Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудан әкімінің баяндамасы

Уәлиханов ауданының әкiмi А.Ж. Төрегелдиннiң 2016 жылдың I жартыжылдығы бойынша есебi

Құрметтi жерлестер!

Биылғы жылы бiз, барлық қазақстандықтар үшiн аса маңызды мереке  — Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын атап өтудемiз. Бұл — жай ғана мереке емес, бұл — бiздiң ата-бабамыздың бостандық жайлы үмiтi мен арманы.

Бүгiнде ынтымақтастық, күш-жiгер және Отанға деген махаббат құндылықтары ғана дамыған, мықты және бейбiт Қазақстанның құрылуына мүмкiндiк туғызды.

Егемендi елiмiздiң 25 жылдығында бiздiң мемлекетiмiз әлемнiң дамыған 50 елдiң қатарына ендi, «Қазақстан-2030» стратегиясын алдын ала орындады, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Соңғы екi онжылдықта Қазақстан қарқынды даму арқылы экономикалық, әлеуметтiк және қоғамдық-саяси салаларда үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Және бүгiн барлық қазақстандықтар өз елiн мақтан тұтады, қазiргiге және болашаққа сенiммен қарайды.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» атты Жолдауында Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексi көрсеткiшi бойынша Қазақстан әлемде 42-шi орынға ие болды, бизнес үшiн барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердiң әлемдiк рейтингiнде Қазақстан 41-шi позицияны иелендi. Сөзсiз, Қазақстанның тәуелсiз тарихындағы негiзгi кезеңi Дүниежүзiлiк Сауда ұйымына мүшелiк етуi болды. Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше болу елiмiздiң экономикасын дамытудағы жаңа жолы болады. Қазақстан шетелдiк инвесторлар үшiн бұрынғыдан да тартымды болып, жаңа өндiрiстер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкiндiктер туады. Елiмiздегi осы және басқа да жетiстiктердi бiз Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың жүргiзген саясатының жемiсi деп бiлемiз.

Тәуелсiздiк жылдары мемлекеттегiдей бiз елiмiзде жасалынған барлық мүмкiндiктердi пайдаланып, аудан экономикасының барлық салалары бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткiздiк. Бiздiң ауданда тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесi оңтайлы шешiлiп, бүгiнде 94% құрады. Барлық тұрғындардың күшiмен аудан орталығында 500 адамдық жаңа мешiт салдық. «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы арқылы 2 жаңа мектеп Қайрат және Қулыкөл ауылдық округтерiнде бой көтердi. Аудан аумағында көптеген жобалар жүзеге асты, оның iшiнде 393 бас АҚШ-тан «Ангус» тұқымды мал сатып алынып, оларға 400 басқа арналған ферма-репродуктор салынды. «Ар» ЖШС-нiң 307 млн теңгеге сыйымдылығы 11 мың тонна болатын шағын элеватор iске қосылды. Биылғы жылы ауданымызда тағы бiр жоба — «Северная Нива» ЖШС сыйымдылығы 30 мың тонна болатын элеватор жүзеге асты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы — саяси қайта құрулар мен экономикалық реформалар аясында өтiп жатыр. Мәселе «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың биылғы жылдың басталуында болып отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл елiмiздi, қоғамымызды, экономикамызды дамытуға бағытталған 80-нен аса жаңа заңдар.

Бүгiнгi уақыт — бiздiң елiмiздiң даму жолындағы экономикалық, әлеуметтiк және рухани тұрғыдан үлкен өзгерiстер уақыты, және әрбiреуiмiздiң парызымыз осы мiндетке өзiндiк үлес қосу болуы қажет.

***

Бүгiнде ауданымызда Мемлекет басшысы белгiлеген мiндеттердi жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстар жасалынып келедi. 2016 жылдың басынан бастап тұрғындардың әлеуметтiк жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты төмендету және мемлекеттiк мiндеттемелердi толық түрде өтеу жұмыстары орындалуда.

Әлеуметтiк мәселелердiң шешiлуiмен аймақтағы саяси-қоғамдық жағдай тұрақты болатыны баршамызға мәлiм. Сондықтан ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң негiзгi басымдылығы болып табылады.

Тұрғындар саны 16921 адам немесе жалпы облыс халқының 3% құрады. 2015 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда — 121 адамға азайды (2015 жылы — 17042 адам). 2016 жылы қаңтар-мамыр айларында барлығы 198 адам келдi, кеткенi 268 адам, көшi-қон айырымы  — -70 адам.

Ауданда әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерiн ұлғайту бойынша жүйелi жұмыстар атқарылды, осыған орай 2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша дамудың оң динамикасы байқалады.

Ауыл шаруашылық

Агроөнеркәсiптiк кешен аудан экономикасының негiзгi саласы болып табылады.

Аграрлық саладағы жетiстiктер, ең алдымен саланы қолдау бойынша Елбасының мемлекеттiк саясаты және мемлекет тарапынан жасалынған қолайлы жағдайлардың арқасында жүзеге асты.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнiмнiң көлемi 2 млрд 920 млн. теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңiнен 150,6% құрады.

Жалпы егiстiк көлемi 246,6 мың га, соның iшiнде: дәндi дақылдар -180 мың га, майлы дақылдар көлемi — 25,3 мың га, мал азық дақылдары — 40,6 мың га.

137 мың га жерде химиялық тазалау жүргiзiлдi немесе ол жоспардың 115,4% құрайды (жоспар 119 мың га).

Егiннiң өнiмдiлiгiн арттыру және жердiң құнарлығын көтеру мақсатында 7,1 мың га жерде 350 тонна минералды тыңайтқыштар егiлдi.

Ауыл шаруашылық саласының дамуы үшiн қуатты мемлекеттiк көмек көрсетiлiп келедi. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша тыңайтқыштар құнын арзандатуға бөлiнген субсидия көлемi 47,1 млн. теңгенi құраса, 1,9 млн теңгеге бiрiншi дәнiнiң репродукциясы мен бiрiншi буындағы гибридтер сатып алу үшiн субсидия алуға өтiнiш жiберiлдi.

Машина-трактор паркiн жаңарту iсi де жалғасуда, жылдың басынан ауданға 103 млн теңгеге 11 техника сатып алынды.

Мал шаруашылығы

Агроөнеркәсiптiк кешенiнiң негiзгi құраушылардың бiрi — мал шаруашылығы болып табылады.

Мал шаруашылығына арналған фермалар мен кешендердi құру, жемшөп базасын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерiн қамтитын мал шаруашылығын дамыту мақсатында агроқұрылым басшыларымен қажеттi жұмыстар жасалынуда.

Жалпы жасалынған жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда iрi қара мал санының 3,6% артуына алып келдi (2015 ж. — 34,4 мың бас, 2016 ж. — 35,6 мың бас), соның iшiнде сиырлар 4,8%-ға (2015 ж. — 14,4 мың бас, 2016 ж — 15 мың бас), жылқы 3,4%-ға (2015 ж. — 17,5 мың бас, 2016 ж — 16,9 мың бас), қой мен ешкi 2,7%-ға (2015 ж — 43,2 мың бас, 2016 ж. — 44,4 мың бас), құстар 0,6%-ға артты (2015 ж — 87,6 мың бас, 2016 ж. — 88,1 мың бас).

Нәтижесiнде тiрi салмақтағы мал мен құс етiн өндiруi 1 мың 203 тонна құрады немесе өткен жылдың сәйкес мерзiмiнен 6,6%-ға артты, сүт өндiру — 5,4%-ға артты немесе 17 мың 599 тонна құрады, жұмыртқа өндiруi — 1429,3 мың дана немесе 2015 жылмен салыстырғанда 2%-ға артты.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және өнiмдiлiгiн арттыру үшiн 75 млн. 524 мың теңгеге мемлекеттiк субсидия төлендi.

Ауданда «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекеттiк бағдарламалары табысты жүзеге асырылуда. Осылайша, «Сыбаға» бағдарлама бойынша 2016 жылдың жоспары — 207 бас iрi қара мал сатып алу болса, бүгiнде «Керей» шаруа қожалығының 71 бас малға өтiнiшi мақұлданды, оның 68-i төлдейтiн мал тұқымды және 3 бұқа. Сонымен қатар осы бағдарламаға «Кемель» фермерлiк шаруашылығы 50 бас мал және «Тұлпар-2014» фермерлiк шаруашылығы — 100 бас мал алуға жоспарлап отыр.

«Құлан» бағдарлама бойынша жоспар -128 бас жылқы, бағдарлама бойынша «Ақбота» шаруа қожалығының 36 млн.теңгеге 128 басқа арналған өтiнiшi мақұлдады. «Unite- Инвест» ЖШС 197 бас төлдейтiн малға және 20 бас бұзау алуға өтiнiшi мақұлданды. Сонымен қатар аталмыш бағдарламаға «Жолдасбай-Агро» фермерлiк шаруашығы 300 бас жылқы алу жоспарлаған.

«Алтын асық» бағдарлама бойынша жоспар 532 бас қой, бұл бағдарламаға «Қанағат» шаруа қожалығы, «Елдар» фремерлiк шаруашылығы 170 бас және «Айдана» шаруа қожалығы 200 бас алу жоспарда бар.

