир» жоғары өндiру жаткасын сатып алды, келер жылда техниканы жаңарту жұмысы жалғастырылады.

Бүгiнгi күнi жоғары өндiру комбайндары 378 дана, жоғары өндiру жатка саны — 224 дана, трактор- 488 дана, жүк автомобилi- 252 дана, егiс кешендерi — 62 дана, шашыратқыш — 38 дана. Егiс көлемiнiң 70 пайызын осы егiс техникаларымен жүргiзiлдi. Негiзгi техника жаңарту жұмыстарын «Қызылту Нан АФ», «Қызылту Астық», «Ар», «Ақтүесай жер», «Агролизинг Қызылту» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерi және «Бекбаев» шаруа қожалығы айналысады.

Аудан бойынша ауыл шаруашылық малдарын өсіру үшін 47 шағын фермалар ұйымдастырылған, соның ішінде ірі қара малды өсіретін-16, ұсақ қара малды өсіретін-23 және 8 жылқы өсіретін шағын фермалар бар.

Ағымдағы жылы аудан бойынша ірі қара мал саны 2008 жылға қарағанда 6,7 пайызға өсті, соның ішінде ірі қара мал басы 23,1 мыңды құрады, қой-18,5 пайызға (25,4 мың бас), ешкі-0,5 пайызға (1,5 мың бас), жылқы-19,4 пайызға (10,7 мың бас), шошқа-1,5 пайызға (1 мың бас), құстар-108,6 пайызға (68,7 мың бас) ұлғайтылды.

2009 жылдың қортындылары бойынша ет тірі салмақта 4,7 мың тонна немесе 104,4 пайыз, сүт — 39 мың тонна (104,6%), жұмыртқа — 4,5 млн. дана (125%) өндірілді.

Ауданда мал шаруашылығын дамыту бойынша әрі қарай жұмыстың басты бағыты ірі қара мал және жылқы өсіруді жалғастыру, мал өсірумен айналысатын шағын фермаларды көбейту, ауыл шаруашылық малдардың өнімділігін көтеру мақсатында жем-шөп базасын құру болады.

Бүгінде біздің алдымызда түбегейлі жаңа, одан да жоғары міндеттер тұр.

Ең алдымен, қосымша тыңайған жерлердің есебінен қолда бар егістік алқаптарды ұлғайту;

Кәсіпорындарды осы заманғы жабдықтармен жарақтандыру, жаңа технологияларды енгізу;

Саланың техникалық және технологиялық қайта жарақтандырылуының қарқынын әрі қарай жалғастыру;

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға 120 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі қиын кезде осындай қуатты қолдау бізді бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ұлғайтуға, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттейді.

Индустриялық-инновациялық даму

Облыс әкімдігінің 2006 жылғы 26 қазандағы № 266 қаулысымен 2007–2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының индусриялық-инновациялық даму Бағдарламасы және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданған еді.

Аталған Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ауданымызда өнеркәсіптің даму жолында оңтайлы жағдайлар жасауға және тиімділігі жоғары индустрия саласын қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар атқарылуда.

2009 жылдың қорытындылары бойынша ауданда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 134,7 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіптік өнімнің физикалық көлемінің индексі өткен жылғыға қарағанда 135,6%.

Тағам өнімдерін өндірумен ауданда 14 кәсіпорын айналасады, соның ішінде 1 диірмен, 13 шағын наубайхана.

2009 жылы негізгі капитал бойынша инвестициялар 897,2 млн. теңге көлемінде игеріліп, өткен жылғымен салыстырғанда 31,6% құрайды деп көзделіп отыр.

2010 жылы өнеркәсіпті дамыту саласында көзделіп отырғаны:

Дамудың одан әрі тұрақты сипатын сақтау және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

өнеркәсіп өнімдерінің өндіру өсімінің тұрақты қарқынын 2009 жылғы-деңгейден төмендетпеуді қамтамасыз ету;

өнеркәсіп кәсіпорындарының перспективалық инновациялық жобаларды жүзеге асыру.

Тұрғын үй құрылысы және құрылыс индустриясы

2009 жылы ауданның аумағында 4593 кв. метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылдың осы кезеңінен 28,2% артық.

Кішкенекөл селосындағы жатақхананы 30 пәтерлі тұрғын үйге қайта жаңғырту құрылыс объектісі пайдалануға берілді. Қаржы республикалық бюджеттен 2008 жылы — 77,7 млн. теңге көлемінде бөлінген.

Осы қайта жаңғыртылған тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы аяқталды. Бұл мақсатқа 20,7 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Аудан орталығының көше жарығы электр әуе желісінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұған 1388 мың теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, Қулыкөл ауылдық округінің Береке селосында жалпы сомасы 194,1 млн. теңгеге 80 орынға арналған мектеп салынды, Кішкенекөл селосында «Есіл ТЭК» жанармай құятын станция (жекеменшік құрылыс) ашылды, «Айым» дәмханасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2010 жылға жоспарланып отырғаны:

  • электр жүйелерін, яғни көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғастырылады.
  • «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Мектеп-гимназия, Чехов селолық клубында, Кішкенекөл селосындағы мәдениет үйінде және-де№ 16 кәсіптік лицейдің жатақханасында күрделі жөндеу жұмыстары атқарылады деп көзделіп отыр.