Өнеркәсiп

Өнеркәсiп саласын дамыту ауданда бәсекеге қабiлеттi индустрияны қалыптастыру үшiн жағдай жасауға бағытталған кешендi шаралар арқасында жүзеге асырылып келедi.

2016 жылғы қаңтар-маусым айларында өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 274,7 млн.теңгенi құрады, ол 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 107,7% құрады (2015 жылғы қаңтар-маусым айлары — 255,0 млн.теңге).

Ауданда өндеу өнеркәсiбiнде «Қызылту ұн үктiру комбинаты» ЖШС ұн өндiрiсiмен және 13 шағын — наубайхана нан өндiрiсiмен айналысады.

2016 жылғы қаңтар-маусым айларында өндеу өнеркәсiбiнiң көлемi 202,8 млн. теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 135,6% құрады (2015 ж. қаңтар-маусым айлары — 149,6 млн. теңге).

Ауданның кен өндiрiсiнде фракциялық қиыршық тас өндiрiсiмен екi ЖШС– «Қызылту тас» және «СевКазТас», ал тұз өндiрiсiмен — «Жақсы Тұз Петропавл» ЖШС айналысады. Сонымен қатар Қайрат ауылдық округiнде металлдық емес кеңдi өңдеуге және молайтуға арналған «Семiзбай U» ЖШС филиалы ашылды. Мұнда 70 адамға дейiн жұмыс орындары құрылған.

2016 жылғы қаңтар-маусым айларында кен өндiру өнеркәсiбiнiң көлемi 2,8 млн. теңге құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңiңе 9,5% құрады (2015 ж. қаңтар-маусым айлары — 29,4 млн. теңге). Физикалық көлем индексi 3,4%. Физикалық көлем индексiнiң төмендеу себептерi: «Жақсы Тұз Петропавл» ЖШС басқа облысқа қайта тiркеуiн өттi, «Қызылту тас» ЖШС келiсiм-шарттар болмауынан есептердi «0» тапсырады, «Семiзбай U» ЖШС филиалы есептердi «0» тапсырады.

Тұрғын үй құрылысы

2016 жылы тұрғын үйлердi iске қосу 2200 м2 жоспарланған.

Жыл басынан 1364 м2 көлемiмен 7 үй тұрғындардың қаражаты есебiнен эксплуатацияға енгiзiлдi, 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 68,7% құрады.

2016 жылғы кантар-маусым айларында құрылыс жұмысының көлемi 361,0 млн.теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңiнен 4,5 есе артты (2015 ж. қаңтар-маусым айларында — 80,810 млн. теңге).

Кiшкенекөл а. Жамбыл көшесiндегi 18 — пәтерлi тұрғын үй құрылысына жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзiрленген. 18 — пәтерлi тұрғын үй құрылысына 245 млн. 815,3 мың теңге қаражат қажет.

Кiшкенекөл а. Бейбiтшiлiк көшесiндегi 18 — пәтерлi тұрғын үйдi қайта жаңғыртуына және қалпына келтiруiне жобалық-сметалық құжаттама әзiрленген, оған барлығы 178 млн.теңге қаражат қажет.

Кiшкенекөл а. Абай көшесiндегi салынып бiтпеген 16- пәтерлi тұрғын үйдiң инженерлiк инфрақұрылымдармен бiрге қайта жаңғыртуына және қалпына келтiруiне жобалық-сметалық құжаттама әзiрленуде. Қажеттi қаражат сомасы — 175 млн. теңгенi құрады.

«Дене шынықтыру-сауықтыру кешенi» үшiн жобалық-сметалық құжаттама және мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы бар. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысына 186 млн. 756 мың теңге қажет.

Абылай хан көшесiндегi шағын наубайханаға (Приль Л. ЖК ) әуе электр жүйесiнiң құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзiрленген, сметалық құны 7 млн 942 мың теңгенi құрады.

«Ауылдық елдi мекендердiң Басты жоспарларын әзiрлеу» Бағдарламасы бойынша Ақбұлақ, Бидайық, Құлыкөл ауылдарының оңайлатылған басты жоспарларын әзiрлеуiне 2 млн 730 мың теңге сомасы қаражат бөлiндi, Кiшкенекөл ауылының егжей — тегжейлi Жоспарының әзiрлеуiне — 500 мың теңге бөлiндi.

Инфрақұрылымды дамыту

Автокөлiк жолдарды сақталуы мен дамуы — жергiлiктi атқарушы органдары мiндеттерiнiң негiзгiсi болып табылады.

Жалпы, аудан жолдарының жалпы қашықтығы 704 км, соның iшiнде: 74 км — республикалық маңыздағы, 223 км — облыстық маңыздағы, 407 км — аудандық маңыздағы жолдар.

2016 жылы аудандық маңыздағы автокөлiктiк жолдарды ұстап тұруы мен жөндеуiне 70 млн. 715 мың теңге бөлiнген, оның iшiнде:

  • КТ-100 «Тоспа-Қайрат-Жасқайрат» аудандық маңыздағы жолдың ағымдағы жөндеу жұмысына 44 млн. 100 мың теңге;
  • Кiшкенекөл ауылының көшелiк-жолдық желiсiне, қыс мезгiлiнде жолдарды ұстап тұруына және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 26 млн. 615 мың теңге бөлiндi, оның 7 млн. 580 мыңы қыс мезгiлiнде жолды ұстап тұруы үшiн игерiлдi.

KTUL-341 «Қулыкөл-Қаратал» автокөлiктiк жолдың күрделi жөндеуiн аяқтау жоспарланған, осы мақсатқа 15 млн. теңге бөлiнген.

Ауданның елдi-мекендерiн жарықтандыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Осылайша, жыл басынан Кiшкенекөл ауылының бiрқатар көшелерi жарықтандырылды: Абай көшесi бойын (10 шырақтар орнатылды) жарықтандыру үшiн 559 мың 311 теңгеге, Бейбiтшiлiк көшесi үшiн (5 шырақтар) 274 мың 287 теңгеге, Жамбыл көшесiне (10 шырақтар) 537 мың 511 теңгеге, Строительный көшесiне (5 шырақтар) 274 мың 287 теңгеге жұмыстар жасалынды.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Кiшкенекөл ауылының тағы бiрнеше көшелерiн (Набережная, Кiшкенекөл, Мұқанов, Элеваторная, Сейфуллин және Тоқпанов) және Ақбұлақ пен Қондыбай ауылдарының көшелерiн жарықтандыру 3 млн теңгеге жүргiзу жоспарланған.

Сумен қамтамасыз ету

Санитарлық ережелер мен нормаларды талаптарына сай сапалы су ауданда қоғамдық қолжетiмдiлiк деңгейi 94,2% құрады немесе 21 елдi-мекенiнiң жалпы тұрғындардын саны — 16155 адам.

Су құбыры торабының ұзақтығы — 247,1 км, оның iшiнде таратушы торабының ұзындығы — 31 км.

Орталық су құбырынан iлестiру пунктi арқылы 14 елдi мекен және 7 елдi мекенде су тазарту жүйесiн iске қосу арқылы ұңғымаларды пайдалануда.

4 елдi-мекенде Қаратерек, Жасқайрат, Тлеусай, Береке ауылдарының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесi өзектi. Бұл мәселелердi шешу үшiн облыстық бюджеттен Қаратерек ауылына су құбырын орнатуға 54 млн. 666 мың теңге бөлiнсе, Тлеусай ауылына су құбырын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзiрлеуге 2 млн. 980 мың теңге бөлiнген.

Ағымдағы жылы Уәлиханов ауданының «Чехов а. — Кiшкенекөл а.» су тартқышты жөндеудi аяқтау үшiн 45 млн. 459 мың.теңге бөлiндi, сонын iшiнде ресупбликалық бюджет қаражатынан — 37 млн. 576 мың теңге және жергiлiктi бюджет қаражатынан — 7 млн. 883 мың теңге. Бүгiнгi күнi игерiлдi 43 млн. 113 мың теңге.

Абаттандыру

Ауданда санитарлық тазалау мен елдi-мекендердi абаттандыру бойынша нақты жұмыстар жасалынуда. Әрбiр ауылдық округтерде аймақтарды абаттандыру бойынша бұқаралық жұмыстар жүргiзiлiп келедi.

Ағымдағы жылдың сәуiр айында Кiшкенекөл ауылында «Жасыл желек» акция аясында Мусипов көшесi бойында 270 ағаш көшеттерi отырғызылды.

Жергiлiктi бюджеттен 6 млн теңгеге Кiшкенекөл №2 орта мектебiнiң, аудандық сот ғимаратының, Конституция саябағының маңайларында спортпен айналысу үшiн спорттық тренажерлiк құрылғылар орнатылды. Сонымен қатар Астана күнiне арналған «Мөлдiр су» МКК жұмыскерлерiнiң күшiмен аудандық мешiт маңайында сарқырама орнатылды.

Ағымдағы жылы «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы арқылы жергiлiктi бюджеттен 16 млн. 233 мың теңге бөлiнген, оның iшiнде бүгiнгiге 5 млн. 887 мың теңгенi құрайтын 3 жоба жүзеге асырылды. Осылайша, Кiшкенекөл ауылдарында 2 млн. 755 мың теңгеге аулалық балалар ойын алаңы және 3 млн теңгеге балалар спорттық алаңына арналған спорттық құрылғылар орнатылды, Жасқайрат ауылына 132 мың теңгеге аулалық балалар ойын алаңы қойылды.

Шағын және орта бизнестi дамыту

Ауданымыздың әлеуметтiк-экономикалық дамуы тұрақты және қарқынды түрде жүруi кәсiпкерлiк саласының дамуына да алып келдi. Кәсiпкерлiк сала аудан экономикасының дамуына, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесiн оңтайлы шешуге, қызмет саласының артуына өзiндiк үлесiн қосып келедi.

Ауданда шағын және орта кәсiпкерлiк саласында жұмыс iстейтiн объектiлердiң саны — 593 бiрлiк.

Жыл басынан 11 жаңа нысандар iске қосылды, оның iшiнде 4 дүкен, 2 шағын наубайхана, 1 аспазхана, 2 дәмхана, 1 автокөлiктерге жаңармай құю станциясы және «Северная Нива» ЖШС-нiң сыйымдылығы 27 мың тонна болатын элеватор. Жобаның құны — 941 млн. 226 мың теңге.

Белсендi шағын бизнес кәсiпорындарының саны 1000 адамға шаққанда 2,6 бiрлiктi құрады (2015 ж. — 2,5).

Жыл басынан «Кзылту Несие» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң несиелiк серiктестiгiмен 5 несие жалпы сомасы 41 млн. 980 мың теңгеге берiлдi, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 млн теңгеге артық (2015 жылы — 2 млн 619 мың теңге).

«Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасы кәсiпкерлiктi қолдаудың негiзгi механизмi болып табылады. Аталмыш бағдарлама аясында 4 жобаны iске асыру жоспарда бар, олар:

  • ЖК «Кусаинов» қоғамдық тамақтану пунктi және дүкен. Жоба құны 15 млн тенге. Ауылдық округтiң әкiмдiгiне жер учаскесiн алу үшiн өтiнiм жiберiлдi.
  • ЖК Жапаров Қ.Ж. керме төбелердi және пластикалық терезелердi дайындау, пескоблок өндiру цехтарын ашу. Жобаның құны 20,0 млн. теңге. Халық Банкiне өтiнiм берiлген.
  • ЖК Жақсылыкова А.Ж. жол бойындағы дәмхана ашу. Жобаның сомасы 3 млн. теңге. Халық банкiнен несие алу жоспарланған.
  • ЖК Абилкакимова Г.М .Бидайык с. жол бойындағы дәмхана күту бөлмесiмен ашу. Жобаның сомасы 3 млн. теңге. Учаскесi меншiктi қаражатына сатып алынды, өлшеу жасалған, «Қазавтожол» ЖШС келiсу қажет.

Тағы 4 жобаны мемлекеттiк гранттық қаржыландыруға ұсынылған, олар:

ЖК Абишев М.К. сүректi қайта өңдеу, арамен кесу материалдарды дайындау (кеңейту, балалар алаңдарын дайындау бойынша қызмет, киiз үй ағаштан жасау). Жобаның сомасы 3,0 млн. теңге. Аймақтық үйлестiру кеңесiне құжаттар толық топтамасын беру жоспарлануда.

ЖК Валеев Н.Ж. пневматикалық (страйкболдық) тирдi ашу. Жобаның сомасы 3 млн. теңге. Кепiлзаттық мүлiгi бар. Аймақтық үйлестiру кеңесiне құжаттар толық топтамасын беру жоспарлануда.

ФҚ «Нариман» Алимова Сауле септиктерге арналған сақиналардың өндiрiсi, бордюрлердiң өндiрiсi. Жобаның сомасы 3 млн. теңге. Аймақтық үйлестiру кеңесiне құжаттар толық топтамасын беру жоспарлануда.

ЖК «Мусайбекова А.Ж.» сауықтыру кешенiн ашу (массаж, тренажер), жоба құны 3 млн. теңге.

«Индустриализация картасы» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша ауданда iрi жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл — ас тұзын өңдейтiң және дайын өнiмiн өлшеп буып–түю шығаратын (техникалық тұз, ас тұзы, малшаруашылыққа арналған тұз ) зауыт құрылысы. Жобаның жалпы құны — 1 млрд. 200 млн.теңге. 85 жұмыс орындарын құру жоспарда бар, өнеркәсiптiң жалпы жылдық көлемi 80 мың тонна тұз. Қазiргi уақытта серiктестiк басшылығымен жобаны қаржыландыру бойынша жұмыстар АЛМЭКС қорымен және Инвестқорымен жасалынып жатыр.

«Кәсiпкерлiктi дамыту Картасы» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 18 жаңа нысан құру, жұмыс iстейтiн 3 объектiлердi кеңейту, 101 жұмыс орындарын құру, iсiн жаңа бастаған 35 кәсiпкерлердi — кәсiпкерлiкке оқыту жоспарланған. 238 млн. теңге кредиттiк қаражат игеру жоспарда бар, оның iшiнде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарлама бойынша 53,0 млн. теңге бөлiндi.

Бөлшек тауарайналым көлемi 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында 998,0 млн. теңге құрады, 2015 жылдың тиiстi кезеңiне — 125% құрады ( 2015 ж. қаңтар-маусым айлары — 798,6 млн. теңге). Физикалық көлем индексi 102,5% құрады.

Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2016 жылы қаңтар-маусым айларында 1 млрд. 856 млн.теңге құрады немесе 2015 жылдың тиiстi кезеңiне 142% (2015 ж. қаңтар-маусым айлары — 1306,9 млн. теңге). Физикалық көлем индексi 136,6% құрады.

Бюджет

2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығында жергiлiктi бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдердiн жоспары — 250 млн. 305 мың теңге, орындауы — 287 млн. 324 мың теңге немесе 114,8%. Асыра орындауы — 37 млн. 019 мың теңге, онын iшiнде:

Облыстық бюджет — жоспар — 123 млн. 121 мыңтеңге, орындалғаны — 124 млн. 937 мың теңге немесе 101,5%, асыра орындауы — 1 млн. 816 мың теңге

Аудандық бюджет — жоспар — 127 млн. 184 мың теңге, орындалғаны  — 162 млн. 387 мың теңге немесе 127,7%, асыра орындауы –35 млн. 203 мың теңге

Бюджеттiң шығыс бөлiгi 96,4% орындалды, жоспар -1 млрд. 556 млн.138 мың теңге, орындалғаны — 1 млрд. 500 млн. 268,2 мың тенге, игерiлмегенi — 55 млн. 870,2 мың теңге құрады.

Жалақы

Халық тұрмысы деңгейiнiң артуының маңызды көрсеткiшi — жалақының тұрақты түрде өсуi.

Орташа айлық еңбекақы 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында 75344 теңге құрады (қаңтар-наурыз 2015 ж. — 56561 теңге), немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 18 783 теңгеге артты.

Жалақы қоры ауданның мекемелерi мен кәсiпорындарында 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында 734,375 млн.теңге құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңiн 196,649 құрады (қаңтар-наурыз 2015 жыл — 537,726 млн.теңге).

Халықты әлеуметтiк қорғау

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгiнгi күнi халыққа әлеуметтiк көмек көрсету, жұмыссыздықты төмендету бойынша жұмыстар жалғасып келедi.

Жыл басынан 627 адам жұмысқа орналасты, жоспар 645 адамды құрады, олардың iшiнен тұрақты жұмыс орындарына — 533 адам орналасты.

332 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiкте — 10, ауыл шаруашылық саласында — 283, өнеркәсiп саласында — 16, басқа салаларда — 23.

Халықты жұмыспен қамтуға мемлекеттiк жәрдем беру арқылы жағдай жасалынып отыр. Осы мақсатқа 218 жұмыссыз азаматтарға қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруына аудан бюджетiнен 6 млн 571 мың теңге бөлiндi. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 68 адам қатысты.

Бағдарламалық шарамен 41 әлеуметтiк жұмыс орындар жасауы жоспарланған, жұмыссыздар еңбегiн төлеуге бөлiнген қаражат 2 млн 719 мың теңге. Осылайша, 5 ауылдық округтерiнде 14 әлеуметтiк жұмыс орындары құрылған, тұрғындардын мақсатты топтан 14 жұмыссыз азаматтар еңбекке орналасты, 2016 жылы шiлде айының 1-не игерiлген сомасы 736 мың.теңгенi құрады.

15 жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқытуына және қайта даярлауға жергiлiктi бюджеттен 1 млн 548 мың теңге қарастырылған. Жыл басынан 16 жұмыссыз азаматтар кәсiптiк оқуға жiберiлдi. 16 адам оқуын аяқтады, оның iшiнде 14 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Тұрғындардың мақсатты топтан 201 жұмыссыз азаматтар жұмыс орындарына орналасты, жоспар — 196-ны құрады.