     

«Ауыз су» бағадарламасын жүзеге асыру

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету — бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Су құбырлары жүйесін дамыту және қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша Кішкенекөл селосында су айдайтын мұнара қайта жаңғыртылды, 8,5 км қашықтықтағы тармақталған су желісінің (2-кезені) құрылысы аяқталып, 39 су бағаналары орнатылды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен — 85150 мың теңге бөлінді, 83350 мың теңге игерілді. Жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 1800 мың теңге жұмсалды, оның ішінде — 300 мың теңге су айдайтын мұнарасын техникалық зерттеуге жұмсалды.

Амангелді және Золотая Нива селоларындағы локальді сумен қамту көздеріне сервистік қызмет көрсетуіне 968 мың теңге қаржы бөлінді.

2010 жылы сумен қамту және су құбырлары жүйелерін дамыту бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын таба отыра, Кішкенекөл селосында 15 км қашықтықта су құбыры 140,4 млн. теңгеге тартылып, Аққұдық селосында 43,9 млн. теңге сомасына локальді сумен қамту құрылысы іске асырылатын болады.

Ауданның көлік-коммуникация кешенінің дамуы

Автокөлік жолдар жүйесін дамыту және жақсарту ауқымды қаражатты талап ететін маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып саналады.

2009 жылы аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу мен ұстауға 54,1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. КТ-100 «Көктерек-Тоспа-Жасқайрат-Қайрат» автожолдар учаскелерінде 16–26 км-нде орташа жөндеу жүргізілді, сонымен қатар ауданда Жол картасы бойынша аудандық маңызы бар автожолдарды, ағымдағы жөндеуге 35,4 млн. теңге бағытталды.

2010 жылға «Жол картасы» бойынша көше-жол жүйесін жөндеуіне 10 млн.теңге қарастырылып отыр.

Ауданда тұрғындардың жолаушы тасымалына деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін 6 автобус бағыты жұмыс істеуде.

Ауданды сәулеттендіру және жасылдандыруға 6,3 млн.теңге бөлінді. Селолық округтердің әкімдері, ұымдар мен кәсіпорындар басшылары санитарлық тазалау және жеке аймақтарды абаттандыру, жарнамалық қалқандарды жөндеу, ағаштар, гүлдерді отырғызу және гүлзарларды жасау, селолық округтердің шекараларын безендіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 64 жыл толуына орай аудан бойынша қайырымдылық сенбіліктер өткізілді.

Кішкенекөл селосында өткізілген сенбіліктен жиналған қаржыға ауған соғысында қаза тапқан жауынгер-жерлестерімізге арналған естелік тас орнатылды.

2008 — 2009 жылдары туған балаларға арналған «Жас өркен» акциясы өткізілді, 43 баланың ата-аналары және еңбек ұжымдардың басшылары акцияға қатысты. 54 қайың ағаштар мен 43 қарағайлар отырғызылды. Дәл осындай акциялар тоғыз елді- мекенде-де өтті.

А.Қазымбетов атындағы аудандық орталық стадионында сырлау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығындағы 4 билбордтың баннерлері жаңартылды, әр селолық округте Елбасының Жолдауына арналған билбордттар орнатылды.

2009 жылдың 1 қаңтарына Уәлиханов аудандық телекоммуникация торабының — «Қазақтелеком» АҚ-ы филиалының мақсатты жұмыс жүргізуінің нәтижесінде 488 телефон нөмірі орнатылды. Бүгінгі күнге ауданда негізгі телефон аппаратарының жалпы саны 4002 бірлік болды.

Қазіргі уақытта селолық елді-мекендердің 99 пайызы телефондандырылды.

Үстіміздегі жылы селолық жерлердегі байланыс қызметін кеңейтуге одан әрі көңіл бөлінетін болады, сол үшін бюджеттен қажетті қаржы бөлінеді.

Шағын және орта бизнестің дамуы

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты көрсеткіштері кәсіпкерлік саласына да оң ықпалын тигізді. Кәсіпкерлік құрылымдар экономикамыздың дамуына, өндіріс саласының жетілдірілуіне, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешуге, қызмет көрсету аясын кеңейтуге және бәсекелестік орта қалыптастыруға ауқымды әсерін тигізіп отыр.

2010 жылдың 1 қаңтарына Уәлиханов ауданы бойынша шағын кәсіпкерліктің 541 субъектісі тіркелген. Соның ішінде 492-сі жұмыс істеуде, бұл тіркелгендердің 91 пайызын құрап отыр.

Қызмет атқарып жүргендерден заңды тұлғалар саны — 32, шаруа қожалықтары — 169 және жеке кәсіпкерлер саны -291 құрайды.

2009 жылы шағын кәсіпкерлік саласында 39 объектілер ашылды, соның ішінде: 9 сауда орындары (Қаратерек селолық округінде-1, Қулыкөл селолық округінде -2, Кішкенекөл селосында-6), Көктерек селолық округінде — 1 шаштараз, 5 шағын наубайханалар (Кішкенекөл, Телжан, Қаратерек, Көктерек және Бидайық селолық округтерінде) және-де бірқатар басқадай объектілер іске қосылды. «Сарбасов» ЖК өз қаржылары есебінен техникалық қызмет көрсету станциясы құрылысын аяқтады, «Көкшетауоблгаз» фирмасының газбен жабдықтау станциясы пайдалануға берілді.