2016 жылдың шiлде айының 1-iне жұмыспен қамту уәкiлеттi органдарында тiркелген жұмыссыз азаматтар саны 20 адам құрады, ол 2015 жылдың сәйкес кезеңiнен 3 адамға кем. Экономикалық белсеңдi халық санында жұмыссыздар тiркелген үлесi 0,2% құрады.

Өмiр сүру деңгейiнiң мөлшерiнен төмен тұратындар 501 адам (113 отбасы) немесе жалпы халық санынан 3,0% құрады.

Биылғы жылы халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасы — шарттық ақшалай көмек жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты — кедейшiлiк шегiнде тұрған отбасының кiрiсiн көтеру, олардың әлеуметтiк бейiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Осылайша, бүгiнде 8 отбасыға аталмыш көмек 1 млн. 232 мың теңгеге көрсетiлдi.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алатын 6 отбасына, жалпы сомасы 291 мың теңгеге төленген.

Жыл басынан 18-жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы 308 алушыларға (111 отбасына ) жалпы сомасы 2 млн. 920 мың теңгеге тағайындалған, төленгенi 2 млн. 417 мың теңге.

Мүмкiндiгi шектеулi балаларды тәрбиелейтiн және оқытатын 16 отбасына оқыту жәрдемақы жалпы сомасы 331 мың теңгеге төлендi.

Мүмкiндiгi шектеулi жандардың құқығын қамтамасыз ету және сапасын арттыру бойынша iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында аудандық жоспары жасалған. Қазiргi уақытта бейiмделуге тиiстi 77 объектiнен:

  • 19 нысан немесе 24,7% — толық қолжетiмдi;
  • 35 нысан немесе 45,3% — жартылай қолжетiмдi;
  • 23 нысан немесе 30,0% -қолжетiмдi емес.

2016 жылы 27 объектi бейiмдеу жоспарланған, оның iшiнде: 7 нысан немесе 26% — толық қолжетiмдi; жартылай қолжетiмдi — 20 нысан немесе 74%.

Жыл басынан 5 «Бос қызмет орындарының жәрмеңкесi» өткiзiлдi, оған 76 мекемелердiң және кәсiпорындардың басшылары қатысты. 109 қатысқан азаматтың iшiнде, 43 азамат тұрақты және уақытша жұмыс орындарына ие болды, соның iшiнде тұрақты жұмыс орындарына — 28 адам, уақытша жұмыс орындарына — 15 адам.

Ауданда 233 меморандум жұмыс iстеуде, соның iшiнде:

  • экономикалық дағдарыс жағдайларында кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi өзара ынтымақтастық туралы — 125 меморандум;
  • Уәлиханов ауданның әкiмшiлiгi, жұмыс берушiлер және кәсiподақ арасында өзара түсiнiстiк өндiрiстiк үдерiсiн тұрақтандыру, қызметкерлердiң еңбек құқықтарын мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiнде өзара ынтымақтастық туралы — 54 меморандум;
  • азық-түлiк тауарларға бағаларды тұрақтандыру туралы — 54 меморандум.

«Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру

Биылғы жылы аталмыш бағдарлама аясында Оңтүстiк Қазақстан облысының тұрғындарын ауданымызға көшiп келуiн қамтамасыз етiп келедi. Бүгiнде Телжан ауылдық округiнiң Телжан ауылына 34 адамды құрайтын 15 отбасы көшiп келдi, оның iшiнде 23 адам жұмысқа жарамды, 11-i балалар. Олардың барлығы үймен қамтамасыз етiлген, алдағы уақытта барлығы да жұмысқа орналасады. Өңiрлiк кеңесiнiң шешiмiмен 1 отбасындағы 4 адамға 328,7 мың теңге көлемiнде мемлекеттiк субсидия алуға шешiм қабылданды. Аталған мемлекеттiк субсидия барлық көшiп келген отбасыларға көрсетiлетiн болады. Алдағы уақытта, Оңтүстiк Қазақстан облысынан тағы 50 адам Ақбұлақ ауылдық округiнiң Ақбұлақ ауылына қоныстандыру жоспарланған.

Жалпы, жыл басынан бастап «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушылар саны — 101 адам, оның iшiнде «өз бетiнше жұмыспен айналысатын азаматтар» — 65 адам, «жұмыссыздар» — 35 адам.

Бағдарламаның бағыттары бойынша қажеттi жұмыстар жасалынып келедi.

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағдарламаның 1-шi бағыты шеңберiнде 2016 жылы 2 жоба жоспарлануда:

  1. Бидайық ауылындағы демалыс орталығының ғимаратының күрделi жөндеуiне жалпы сомасына 79 млн. 960 мың теңге бөлiнген. Мемлекеттiк сараптамасының қорытындысы бар. Жобаға орташа айлық жалақысымен 45 мың теңге болатын 44 жұмыссыз азаматқа жұмысқа тұру жәрдемiн жасау жоспарланған.
  2. Кiшкенекөл мектеп-гимназияның ғимаратының күрделi жөндеуiне жалпы сомасына 47 млн. 248 мың теңге бөлiнген. Жобаға орташа айлық жалақысымен 40,0 мың теңге болатын 40 жұмыссыз азаматқа жұмысқа тұру жәрдемi жасау жоспарланған. Бүгiнде 6 млн. 939 мың теңге қаражаты игерiлген.

Екiншi бағыт шеңберiнде «Кәсiпкерлiк бастаманы ынталандыру" бойынша 21 жобаға 53 млн.теңге қаражат бөлiнген.

2016 жылдың 1 шiлдесiне «Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша қаржылық қолдау» АҚ жалпы сомасы 38,7 млн.теңгеге 13 несие табыс еттi.

«Жұмыс берушiнiң нақты сұранысын есепке алып оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және қоныс аударуына» 3-шi бағыты аясында:

Әлеуметтiк жұмыс орындары

2016 жылы ауданның 8 ұйымдары мен мекемелерiнде 18 әлеуметтiк жұмыс орындары құрылды, оған 3 млн. 852 мың теңге қаражат қарастырылған, игерiлдi 1 млн. 458 мың теңге.

Жастар тәжiрибесi

Жастар тәжiрибесiмен 17 жастар қамтылған, 2016 жылдың 1 шiлдесiне 120,9 мың теңге игерiлдi.

Қайта даярлау

18-24 жас аралығында жұмыс iстейтiн жастар санынан 6 адамды қайта даярлауға жiберу жоспарлануда, қарастырылған қаражат 1 млн. 098 мың теңге. Оқыту кезеңi — 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап қараша айына дейiн. Сонымен қатар 55-64 жас аралығындағы тұлғалардың санынан 3 адам қайта даярлауға жiберу жоспарлануда, бюджеттен 551 мың теңге бөлiндi. Оқыту кезеңi -2016 жылдың қыркүйек айынан бастап қараша айына дейiн.

Денсаулық сақтау

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Халықтың денсаулығы — Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзудiң негiзгi құрамдас бөлiгi».

Медициналық ұйымдар өзiнiң қызметтерiнде ең алдымен аудан тұрғындарының денсаулықтарының жақсарғанын бiлдiретiн негiзгi көрсеткiштерге қол жеткiзу және көрсетiлетiн қызметтiң сапасын одан әрi көтеру мақсатын ұстанады.

Ауданның денсаулық сақтау жүйесi жалпы төсек қорының саны 65 орындық 1 орталық аудандық аурухана, 2 дәрiгерлiк амбулатория, 1 фельдшерлiк акушерлiк пункт, 20 дәрiгерлiк пунктен құрылған.

Тұрғындарға ауданымыздың 22 дәрiгерi және 118 орта буындағы медициналық қызметкерлерi медициналық көмек көрсетедi.

Бүгiнде дәрiгерлiк амбулаториялар бойынша автокөлiкпен қамтамасыздандыру 100% құрайды, 6 медициналық пункте лимиттен тыс автокөлiктер бар.

Негiзгi көрсеткiштерге келетiн болсақ,

Есептiк кезеңде бала туу көрсеткiшiнде төмендеу байқалады, 1 мың халық санына 12,52 құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңiнде  — 14,50 болған ( қаңтар — сәуiр 2016 ж. –туылған 70 бала, қаңтар- сәуiр 2015 ж.- туылған 81 бала).

Жалпы өлiм — жiтiм көрсеткiшi 1 мың халық санына 7,16 құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде — 5,55 болған (2016 ж. қаңтар- сәуiр айларында — 40 адам қайтты, 2015 ж. қаңтар- сәуiр айларында — 31 адам қайтты).

Туғандар саны қайтыс болғандар санынан 30 адамға артық, табиғи өсiм көрсеткiшi -5,36 құрады, 2015 ж.  — 8,95 болған.

Нәресте өлiмi 28,57 құрады немесе 2 бала қайтыс болды, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңiмен тең келедi.

Бiлiм беру

Жалпыұлттық даму бағдарламасының негiзгi басымдығы бiлiм беру жүйесiнiң сапалық iлгерiлуi болып табылады.

Сол себептен бiлiм саласын дамыту мақсатында 2016 жылы 1 млрд 655 млн. теңге бөлiндi, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,3% артық.