Бүгінгі күнге аудан бойынша келесі инфрақұрылым объектілері жұмыс істеуде: 1 базар, 7 дәріханалар, 8 техникалық қызмет көрсету станциялары, 2 жанар-жағар май станциялары, 30 автөкөліктерге қызмет көрсету орындары, 3 жиһаз жөндеу пункттері, 4 қонақ үй, 1 тұрмыстық техниканы, радио және телеаппаратураны жөндеу орыны, 20 шаштараз, 4 фотосалон, 5 киім және аяқ киім тігу мен жөндеу пункттері, 200 сауда орныдары, 16 қоғамдық тамақтандыру орындары-(асхана, дәмхана мен мейрамханалар), 13 шағын наубайханалар.

Екі жоба («Мұсайбекова» жеке кәсіпкерімен техникалық қызмет көрсету станциясы және «Темирбекова» жеке кәсіпкерімен мал сою пункті) СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына бөлінген бюджеттік қаржы есебінен несие алу үшін ұсынылған болатын. Бүгінгі күнге «Мұсайбекова» жеке кәсіпкер жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясын кеңейтуге несие алды.

Сонымен бірге, «Арынов» жеке кәсіпкердің дүкені және көкөніс сақтайтын қойманың пайдалануға берілуі күтілуде.

2010 жылы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның қаржылық қатысуымен шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.

Аудан бюджеті

Ауданның 2009 жылғы бюджеті барлық өлшемдері бойынша экономиканың серпінді дамуына сай болды. Аграрлық кешенде, өнеркәсіпте, тұрғын үй құрылысында, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізумен бірге, біз жергілікті бюджетке аударылатын өз табыстарымыздың да нақты өсіміне қол жеткіздік.

Атқарылған жұмыстың тиімділігінің көрсеткіші 2010 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің жоспарланған түсімдері 104% орындалды. Жоспарланған 254843,0 мың теңгенің орнына нақты түскені 269006,9 мың тенге, асыра орындалғаны -11163,9 мың теңге сомаға, соның ішінде облыстық бюджет -118146,1 мың теңге немесе 101%, аудандық бюджет -150860,8 мың теңге немесе 107% пайызға, асыра орындалғаны -9448,8 мың теңге.

2010 жылдың 1 қаңтарына шығындар бойынша бюджеттік орындалуы 99,95% құрады. Жоспар бойынша 1412616,5 мың теңге, орындалғаны 1411978,0 мың теңге.

Әлеуметтік бағдарламаларды қосымша қаржыландыру мақсатында, ағымдағы жылы бюджетке болжамды салықтар мен басқа міндетті төлемдердің түсімін орындау және оның болжамды түсімді орындау сапасын көтеру жөніндегі жұмыс жалғасады.

Қаржылық қызмет көрсету саласының дамуы

Ауданда жылдың басынан 12 шағын кредиттік ұйымдар барлық ірі елді-мекендерде құрылды. Қазіргі кезде 16 шағын кредиттік ұйымдар және 1 селолық несиелік серіктестік жұмыс істейді. 2009 жылы олармен 81400 мың тенге сомасында несиелер берілді, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 24400 мың теңгеге немесе 42,8% артық, соның ішінде селолық несиелік серіктестік — көктемгі-егін салу және күзгі жинау жұмыстарына жалпы сома 80,2 млн. теңге немесе өткен жылдың деңгейінен 79% артық несие берді, шағын кредиттік ұйымдар тұтынушылық мақсаттарға 1200 мың теңге көлемінде несие бөлді.

Пластикалық карточкалармен пайдаланушылардың өсуіне байланысты және клиенттерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында «Халық банк» филиалымен аудан орталығында банкомат орнатылды.

Қаржы саласындағы жұмыс қаржы секторын тұрақтандыруға, кредиттік салымдар көлемін сақтауға, ауылдардағы шағын кредиттік ұйымдары жүйесін дамытуға және олардың қорларын толықтырып отыруға бағытталатын болады.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі — макроэкономикалық тұрақтылықты сақтаумен, экономиканы жетілдірумен бірге қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып саналады.

Халықтың аз қамтылған жіктерінің лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында ауданымызда «2008–2010 жылдарға тұрғындарды жұмыспен қамту», «2009–2011 жылдарға мүгедектерді оңалту» және «Жол картасы» бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Аудан бойыша 2009 жылдың басынан бері 1173 немесе 119% (жоспар — 987) жұмыссыз адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмыс орнына 884 адам, жалпы еңбекпен қамтылғанның 75% құрады.

Жұмыссыздықпен күресудің бірден -бір шарасы — жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады. Өткен жылы 444 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарланған, барлығы 526 жұмыс орны ашылды, жоспарланған тапсырма 118% орындалды.

2009 жылы еңбек нарығындағы қажетті кәсіптер бойынша 45 жұмыссыз адам кәсіби даярлау курстарында оқып келді. Бұл мақсатта 2,045 млн.теңге қаржы жұмсалды.

Өткен жылы тіркеуде тұрған жұмыссыздардың саны азайды. 2009 жылдың 1 қаңтарында 149 жұмыссыз есепте тұрса, өткен жылы олардың саны 5 адамға азайып, 144 адамды құрады, аудан тұрғындарының экономикалық белсенділері санының 1,1% құрады.

Ауданымызда 116 кәсіпорын бар. Олардың өтініштері бойынша 889 бос орынға 2009 жылы 821 жұмыссыз еңбекпен қамтылып немесе жұмыс берушінің өтінішінен 92,3% орындалды.

Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін тоғыстыруға қол жеткізу үшін аудан кәсіпорындарында ұжымдық келісімдер жасау жөнінде жұмыстар жүргізілді.