Оқушыларға орта бiлiм беру мiндетiн ауданымыздың 24 мектебi жүзеге асырады, 2 балабақша жұмыс жасайды («Күншуақ» және «Балдаурен»), 2 қосымша бiлiм мекемесi («Өнер мектебi» МКҚК, «БЖФД клубы» МКҚК) мен 22 шағын орталық қызмет етедi.

Аудан мектептерiнде 31 жаңа нұсқада кабинет бар, оның iшiнде 9 химия кабинетi, 17 физика кабинетi, 5 биология кабинетi.

Аудан мектептерiнде 13 мультимедиялық кабинеттер бар. 6 мектеп кеңжолақты Интернетке қосылған.

Аудан бойынша 5 мектепте интерактив тақталар бар. Мектептерде 1 компьютер орта есеппен 6 оқушыны қамсыздандырады.

Бiлiм берудiң негiзгi көрсеткiштерiнiң бiрi ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижесi. Бiлiм сапасынан ауданымыз өткен жылдағыдай облыс бойынша бiрiншi орынды иелендi. Тестiлеуде аудан бойынша орташа баллы 86,7 құрады. Тестiлеудiң нәтижесi бойынша 100 балл және одан жоғары 36 түлек алды. «Алтын белгiге» 8 түлек ақтап шықты, 6 оқушы «Үздiк аттестат иегерi» атанды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 15 орта мектебiнде 60 компьютерлердi жаңартуына 4 млн 807 мың теңге бөлiндi. Оқулықтар сатып алу, оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алу мақсатында жергiлiктi бюджеттiң 7 млн. 861 мың теңге бөлiндi.

2016 жылы жалпы бiлiм беру қорына 21 млн. 200 мың теңге бюджеттен қарастырылған, оның iшiнде:

  • аз қамтылған отбасы балаларын (553 бала) ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшiн — 15 млн. 565 мың теңге қарастырылған, оның 8 млн. 589 мың теңгесi игерiлген;
  • жазғы демалысты ұйымдастыруына 150 балаға жолдама сатып алуға 1 млн. 925 мың теңге бөлiнген;
  • 430 балаға киiм және аяқ киiм сатып алуға 2 млн. 125 мың теңге;
  • жергiлiктi мектептерiнде жазғы уақытта лагерлерiнде 100 балаға тамақ ұйымдастыру үшiн  — 474,0 мың теңге бөлiндi.

Аудандық iс-шараларды өткiзуiне 240 мың теңге сомасы Астана қаласына 8 мүмкiндiгi шектеулi балаларға экскурсия ұйымдастыруға қайта бағытталды.

«Жұмыспен қамту Жол картасы -2020» бiрiншi бағытты iске асыру шеңберiнде Кiшкенекөл мектеп-гимназиясының күрделi жөндеуiне 47 млн. теңге бөлiндi.

Сонымен қатар, Мортық орта мектебiнiң күрделi жөндеуiне (шатырын жөндеу, терезелердi ауыстыру) 800 мың теңгеге, Кiшкенекөл №2 орта мектебiнiң терезесiн ауыстыру үшiн 800 мың теңгеге және Ақтүйесай орта мектебiнiң терезесiн ауыстыру үшiн 600 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалар дайындауға бөлiнген.

Бүгiнгi күнi оқушылардың жазғы уақытын тиiмдi ұйымдастыру мен өткiзу бойынша мақсатты жұмыстар жасалынып жатыр. 24 мектепалды алаңдарда 3 маусымда 1137 бала қамтылған, оның iшiнде 100 бала аз қамтылған отбасылардан. 200 балаларға арналған «Жазғы мектептер» 4 мектептiң iшiнде ашылды: Кiшкенекөл №2, Бидайық ОМ, Ақтүйесай және М.Әуезов атындағы ОМ. Бүгiнгi күнi 100 бала қамтылған. Мұнда балалар түске дейiн қазақ тiлi, орыс және ағылшын тiлдерi, математикадан сабақ өтсе, түстен кейiн сауықтырумен және бос уақытын өткiзумен айналысады.

Балалар үшiн «Оқжетпес» сауықтыру лагерiне 1 млн 948 мың 500 теңгеге 150 жолдама алынған.

Сонымен қатар балалардың жазғы уақыттарын өткiзу үшiн үйiрмелер мен түрлi спорт түрлерiнен секциялар ұйымдастырылып келедi. Киiз үй шатырларда, этномәдени орталықтарда да оқушыларымыз уақыттарын тиiмдi өткiзуде.

Келесi өзектi мәселе — қысқы маусымына дайындық. Бүгiнде ауданның 5 мектебiнде қазандықтарды шығару бойынша белсендi жұмыстар жасалынуда, олар Елтай, Қайрат, Озерный орта мектептерi мен Аққұдық, Қарашiлiк негiзгi мектептерi. Елтай және Озерный мектептерi үшiн 2 қазандықтар сатып алынды, Жеке кәсiпкер «Охмат»-пен жасалынған келiсiмге сәйкес Елтай орта мектебiнiң қазандығын шығару бойынша дәнекерлеу жұмыстары жасалынып жатыр. Қалған 4 мектептер бойынша дәнекерлеу жұмыстарын жеке кәсiпкер «Жапаров» жүргiзетiн болады.

Жалпы, «Өңiрлерлi дамыту» бағдарламасы бойынша қазандықтарды шығаруға 1 млн. 500 мың теңге бөлiндi. Сонымен қатар бiлiм бөлiмiмен қосымша 2 млн 500 мың теңге көлемiнде Озерный орта мектебi және Қарашiлiк негiзгi мектептебi үшiн материалдар алуға қарастырылған.

Мәдениет

Халықты мәдениет саласындағы өмiрге және қызметке тарту мақсатында барлық жағдайлар жасалынып келедi.

Ауданда 11 ауылдық клубтар мен 16 мемлекеттiк кiтапханалар бар.

Жыл басынан өткiзiлген iс шаралардың саны — 802, оған барлығы 49512 адам қатысты. Әрбiр ауылдық округтерде Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай бұқаралық мәдени iс-шаралар өтуде. Бүгiнгi күнi Бидайық, Телжан, Қайрат, Ақтүйесай ауылдық округтерiнде өткен iс-шараларда 3000-ға жуық тұрғындар қатысты. Сонымен қатар мереке аясында аудандық Мәдениет үйiнiң өнерпаздары қазақтың мәдениетiн насихаттау мен тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында әрбiр елдi-мекенге концеттiк бағдарламамен шығуда.

Аудандық мемлекеттiк мекемелер арасында шығыс-кiрiс құжаттардың мемлекеттiк тiлiндегi үлес салмағын қадағалау мақсатында мониторинг жүргiзiлiп тұрады. Осылайша, шығыс құжаттардың үлесi 100% болса, кiрiс құжаттардың үлесi — 91%, құжат айналымының жалпы көлемiнде — 95,5% құрады.

Жылдың басынан 67 мемлекеттiк қызметшiлердiң 51-i мемлекеттiк тiлдiң бiлiмдiлiгiн дәлелдедi.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту Жол картасы -2020» бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде Бидайық демалыс орталығының күрделi жөндеуiне 79 млн. теңге қаржы бөлiндi. Жергiлiктi бюджеттен әр қайсысы 1 млн теңгеден Көбенсай және Қондыбай ауылдық клубтарды ағымдағы жөндеуге бөлiндi.

Бiрiншi жартыжылдықта бiздiң жерлестерiмiз республикалық және облыстық шараларда жақсы көрсеткiштермен көрiндi.

«Нео-фольклор» облыстық байқауында технология мұғалiмi Идаят Саулеш 1 орынды иеленiп, ауданның намысын Тараз қаласында өткен республикалық байқауында қорғады.

Мемлекеттiк қызметшiлер арасында көркемсөз облыстық байқауында Ақмарал Хехнай 1 орынды иелендi, ендi жерлесiмiз ауданның намысын республикалық байқауда қорғайтын болады.

Айыртау ауданында аймақтық айтыста бiздiң жерлесiмiз, талай облыстық айтыстың жеңiмпазы Амангелдi Оқас 1 орынға ие болды.

Жұмағұл Мират Астана қаласында ұйымдастырылған Республикалық «Сәлем, Астана» фестивалiнде «Аспапты музыка, домбра, соло» номинациясы бойынша 1 орынды иелендi.

Өнер мектебiнiң оқушысы Жанай Әдiл «Дебют» атты облыстық жас дарындылар байқауында 1 орынды иеленiп қана қоймай, Ресей Федерациясының Омбы қаласында «Сибирь зажигает звезды» атты Халықаралық жоба аясында өткен фестиваль байқауында Жанай Әдiл жеңiмпаз атанды.

Мемлекеттiк жастар саясатының iске асырылуы

Ауданымызда 14 — 29 жас аралығындағы жастар саны 3916 адамды құрайды немесе жалпы тұрғындардың 23,1%, оның iшiнде мектеп жасындағылары — 648.

Ауданда «Жастар бастамалары орталығы» МКМ жұмыс жасайды, орталықтың қаржыландыруы 7,4 млн.теңгенi құрады. Әрбiр ауылдық округте жастармен жұмыс жөнiндегi нұсқаушы бар. Жыл басынан орталықтың ұйымдастыруымен 42 iс-шара өттi, оған барлығы 4100 адам қатысты. Сонымен қатар аудандық Мәдениет үйiнде орталықтың бастамасымен жас гитарист, жас бишi жастар клубы қызмет етедi.