Ауданда 116 ұжымдық шарттар жасалды, жұмыс істеп тұрған барлық кәсіпорынның 100 пайызы.

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылады.

Аз қамтылған азаматтар саны 920 адамды құрайды, 180 адамға азайтылды. Кедейшілік-деңгейі 4,5% құрады.

Мемлекеттік атаулы көмек 1389 адамға (393 отбасына) жалпы сомасы 17097,0 мың.теңгеге көрсетілді.

Ана мен баланы қолдау шаралары ерекше маңызға ие болып отыр. 2009 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған 1042 отбасы (2468 бала) 27748,0 мың теңгеге жәрдемақы алды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп және оқытып отырған 5 отбасыға жалпы көлемі 147,6 мың теңгенің көлемінде көмек көрсетілді.

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдануда.

Бүгінгі күні 85 көмекке зәру жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетілуде. 6 әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндіктері шектеулі 9 балаға жәрдемдесуде.

Протезді-ортопедиялық бұйымдарды қажет ететін 2 мүгедекке «Петропавл протезді-ортопедиялық орталықта» протездер салынды. 16 мүгедек санаторлық-курорттық емдеуден өтті. 27 мүгедек арнайы гигиеналық құралдармен 1882,0 мың.теңгеге толықтай қамтылды.

Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге-де әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан бюджетінен қаражат бөлінген, 1 студентке 206,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Мүгедектер мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің (12 адам) монша мен шаштаразға тегін баруын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек ретінде аудан бюджетінен 64,8 мың.теңге бөлініп, игерілді.

Оған қоса 12 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің коммуналдық қызмет, ақысын төлеу үшін 836,7 мың.теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Аудан аумағында аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне жеңілдетілген бағамен сататын 2 әлеуметтік дүкен және 1 әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді.

Ауданның селолық округтерінің қатысуымен апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аудан тұрғындарына елеулі қолдау көрсетуде, бұнда негізгі азық-түліктер нарық бағасынан арзанға сатылуда.

Көшіп келген оралман отбасыларын қабылдау, оларды тұрғын үймен және еңбекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табуда.

Облыстық көші-қон және демография басқармасымен 2009 жылы ауданға 45 оралман отбасы жіберілді.

2009 жылы ауданға 13 адамнан тұратын 4 оралман отбасы Ресейден, 8 адамнан тұратын 1 оралман отбасы Монғолиядан келді. 1 отбасы, Ақтүйесай селолық округінің Күзексай селосында, екі отбасы Қаратерек селолық округінің Қаратерек селосында, екі отбасы Кішкенекөл селосында тұрады.

Жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілетті органға 2 оралман өтініш жасап, екеуіде жұмыспен қамтылды. Екі оралман еңбекке өздері орналасып, екеуі қосалқы шаруашылықпен айналасуда.

4 оралман отбасына тұрғын үй сатып алу үшін қаржылай көмек көрсетілді.

Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту жөніндегі жүргізілетін жұмыстар шүбәсіз жалғасын таба береді. Аудан тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған бұл сұрақтардың шешімі ауданың барлық мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты міндеті болып табылады. Көшіп келген оралмандарды орналастыру, оларды жұмысқа орналастыру үшін барлық қажетті жағдай жасау жұмыстары да әрі қарай жалғастырылады.

«Жол карта» бағдарламасының іске асырылуы

Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы бар жоспарларға және ел алдына қойылған мақсаттарға мұқият қарауға, елге қиын жағдайлардан табысты өтуге және дағдарыстан кейінгі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін сақтауға түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін іс-шаралардың Жалпыұлттық жоспары қабылданды. Оның іске асырылуы экономиканы ары қарай жаңғыртудың жаңа жоспарын және еңбекпен қамту стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.

Осы Жоспар аясында Қазақстан Республикасының Үкіметімен Үкіметтің 2009 жылға арналған Іс-қимыл жоспары «Жол картасы» бекітілді.

«Жол картасы», ең біріншіден, аймақтық жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыруға, кадрларды қайта даярлауға және дағдарыстан кейінгі тұрақты даму үшін жағдай жасауға бағытталды.

Өткен жылы «Жол картасы» ауданның атқарушы органдарының жұмысындағы басты бағдары болды.

Қаржы тәртібі қатал бақылауға алынды. Аудан бюджетін оңтайландыру бойынша жұмыс атқарылды, басты емес шығындар азайтылды.

Бұдан босатылған 6408,0 мың теңге көлеміндегі қаржы Жол картасын бірлесе қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Жол картасы бағдарламасы бойынша жалпы құны 146 млн теңге болатын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында 242 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп, еңбек биржасы арқылы жұмыссыз адамдар тартылды.

Жөндеу жұмыстары жүргізілген барлық нысандар бойынша конкурстар өткізіліп, мердігер кәсіпорындармен келісім-шарт жасалып, олар жұмысты қарқынды атқарды:

1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жөндеу және қайта құруға бөлінгені — 12997,0 мың теңге, атап айтса, насостық станциясының күрделі жөнделуіне — 4999,0 мың теңге, кәріз станциялардың күрделі жөнделуіне — 2999,0 мың теңге, су құбырлары желілерінің күрделі жөнделуіне — 4997,0 мың теңге. Жолдардың ағымдық жөндеуіне және ұсталуына 59030,0 мың теңге бөлінді.

2. Мектептердің жөнделуіне 61236,0 мың теңге бөлінді:

  • Кішкенекөл № 2 орта мектебі бойынша қаржы көлемі — 22800,0 мың теңге;
  • Әуезов орта мектебі — қаржы көлемі — 18156,0 мың теңге;
  • Қайрат орта мектебі — қаржы көлемі — 20280,0 мың теңге.

3. Денсаулық сақтау объектілерін жөндеу — қаржы көлемі 6089,0 мың теңгені құрады.

4. Мәдени нысандарының жөндеуіне -6645,0 мың теңге бөлінді, олар:

  • Қулыкөл селолық клубы бойынша келісімнің жалпы көлемі — 4245,5 мың теңге.
  • Чехов селолық клубы бойынша ресімделген келісімнің жалпы көлемі — 2400,0 мың теңге.

Бүгінгі күнге Жол картасының 7 жобасы аяқталып, 213 адам жұмыстан босатылып, 201 адам тұрақты жұмыс орындарына қайта орналастырылды. № 16 кәсіптік лицейге қайта даярлаудан өтуге 7 адам жіберілді.

Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту дағдарысқа қарсы картасы әзірленіп, ауданда халықты жұмыспен қамту бойынша нақты міндеттер белгіленді. Жұмысты қажет ететін тұрғындар тобы анықталып, барлығы 1301 адам болды, соның ішінде 266 адам мақсатты топтар арасынан (жұмыстан босатылғандар, оқу орындарының түлектері және оралмандар).

Ауданда әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыруға мақсатты трасферттер бойынша бөлінген 12,3 млн.теңге көлеміндегі қаржы 182 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді, соның ішінде 40 жұмысссыз адам 12 кәсіпорындарда әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орнындағы мерзімі аяқталғаннан соң 33 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты.

Жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында 2009 жылы алғашқы рет жастар тәжірибесі енгізілді. Жастар тәжірибесі жоғары оқу орындарының, колледждердің, кәсіптік лицейлердің түлектеріне қосымша мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады. Мемлекет жергілікті бюджет қаржысының есебінен жастар тәжірибесіне қатысушы оқу орындары түлектерінің 100% жалақысын төлейді.

Оны жүзеге асыру аясында өткен жылы 142 жас мамандар үшін ауданның 62 мекемесі мен кәсіпорындарындажастар тәжірибесіне тартылды.

Аймақтық жұмыспен қамту стратегиясы кадрларды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталған. Бұл мақсатта мемлекеттік кәсіптік оқыту жүйесінде кәсіптік оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктері толығымен пайдаланылды.

Бұл бағытта 115 адамды оқыту жоспарланып, бөлінген қаржының жалпы көлемі -11324,0 мың теңгені құрады.

«Жол картасы» бойынша жұмыссыздарды қайта даярлау орталығы болып № 16 кәсіптік лицей бекітіліп, онда «Аспазшы» мамандығы бойынша 39 жұмыссыз адам оқып шықты, олардың барлығы жұмысқа орналастырылды. Тағы 25 адам «газбен дәнекерлеуші» сияқты ауыл үшін тапшы мамандық бойынша оқу үстінде.

2010 жылы «Жол карта» бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғастырылмақ. 131 жаңа жұмыс орнының ашылуымен 5 жобаның іске асырылуы жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржы көлемі 105,8 млн. теңгені құрап отыр, соның ішінде республикалық бюджет — 62,9 млн. теңге, жергілікті бюджет — 42,9 млн. теңге. Келесі жұмыстар атқарылады:

1. Мектеп-гимназияның күрделі жөндеуі-38 млн.теңгеге, 43 жаңа жұмыс орын құрылады;

2. № 16 кәсіптік лицейдің жатақханасының күрделі жөндеуі — 41,7 млн.теңгеге, 47 жаңа жұмыс орны ашылмақ;

3. Мәдениет үйінің күрделі жөндеуі — 9,7 млн.теңгеге, 13 жаңа жұмыс орны ашылады;

4. Чехов селолық клубының күрделі жөндеуі — 6,3 млн.теңгеге, 9 жұмыс орны болады;

5. көше-жол жүйесінің жөндеуі — 10,0 млн.теңгеге, 19 жаңа жұмыс орны құрылады.

Әлеуметтік-мәдени саланың дамуы

Білім беру

Аудан бойынша 28 күндізгі жалпы білімдік мектеп жұмыс істейді, олардың ішінде 26-сы шағын комплектілі. 18 мектеп оқуды толық мемлекеттік тілде жүргізеді.

Сонымен бірге, ауданда өнер мектебі, балаларға арналған спорт мектебі, 4 мектеп жанындағы интернат, 2 балабақша және 6шағын орталықтар жұмыс істеуде.

Кадрлардың алғашқы кәсіби даярлықты кәсіптік лицей жүзеге асырады. Оқушылардың саны «Жол картасы» бағдарламасы бойынша тобымен бірге 182 адамды құрайды.

Аудан экономика саласына бастапқы кәсіптік кадрларды дайындауды № 16 кәсіптік лицей жүзеге асырады. Балалардың саны «Жол картасы» бағдарламасы бойынша тобымен бірге 182 адамды құрайды.

Оқушылар санының азаюына байланысты Амангелді, Қарашілік орта мектептері негізгі мектептерге, Малқара негізгі мектеп бастауыш мектебіне ауыстырылды. Кішкенекөл № 1, Әуезов орта мектебінде орналасқан интернат жабылды.