Жастар саясатын жүзеге асыру жолындағы негiзгi басымдықтарының бiрi жастарды жұмыспен қамту болып табылады. Жыл басынан 147 жұмыссыз жастар жұмысқа орналасты немесе жоспардың орындалуы 115% құрады, соның iшiнде тұрақты жұмыс орындарға 124, уақытша жұмыс орындарына 23 жастар орналасты.

Жастар арасында «Дипломмен ауылға» мемлекеттiк бағдарламасы табысты жүргiзiлуде. Жылдың басынан бiр реттiк көтермеақы 10 маманға төлеуге 31,4 млн теңге, олардың 8-i бiлiм саласына, 2 денсаулық сақтау саласына бөлiндi. Баспана сатып алу үшiн 5 мамандарға 15,9 млн.теңге, оның iшiнде 2-i бiлiм саласына, 2-i денсаулық сақтау, 1-i мәдениет саласының қызметкерiне бөлiндi.

Спорт

Дене шынықтыру мен спортты дамыту, саламатты өмiр салтын насихаттау — Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың жүргiзiп жатқан саясатының басым бағыттарының бiрi.

Сол себептен ауданымызда спортты дамыту үшiн барлық жағдайлар жасалынған.

Аудан бойынша барлығы 135 спорттық нысандар бар бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 бiрлiкке артты.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысатын азаматтардың саны — 4870 адам немесе тұрғындардың санынан 28,6 % құрайды.

Дене шынықтыру мен спортпен айналысу үшiн ауданымызда 6 спорт түрiнен 330 бала қатысатын балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебi, 250 бала қатысатын балалар және жасөспiрiмдер клубы жұмыс жасайды. Өткен жылы таэквандо секциясы өз жұмысын бастаған едi, бүгiнде бұл секцияның балалары өзiнiң жетiстiктерiмен қуантып жүр. Республикалық чемпионатта Кiшкенекөл №1 орта мектебiнiң оқушылар күмiс (Боранбаеява Саяжан) және қола (Нұрмағамбетов Данияр) медалдерiне ие болды.

Жыл басынан аудандық деңгейде 37 спорттық-бұқаралық iс-шаралар ұйымдастырылып, оған жалпы 5937 адам қатысты. Соның iшiнде әр елдi мекенде Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай спорттық iс-шаралар өтiп жатыр.

Спорттық жетiстiктерiмiз де аз емес:

Ағымдағы жылы ақпанның 6 күнi «Солтүстiк -2016» облыстық қысқы спорт ойындары бағдарламасында шайбалы хоккейден аймақтық ойындар өттi. Жарысқа 4 аудан командалары қатысты: Ақжар, Жамбыл, Тимирязев,Уәлиханов. Бiздiң ауданымыздың командасы 1 орынға ие болды.

Ақпан айында Петропавл қаласында қазақ күресiнен облыстық чемпионатында ауданымыз жалпыкомандалық 3 орын алды. Онда балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң оқушылары 1, 2 және 3 орындарын (Жолбарысов А. — 1 орын, Бопашев А. — 2 орын, Раян Сабит — 3 орын) иелендi.

Ағымдағы жылдың мамырдың 20-22 күндерi аралығында А. Қазымбетов атындағы стадионда «Ақ бидай-2016» облыстық жазғы спорт ойындары бағдарламасында футболдан аймақтық ойындар өттi. Жарысқа 4 аудан командалары қатысты Айыртау, Ғабит Мүсрепов, Шал Ақын және Уәлиханов аудандары. 2 орын — Уәлиханов ауданы иелендi.

7 мамыр айында Петропавловск қаласында Аусағитов Алтынбек қазақ күресiнен облыстық турнирге қатысып, «Қызылжар Барысы» атағына ие болды.

Құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету

Аудандағы қоғамдық жағдай тұрақты болып табылады. Жылдың бiрiншi жартыжылдығы бойынша жасалынған қылмыстар 0,9 % кемуi байқалады.

Жыл басынан 105 қылмыстық iс алдыңғы жылдың 103 қылмыстық iсiне қарасты аяқталды, аяқталған iстердiң ашуы -99%.

Өткен жылдардың қылмыстарынан 10 қылмыс iсi ашылды, 2015 жылы 8 iс едi.

Аудан бойынша: аса ауыр қылмыстар, кiсi өлтiру, қарақшылықтың шабуылдары, зорлық, күштеп алушылықтар, алаяқтық, далада жасалған қылмыстар және кәмiлетке толмаған балалар жасалған қылмыстар тiркелмеген.

Күштеп алушылықтар — 50%-ға (2-ден 1-ге дейiн фактiлер) төмендеуi байқалады; тонау — 9,4%-ға төмендедi (53-тен 48 фактiге дейiн), соның iшiнде пәтер тонау — 37,5% (16-дан 10 фактiге дейiн), ұялы телефондардың тонауы — 33%-ға (18-ден 12 фактiге дейiн), мал ұрлығы — 50%-ға (2-ден 1 фактiге дейiн); бұзақылық — 100%-ға (1-ден 0 фактiге дейiн); есiрткi қылмысы — 33%-ға (6-дан 4 фактiге дейiн) төмендеуi байқалады.

Денсаулыққа ауыр зиян келтiру — 1 фактi және автокөлiк заңсыз пайдалану — 1 фактi тiркелген немесе ол өткен жылдың кезеңiмен сәйкес келедi.

Есiрткi бизнесiнде 4 қылмыс iсi тiркелген немесе 2015 жыл деңгейiнен (2015 ж. — 6 iс) төмендеуi байқалады.

Құрметтi жерлестер!

Биылғы жылы, Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығында, бiз, Отанымызды дамытудың бiрден бiр жолын — үлкен еңбек, тұрақтылық пен өзiне және болашағына сену екенiне нық сенiммен айта аламыз.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында да ауданда тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыстарды жалғастыруды бастадық. Кейбiр көрсеткiштер бойынша өсiм байқалса, жекелеген мәселелер бойынша әлi де жұмыс iстеу қажет.

Ауданды дамыту сұрақтарын шешу үшiн Сiздердiң қолдауларыңызға сенiм артамыз. Тек ашық диалог пен ынтымақтастықтың арқасында көптеген мәселердi шешуге болады.

Ертеңгi күнiмiз бiздiң бiрлескен жұмысымызға байланысты, сондықтан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың белгiлеген стратегиялық мiндеттердi орындау үшiн белсендi жұмыс жасауымыз және барлық күш жiгерiмiздi бiрiктiруiмiз қажет. Ауданымыздың әлеуметтiк-экономикалық дамуында одан да жоғары көрсеткiштерге жету үшiн қолдан келгеннiн бәрiн жасауымыз керек. Осылайша бiз мемлекет алдында қойылып отырған мiндеттерге өз үлесiмiздi қосамыз.

Уәлиханов ауданының әкiмi А.Ж. Төрегелдиннiң «Уәлиханов ауданының 2015 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму нәтижелерi және 2016 жылға арналған жоспарлар туралы» есебi

2015 жыл елiмiз үшiн мерейлi оқиғалармен есте қалды. Бұл жыл мемлекетiмiздi дамыту жолындағы қазақ халқын одан әрi бiрiктiрген Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы едi.

Өткен жылы бiз Қазақ халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығын, Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығын және Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттiк. Бұл мерейлi даталар республикамыз үшiн тарихи маңыздылығымен ерекшеленедi.

Аса маңызды саяси оқиға — Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы өттi. Елбасының анық жеңiсi — Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа халықтың көрсеткен жоғары сенiмiнiң нәтижесi болып табылады.

Қазақстан шетелдiк инвесторлар үшiн бұрынғыдан да тартымды болып, жаңа өндiрiстер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкiндiктер туады. Өйткенi 2015 жылы елiмiз Дүниежүзiлiк сауда ұйымына ресми түрде мүше болды.

Сөзсiз, осы және тағы басқа оқиғалар Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 24 жылдығының тарихында мәңгi қалады.

Өтiп бара жатқан жылда елiмiздiң инфрақұрылымын дамытудағы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты жүзеге асырыла бастады. Нәтижесiнде экономикалық өсiм үшiн және әрбiр қазақстандықтардың жағдайын одан әрi жақсарту үшiн жаңа мүмкiндiктер пайда болды. Елiмiздi әрi қарай нығайту мақсатында Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары қабылданды. Бұл құжаттар мемлекеттiк институтты, экономика мен қоғамды ауқымды модернизациялауға бағытталды. 2015 жылдың 30 қарашада Мемлекет басшысы iс-қимылдың нақты жоспары — елдiң дамуының айқын басымдықтары көрiнiс тапқан «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» атты Жолдауын Қазақстан халқына ұсынды. Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың жүргiзген бұл саясатының арқасында бiздiң елiмiз өтiп бара жатқан жыл сәттi аяқталып отыр.