2009 жылы балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі орындар ашылды: Әуезов ОМ-де 50 орындық шағын орталық, Чехов ОМ, М.Жұмабаев атындағы ОМ-де күні толық емес әрбіреуінде 25 орындық шағын орталықтары, 2 балабақшада жалпы 50 балаға арналған 2 топ ашылды. Барлығы 150 орын құрылды. Бүгінгі күнде балабақша мен шағын орталықтарда мектепке дейінгі тәрбиелеумен 459 бала қамтылған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша орташа балл-78,1 құрады, 2008 жылмен салыстырғанда 1,6 балға төмен (79,7). Екі түлек «Алтын белгі» иегерлері, төрт түлек үздік аттестат иегерлері атанды. Жалпы 28 оқушы 100-ден жоғары балл алды.

Өткен жылы оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 8039,0 мың теңге бөлінді.

Білім объектілерінің күрделі жөндеуіне 85339 мың теңге бөлініп, Әуезов, Кішкенекөл № 2, Қайрат, Бидайық орта мектептерінде және № 16 кәсіптік лицейдің қоғамдық-тұрмыстық кешенінде күрделі жөндеулер жүргізілді.

Білім саласындағы мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Көбенсай және Чехов орта мектептеріне 2 мультимедиялық кабинеттер, № 2 Кішкенекөл орта мектебіне және мектеп-гимназияға 2 биология кабинеттері, 22 компьютер алынды.

Ауданда оқыту мен тәрбие берудің денсаулыққа зиян келтірмеу бағдарламасын енгізуге ерекше назар аударылады. Аз қамтылған отбасылардың балаларын (759 оқушыларға) ыстық тамақпен қамтамасыз етуге-7337,2 мың теңге, сауықтыру алаңына-1752,0 мың теңге, мектепке арналған сүт бағдарламасына — 1791,8 мың теңге бөлінді.

Мектептерде ыстық тамақ ұйымдастыру үшін 19 орта мектепке өндірістік тоңазытқыштар және электр плиталар 3040,0 мың теңгеге алынды.

Жазғы демалыс кезенінде оқып жүрген жастарды еңбек және дем алу лагерлерін ұйымдастыру арқылы еңбекке және әлеуметтік өмірге тарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Телжан селолық округіндегі Көбенсай орта мектебінде ауданның аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына, жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балалар үшін жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылып, бұл лагерде жазғы уақытта 120 бала сауықтырылды. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 1 млн.363 мың теңге жұмсалды. Және 28 мектепте сауықтыру алаңдары жұмыс істеп, 489 мың теңгеге ыстық тамақ ұйымдастырылды. Бұл алаңдарда 1700 оқушы сауықтырылды. Тегін жолдамамен 100 бала, Ақмола облысындағы «Арман» лагеріне, 20 бала Павлодар облысындағы «Лесная сказка» лагеріне барып қайтты.

Елбасының тапсырмасына сәйкес 2010 жылы білім беру саласында балалардың мектепке дейінгі мекемелері жүйесін дамыту әрі қарай жылжи береді. Сонымен бірге, мектептердің жөндеу, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен тамақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.

Денсаулық сақтау

Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 10 емдеу-профилактикалық ұйымдар көрсетеді, олардың ішінде, 1 аудандық орталық аурухана, 1 туберкулезге қарсы диспансер, 8 дәрігерлік амбулаториялар, 19 медициналық пунктер жұмыс істейді.

Бүгінгі күні 22 дәрігер мен 130 медициналық қызметкерлер жұмыс істейді, дәрігер мамандарымен қамтамасыз етілу — 10 мың халық санына шаққанда 9,4 құрайды (СҚО бойынша 22,8), медициналық қызметкерлермен қамтамаыз етілу 10 мың халық санына шаққанда аудан бойынша -55,7 (облыс бойынша 82,4). Бүгінгі күнге ауданға 17 дәрігер жетіспейді.

2009 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 2008 жылмен салыстырғанда келесі үрдістер байқалады:

  • тұрғындардың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1,2 есеге төмендетілді;
  • ана өлімі тіркелмеді;
  • туберкулезбен ауыратындардың саны 1,03 есеге азайтылды.

2009 жылы денсаулық сақтау саласына 258 млн теңге бөлінді, республикалық бюджет қаражатынан 1,8 млн теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарына 24939 мың тенге қарастырылды. Оның ішінде 8533 мың теңге инфекциялық бөлімшесінің күрделі жөндеуін, аудандық орталық аурухананың қазандығының жөндеуіне-3697 мың теңге, Қулыкөл бөлімшесінің жөндеуіне 7229 мың теңге және «Жол картасы» арқылы Актүйесай дәрігерлік амбулаториясының жөнделуіне 5480 мың теңге.

2010 жылдың 1 қаңтарына ауданның денсаулық сақтау мекемелері объектілерін телефонмен қамтылуы 92,6% құрайды, 27 емдеу-алдын алу ұйымдарының ішінде 25-сі телефонмен қамтамасыз етілген. Халық саны аз 2 Қарамұрза және Жуантөбе селоларында медициналық пункттері ғана телефонмен қамтылмаған.

Дәрігерлік амбулаториялар бойынша автокөлікпен қамтамасыз етілуі 100% құрайды. Технико-экономикалық көрсеткіштер бағдарламасының деректері бойынша медициналық техника мен құрал-жабдықтармен жабдықтандыру орталық аудандық аурухана бойынша 67,55%, дәрігерлік амбулаториялар-21,74% және медициналық пункттер бойынша -31,40% құрап отыр.

Мәдениет

Ауданның мәдениет мекемелерінің саны 25 нысанды құрайды: аудандық мәдениет үйі, Кулыкөл селолық мәдениет үйі, 4 мемлекеттік және 5 жекеменшік клубтар, 14 мемлекеттік кітапхана, сонымен ішінде, аудандық орталық кітапхана, балалар кітапханасы және 12 селолық кітапхана.

2009 жылдың тамыз айында Қарасу және Қаратерек селолық округтерінде кітапханалар ашылды.

Аудан кітапханаларының жалпы кітап қоры 106 мың дана, соның ішінде мемлекеттік тілде 37 мыңнан астам дананы құрайды. 2009 жылы мемлекеттік тапсырыспен 1926 жаңа кітап түсті.

Жылдың басынан барлығы 1846 мәдени шаралар өткізіліп, онда 35610 адам қатысты. (2008 жылы 1231 іс-шаралар өткізілді, онда 27123 адам қатысты).

Кітапханаларға баратын оқырмандардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 700 адамға ұлғайып, 8751 адамды құрады.

Ауданымыз мәдени демалу мекемелердің жүйесін сақтағаны, халық шығармашылығын дамытқаны және «Ең үздік ауылдық мәдениет мекемесі» облыстық байқауға белсенді қатысып, ІІІ орынды алғаны үшін диплом және, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Барлығы 13 облыстық байқауға қатысып, аудан көркемөнерпаздары 6 жүлделі орындарға ие болды.

Ауданда іс қағаздар толығымен мемлекеттік тілде жүргізіледі. Барлық мекемелер қазіргі заманға сай компьютерлік техникамен жабдықталған. Онда түрлі сөздіктер, аудару — оқыту бағдарламалар бар. Жыл басынан лексика саласынан 4 түрлі, қазақша — орысша, түсіндірмелі, экономикалық сөздіктер таратылды.

Жыл бойы барлығы 13 аудандық мемлекеттік және-де басқа тілдерді насихаттайтын сайыс өткізіліп, жеңімпаздар облысқа бақтарын сынап екеуі — ІІ орын, екеуі — ІІІ орындарға ие болып, дипломдар мен сыйлықтармен оралды.

23 қазанда өткен аудандық мәслихат сессиясында, Аққұдық, Бидайық, Күрлеуіт селоларының орысша атау транскрипциясы өзгертілді. Облыстық ономастикалық комиссиясына Бидайық, Қаратерек және Қарасу селолық округтерін ауылдық округтерге аудару туралы ұсыныс берілді.

Спорт

2009 жылы дене тәрбиесі және спорт бөліміне спорттық іс шараларға 1 млн. 980 теңге қаржы бөлінді: облыстық іс-шараларға қатысу үшін 1 млн. 445 мың теңге, аудандық іс-шаралардың өткізілуіне 535 мың теңге.

Жыл басынан бері біздің аудан 23 облыстық спорттық іс-шараларына қатысты.

Аудан бойынша 46 спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, онда 5123 адам қатысты.

Ауданда 91 спорттық объектілер жұмыс істейді: олар, 3 стадион, 10 атқыш тир, 25 спорттық зал, 1 ипподром, 49 жазықтық құрылғылар және 2 қоса салынған спорттық залдар.

Аудандық «Солтүстік-2009» қысқы ауыл спорт ойындарының өткізілуіне байланысты Көктерек селолық округінде Мортық селосында демеушілердің қаржысынан хоккей корты салынды.

Қыс уақытына аудан бойынша 5 корт және 6 сырғанақтар құйылды.

2009 жылы Телжан селолық округінде және Қулыкөл ауылдық округінде спорт бойынша әдіскерлер енгізілді.

Тұрғындарымыздың арасында салауатты өмір салтын нығайту мақсатында алдымызда тұрғындардың түрлі топтары үшін қолжетімді жарыстар санын көбейту және спорттық алағдарды арттыру міндеті тұр.

Құқық тәртібін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне сөз арнай отырып, қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек және-де осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін-де істеу керек деп атап өтті.

Аудан аумағындағы оперативтік жағдай соңғы жылдары тұрақты болып келеді. Бірақ, атап көрсету қажет, 2008 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыс санының көбейтілуі байқалып отыр. Қылмысты ашу алдыңғы жылғыдан 1,9% артық. Жол-көлік оқиғалары 1 оқиғаға артып отыр.

Бүгінгі күнге аудандық ішкі істер бөлімінің штаттық саны 71 бірлікті құрайды, жетіспеушілік — 3 бірлік. Бөлімді материалдық-техникалық жабдықтау саласында өртке қарсы сигнал беру қоңдырғылары және видеобақылау жүйесі орнатылды. Ғимараттың 1 қабаты жөндеуден өткізілді.

Қылмыстың тиімді алдын алуында белсенді әкімшілік тәжірибе рөл атқарады. Республикалық және облыстық оперативті-алдын алу шаралары аясында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында кең ауқымды рейдттік шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

Халықты және азаматтық қоғам институттарын құқық қорғау қызметіне тарту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда.

Ауданда қоғамдық тәртіптің жағдайын зерттеу үшін түнгі рейдтер жасау тәжірибеге енгізілді.

Ерекше назар сауда орындарында кәмелет жасына толмағандарға және үлкендерге 23.00-ден кейін спирттік ішімдіктерді сату фактілерін анықтауға бөлінеді.

Біздің полицейлеріміз қаншалықты құқықтық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, соншалықты ауданымыздың әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығымыз әрі қарай дамуын табады.