2015 жыл ауданымыз үшiн де табысты жыл болды. Олай дегенiмiз, ауданымызда бiрнеше әлеуметтiк-экономикалық маңызы бар нысандар ашылды, бизнес дамып келедi, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Өткен жылы Кiшкенекөл ауылында Қазақстан Конституциясының саябағы, стандартқа сай корт ашылды, жаңа ветеринарлық лаборатория iске қосылды, «Северная Нива» ЖШС шағын элеватордың құрылысы басталды. Ең бастысы, құрылыс жұмыстары биылғы жылы жүзеге асырылатын ауданымызда бұрын болмаған жоба — «Жақсы Тұз» ЖШС тұз өңдейтiн зауытының орны анықталды.

Бәрiмiзге мәлiм, өткен жылы Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Хамзеұлы Сұлтанов жұмыс сапарымен бiрнеше рет ауданымызда болды. Сапар барысында аудан тұрғындарының өзектi мәселелерi ортаға салынып шешiлдi. Облыс әкiмiнiң Қайрат және Қулыкөл ауылдық округтерiндегi жұмыс сапары кезiнде бiрнеше тапсырмалар берiлiп, бүгiнгi күнi олардың барлығы орындалып отыр. Мәселен, Қайрат және Қулыкөл ауылдық округтерiне 2 трактор бөлiнген. Қайрат ауылдық округi үшiн Нива автомашинасы және өрт сөндiру үшiн сыйымдылық алынды, Жасқайрат ауылының көшелерi жарықтандырылды, Қайрат және Жасқайрат мектебi үшiн интерактивтi тақта мен күрес кiлемi сатып алынды. Қулыкөл ауылдық округiне 1 бiрлiк өрт сөндiру көлiгi бөлiндi және тұрғындардың сұрауымен 85 тонна астық қалдықтары арзан бағамен әкелiндi.

Бiз Ерiк Хамзеұлы Сұлтановтың аудан тұрғындары үшiн жасаған қамқорлығы мен зор көмегi үшiн алғысымызды бiлдiремiз.

***

Елбасының тапсырмасына сәйкес жыл сайын өтетiн барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындармен есептiк кездесулерi өкiмет пен халықтың дәстүрлi диалогы болып табылады, бұл тұрғындарды атқарылып жатқан жұмыстар туралы ғана ақпараттандырылып қоймай, сонымен қатар өздерiнiң өзектi мәселелерiн шешудегi жоспарларына түзету енгiзу мүмкiншiлiгiн бередi.

Өткен жылы аудан тұрғындарынан 89 сұрақтар мен ұсыныстар түстi, оның iшiнде 58 сұраққа жауап берiлдi. Бақылауға алынған 31 сұрақтың 30 сұрағы оң шешiмiн тапты.

Бақылауда бiр сұрақ: «Кiшкенекөл ауылында спорт кешенiнiң құрылысына жәрдем көрсету». Осы мәселенi шешу үшiн «Тұрғындар үшiн дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы» жобалық — сметалық құжаттамасын әзiрлеуге 5 млн.тенге бөлiндi. Жобалық — сметалық құжаттама жасалынды, мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы бар. Құрылыс жұмыстарына 196 млн.тенге қаражат қажет. Қаражат бөлiнген жағдайда жаңа спорт кешенiнiң құрылысы басталады.

Облыс бойынша аудан аумағы ең iрi көлемi 1 287 662 га алып жатыр, облыс аумағының 13,1 пайызын құрайды.

Аудан бойынша тұрғындардың саны 2015 жылғы қарашаның 1-не 16930 адам немесе жалпы облыс халқының 3% құрады.

2015 жылдың 9 айдың рейтингi бойынша ауданымыз әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiнде бiрiншi орынды иелендi.

Ауыл шаруашылық

Аграрлық сектордың дамуының деңгейi бiздiң қоғамымыздың әлеуметтiк-экономикалық факторының айқындаушысы болды және солай болып қала бередi. «Қазақстан-2050» стратегиясында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту үшiн нақты тапсырмалар бердi. Бұл — егiстiк алқабын ұлғайту, өнiмдiлiктi арттыру, мал шаруашылығы жемшөп базасын құру. Осы бағытта бiздiң жұмыстарымыз әрi қарай жалғасып тауып келедi.

2015 жылы жалпы егiстiк көлемi 246,5 мың гектарды құрады, оның iшiнде дәндi дақылдар — 180,0 мың га., майлы дақылдар — 25,3 мың га., жемшөптiк дақылдар-40,6 мың га. 2014 жылмен салыстырғанда жалпы егiстiк көлемi 7% артты, оның iшiнде дәндi дақылдар 2,8% артты.

Биылғы жылы аудан тарихында алғаш рет жасымық («АФ Қызылту-НАН» ЖШС — 5018 га) және Тәуелсiздiк жылдарында алғаш рет жүгерi егiлдi («Жолдасбай-Агро» ФШ — 50 га.).

Ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан аудан диқаншылары гектар өнiмдiлiгi 15,3 центнерден айналып, барлығы 276 мың тонна астық жиналды.

Орташа аудандық көрсеткiштен жоғары өнiмдi көрсеткендер: «Бекбаев» ШҚ — 26 ц/га., «Жолдасбай-Агро» ФШ — 25 ц/га., «Юнайт Инвест» ЖШС — 22 ц/га., «Ақжол БСБ» ЖШС — 21,8 ц/га..

Жиналды 179,9 мың га. астық немесе 100%, өнiмдiлiк 18,0 ц/га., барлығы бастырылды 324,0 мың.тонна.

Майлы дақылдар жиналды 25,3 мың га. жерде немесе 100%, өнiмдiлiк 8,0 ц/га., барлығы бастырылды 20,2 мың тонна.

Картоп жиналды 0,6 мың га жерде, өнiмдiлiк 181,7 ц/га., жалпы өнiм 10,9 мың тонна. Көкөнiстер 0,037 мың га жерде өнiм жиналды, өнiмдiлiк 243 ц/га., жалпы өнiм 0,9 мың тоннаны құрады.

Шөп дайындалды 88,0 мың тонна, жоспар 56,0 мың тонна немесе жоспардың орындалуы 157%.

60,0 мың тонна сабан дайындалды.

2,7 мың тонна пiшендеме жиналды, жоспар 0,3 мың га немесе 900% орындалды.

Пар өңдеу жұмыстары 1 және 2 iзде 53,7 мың га егiстiк жерде (100%) жасалынды, соның iшiнде химиялық пар 8,3 мың га жерде, 3 iз — 35,9 мың га (66,9%).

30,8 мың га жерге 1109 тонна минералды тыңайтқыштар себiлген.

2015 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 15038,9 млн. теңгенi құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 19% артты (2014 жыл — 12644,9 млн.теңге). Физикалық өнiмiнiң көлемi 112%.

Өсiмдiк шаруашылығының дамуы тиiмдi мемлекеттiк көмектiң арқасында жүзеге асырылып келедi. Жанар-жағар май, гербицидтер, тұқым мен өсiмдiктi қорғау құнын төмендету мақсатында ауданның ауыл шаруашылық саласына барлығы 509 млн. теңге сомасында мемлекеттiк көмекқаржы бөлiндi.

Ауылшаруашылық құрылымдарда техниканы жаңарту бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Есептiк кезеңде 446 млн.теңгеге 37 бiрлiк техника сатып алынды. Осының арқасында егiн шаруашылығының мәдениетi жақсарып, еңбек өнiмдiлiгi артты.

2015 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша iрi қара мал саны 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 8%-ға артты (2014 жыл — 20,2 мың бас, 2015 жыл — 21,8 мың бас), соның iшiнде сиырлар 1,6%-ға (2014 жыл-11,6 мың бас, 2015 жыл — 11,8 мың бас), жылқы 2,4%-ға (2014 жылы — 13,9 мың бас, 2015 жыл — 14,2 мың бас), қойлар мен ешкiлер 2,4%-ға (2014 жылы — 41,8 мың бас, 2015 жылы — 42,8 мың бас), шошқа 9%-ға (2014 жылы — 1,1 мың бас, 2015 жыл — 1,2 мың бас), құс 13%-ға (2014 жылы — 68 мың бас, 2015 жылы — 78 мың бас).

2015 жылы 1273 бас iрi қара мал сатып алынды немесе жылдық жоспардың орындалуы 100% құрады.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар 260 бас iрi қара мал, сатып алынды — 266 бас (102%). Өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда iрi қара мал саны 19% артық сатып алынды (223).

«Құлан» бағдарламасы бойынша тапсырма 108 бас жылқыны құрады, сатып алынды 125 бас (116%).

Төлдейтiн малдың жалпы саны 12 056 басты құрады, 2015 жылы iс жүзiнде төлдейтiн малдың қатысуы 2291. Қатысу үлесi 19%.

2015 жылы Кiшкенекөл ауылында ветеринарлық зертхана ашылды. Қазiргi уақытта зертханада 3 бөлiм жұмыс жасайды: сереологиялық, сынама бөлiмi және ветеринарлық-санитарлық экспертиза.

2015 жылы жануарлардан жұғатын ауруларға қарсы және ветеринарлық-профилактикалық iс-шаралар толығымен орындалды.

Теңестiрiлдi 9312 бас iрi қара мал, 11 125 бас ұсақ қара мал, 4137 бас жылқы таңбаланды.