Электрондық әкімдік құру туралы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының сыбайлас жемқорлықа қарсы өткізілген форумында сөйлеген сөзінде құрылатын «электрондық Үкіметтің" басты міндеті-бұл мемлекеттік қызмет көрсеткенде азаматтардың шенеуніктермен жеке кездесуін болдырмау екенін атап көрсетті.

Ауданда «электрондық әкімдікті» құру бағдарламасы іске қосылған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетуге тез-де сапалы қол жеткізілуін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.

Электрондық ақпараттық қызмет қоғамдық пайдалану қосындары мен мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы көрсетіледі. Аудан орталығында және селолық округтерде қоғамдық пайдалануға арналған 3 қосын орнатылған.

Ауданның ресми сайты ұдайы сүйемелденеді, азаматтардың өтініштері бойынша виртуалды қабылдау жұмыс істейді.

Электронды құжат айналымы жүйесі кеңінен енгізілуде, ол, ең алдымен, қағаз құжаттар айналымын барынша қысқартуға, ұйымдарда құжаттар, ағысын басқаруға кететін шығындарды қысқарту есебінен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Саяси тұрақтылық, қақтығыстардың жоқтығы елде жүргізіліп жатқан саясаттың маңызды қорытындыларының бірі екендігін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев талай мәрте айтқан болатын.

Аудандық әкімдіктің ішкі саясат саласындағы бүкіл жұмысы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін кеңінен насихаттау негізінде ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, биліктің беделін одан әрі нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауы, оның 2009 жылғы 15 мамырдағы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 12 съезінде, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөздері ауданда қоғамдық-саяси жағдайға ықпал етудің идеологиялық негізі болып келді.

Ауданда, ақпараттық-насихаттау жұмыстарының барлық кешені аудандық «Ел тынысы» және «Шұғыла» газеттерінде, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және өткізу, көрнекі үгіт, ақпараттар арқылы жүргізілді және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы Стратегиясын жүзеге асыру жөнінде қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттерді түсіндіруге бағытталды.

35, ақпараттық-насихат тобы белсенді жұмыс істеді. Олар 515-тен астам әр түрлі шара өткізіп, онда 15 мыңнан артық адамды қамтыды.

Азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп ВИЧ/СПИД-тің, нашақорлықтың алдын алуға, еріктілерді даярлауға, қоршаған ортаны, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар жүзеге асырылды.

Діни экстремизм идеяларын таратуға жол бермеу жөніндегі жұмыстар діни конфессиялардың өкілдерімен тығыз байланыста жүргізілді. Аудандағы діни жағдай тұрақты.

Өңірлік жастар бағдарламасын жүзеге асыру аясында қоғамдық-саяси шаралар, акциялар, фестивальдар мен форумдар өткізілді.

Мен тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік топтары өкілдерімен — аудандық мәслихат депутаттарымен, ардагерлермен және жастармен, кәсіпкерлермен және журналистермен, мәдениет қызметкерлерімен, спортшылармен, үкіметтік емес ұйымдардың және ұлттық-мәдени орталықтардың басшыларымен кездесулер өткіздім. Бұл кездесулер аудан тұрғындарының көңіл-күйі жақсарғанын көрсетіп берді. Ал бұл — олардың тұрмыс-деңгейі жақсарып келе жатқанының айқын көрсеткіші.

Уәлихановтықтар біздің қоғамдағы азаматтық татулықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді ерекше бағалайды және Елбасының әлеуметтік және саяси тұрақтылықты нығайту жөніндегі айқын да сындарлы саясатын қолдайды.

Қазір біз кең ауқымды демократиялық өзгерістер жолындамыз, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, өкілетті органдардың құқықтарын кеңейту, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру сол өзгерістердің құрамдас бөлігі болып табылады.

Экономиканың өсімі және инвесторлармен, экономиканың нақты секторынмен сындарлы қарым-қатынасты реттеу есебінен әлеуметтік міндеттерді шешуде бізде әрдайым жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Біз адами әлеуеті тек парасаттылық, кәсіби жағынан ғана жоғары емес, сонымен бірге іске, ауданға берілгендігімен ерекшеленетін ауданда тұрамыз.

Бұл факторлар Қазақстан Президенті біздің алдымызға ауданның әр тұрғынының әл-ауқатын арттыру бойынша қойып отырған міндеттерді шешу жолында өте маңызды болып табылады.

* * *

Сөз соңында, тағы да атап көрсету қажет, аяқталған 2009 жылдың біз қол жеткізген қорытындысы баршамыздың бірлескен күш-жігеріміздің, барлық деңгейдегі әкімдердің іскерлік қызметінің және тұрғындардың біздің бастамаларымызды қолдауының нәтижесі болып табылады. Біз мұнымен аудан алдында тұрған алдағы және, ағымдағы міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі өзіміздің болашақ жұмысымыз үшін жақсы негіз қаладық.

Алға қойылып отырған жоспарлардың іске асырылуы ауданның атқарушы органдарының оперативті, айқын және белсенді жұмысына тәуелді.

Ел дамуының жаңа кезеңінің табыстары көп ретте біздің іс-қимылымыз бен қабылдаған шешімдерімізге байланысты болады.

Қойылған мақсаттардың бәріне қол жеткізуге болады! Біз барлық қиындықтарды еңсеретінімізге және Қазақстанымызды күшті, өркенді және әлемде құрметтелетін мемлекетке айналдыратынымызға сенімдімін!

Мақаланың шыққан күні: 08.11.2017 17:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2017 17:28

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+