Вакциналаудың барлық түрлерi бойынша 100% жоспар негiзiнде орындалды (қараталаққа қарсы вакциналаумен 32 250 бас қамтылды, топалаңға қарсы 34100 бас ұсақ қара мал қамтылды, жамандат ауруына қарсы 13370 бас жылқы вакциналаудан өттi, шошқалардың ойық жара ауруына қарсы 60 бас вакциналаудан өттi, iрi қара малдың карбункула дертiне қарсы 15850 бас қамтылды, iрi қара малдың арасындағы туберкулез бойынша 33 841 бас зерттелдi, сапа бойынша вакциналаудан өткен 1900 бас жылқы).

2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында азықтық, майлы дақылдар, картоп пен көкөнiстерге арналған алқаптарды арттыру, ауыл шаруашылық техниканы жаңарту жұмыстары, ауыл шаруашылық маңыздағы жерлердi тиiмдi пайдалану жұмыстарын бақылауға алу және асыл тұқымдарды пайдалануды қолдау жұмыстары жалғасын табады.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында келесi жұмыстар жалғасады:

  • ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарындағы мал басын арттыру;
  • «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық», «Ырыс» бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • малдың тұқымдық құрамын арттыру;
  • облыстың және одан тыс жерлерден асыл тұқымды шаруашылықтарынан сатып алынған асыл тұқымды өндiрушi бұқалардың санын арттыру.

2016 жылдың екiншi жартыжылдығында «Мөлдiр Сүт» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде сүттi өңдеу пунктiн ашу және «Жолдасбай-Агро» фермерлiк шаруашылығында репрадуктордағы iрi қара мал санын 600 басқа жеткiзу үшiн 200 басқа арттыру жоспарда бар.

Өнеркәсiп

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «инновациялық индустрияландыру трендiн күшейту» қажеттiлiгiн ел экономикасы дамуының басты басымдықтарының бiрi ретiнде белгiлеп бердi.

2015 жылғы қаңтар-қараша айларында өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 1068,4 млн.теңгенi құрады, ол 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 34% артты (2014 жылғы қаңтар-қараша айлары — 799,0 млн.теңге). Жалпы өнеркәсiп бойынша өнiмнiң физикалық көлем индексi 115,7% құрады.

Ауданда өндеу өнеркәсiбiнде ЖШС «Қызылту ұн үктiру комбинаты» ұн өндiрiсiмен және 12 наубайхана нан өндiрiсiмен айналысады.

2015 жылғы қаңтар-қараша айларында өндеу өнеркәсiбiнiң көлемi 806,6 млн. теңге немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 41% артты (2014 ж. қаңтар-қараша айлары — 572,0 млн. теңге). Физикалық көлем индексi 122,8% құрады .

Ауданның кен өндiрiсiнде тұз өндiрiсiмен «Жақсы Тұз Петропавл» ЖШС, тас өндiрiсiмен — «Қызылту Тас» және «СевКазТас» ЖШС айналысады.

2015 жылдың қараша айында Қайрат ауылдық округiнде металлдық емес кеңдi өңдеуге және молайтуға арналған «Семiзбай» ЖШС филиалы ашылды. Мұнда 70 адамға дейiн жұмысқа орналасады.

2015 жылғы қаңтар-қараша айларында кен өндiру өнеркәсiбiнiң көлемi 129,5 млн. теңге құрады (2014 ж. қаңтар-қараша айлары — 103,0 млн. теңге). Физикалық көлем индексi 102,6% құрады.

2015 жылдың басынан өнеркәсiп саласында 40 жаңа жұмыс орындары ашылды, яғни 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 2-ге немесе 5,2%-ға артты.

2016 жылға жоспар:

  • Облыстық индустрияландыру картасына кiретiн «Жақсы Тұз Петропавл» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң ас тұзын, техникалық және мал шаруашылығына арналған тұзды өндiру бойынша жобаны iске қосу

Құрылыс

Ауыл тұрғындары өмiрiн жақсарту қолжетiмдi баспанамен қамтамасыз етумен тiкелей байланысты. Сондықтан құрылыс — ауыл аумақтарын дамыту аспектiлерiнiң басты бағыты болып табылады.

2015 жылғы қаңтар –қараша айларында құрылыс жұмысының көлемi 458,2 млн.теңге немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңiнен 122,3% құрады (2014 ж. қаңтар-қараша айларында — 374,5 млн. теңге). Физикалық көлем индексi 244,6% құрады.

2015 жылдың басынан көлемi 2147 м.кв. болатын 20 пәтер пайдалануға берiлдi немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 115,9%-ды құрады (01.12.2014 ж. — 1852 м.кв. көлемiндегi 22 пәтер).

2015 жылға тұрғын үйлердi iске қосу бойынша 1830 м.кв. құрады, жоспар 317 м.кв. арттық орындалды немесе 17,3%-ға.

«Жаңа нысандардың құрылысы» бағдарламасы бойынша Кiшкенекөл ауылында спорт кешенiн ашу жоспарда бар. Жер учаскесi тiркелдi, техникалық шарттар алынған, қажеттi мәлiметтер дайындалған. Жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Құрылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн 193 909,6 мың теңге қаражат қажет.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы арқылы Кiшкенекөл ауылының Жамбыл көшесi бойында 18 пәтерлi тұрғын-үйдiң құрылысын жүзеге асыру үшiн жобалық-сметалық құжаттама бар. Құрылысқа қажеттi қаражат сомма 245 815,3 мың теңге.

2016 жылға жоспарлар:

  • Кiшкенекөл ауылының Бейбiтшiлiк көшесiнде 18 пәтерлi тұрғын-үйдi iске қосу;
  • Кiшкенекөл ауылының Абай көшесiнде 2 қабатты ғимаратты 16 пәтерлi тұрғын-үй ретiнде жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау;
  • Ақбұлақ, Бидайық, Қулыкөл ауылдарының жеңiлдетiлген негiзгi жоспарларын әзiрлеу (2 730 мың теңге);
  • Кiшкенекөл ауылының дәлiрек жоспарлаудың жоспарын әзiрлеу (500 мың теңге);
  • Аудан орталығының векторлық картасын жасау (351 мың теңге).

Инфрақұрылымды дамыту

Мемлекет басшысының Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыру үшiн көлiк инфрақұрылымдарын арттыру, автокөлiктiк жолдарының жағдайын жақсарту қажет.

Аудан жолдарының жалпы қашықтығы 704 км, соның iшiнде: 74 км –республикалық маңыздағы, 223 км — облыстық маңыздағы, 407 км — аудандық маңыздағы жолдар.

Өткен жылы облыстық маңыздағы КТ-83 Кiшкенекөл-Толбухин-Мортық-Озерное-Қаратерек бағытындағы автокөлiктiк жолдардың шұңқырларын жабу жұмыстары 227 млн.теңгеге жүргiзiлдi.

Республикалық бюджеттен автокөлiктiң жолдың 269 км-280 км учаскесiне (Бидайық ауылынан шекара пунктiне дейiн) 330 млн.теңге бөлiндi.

Сонымен қатар, Кiшкенекөл және Ақтүйесай ауылдарының маңайындағы республикалық маңыздағы жолдардың учаскелерiне шұңқырларды жабу жұмыстары жүргiзiлдi. Жұмыстарды жүргiзген ДЭУ-64. 20 мың м.кв. артық жасалынды.

2015 жылы аудандық маңыздағы жолдарды ұсап тұру үшiн аудандық бюджеттен 21839,0 мың теңге бөлiндi, соның iшiнде аудандық маңыздағы қысқы жолдарды ұстап тұруға — 6313,0 мың теңге (қаңтар-сәуiр) және ағымдағы аудандық маңыздағы жолдарға — 15526,7 мың теңге.

2180,3 мың теңгеге Кiшкенекөл ауылының қиыршық тасты жолдың бөлiгiн кескiндеу жұмыстары жүргiзiлдi, сонымен қатар Абай көшесiндегi (Абылайхан және Сыздықов көшелерiнiң араларында) қиыршық тасты жолға iзбестi материалдарды қосу арқылы ағымдағы жолдар жөнделдi, аудандық маңыздағы жолды кескiндеуге — 3810,4 мың теңге, Жамбыл ауылының бөгетiн топырақ қосу арқылы iшiнара қайта қалпына келтiру жұмыстары үшiн 3872,0 мың теңге, сонымен қатар КТUL-336 ағымдағы жолдарға инерттi материалдарды қосу арқылы 1 млн.133 мың теңге бөлiндi, қыркүйек айында 600 мың теңгеге аудандық маңыздағы жолдың жегiндегi шөптi шабуға бөлiндi.

KTUL-341 Қулыкөл-Қаратал аудандық маңыздағы автокөлiк жолдарын күрделi жөндеуге облыстық бюджеттен 52202,0 мың теңге бөлiндi. Жөндеу жұмыстары 32 млн.теңгеге жүргiзiлдi және қалған жұмыстар 2016 жылы жалғасады (7 млн.100 мың теңге).

Бидайық ауылдық округiнiң Бидайық және Одесское көшелерi жолдарының негiзiн пiшiндеу және тас төсеу жұмыстарына 1143 мың теңге жасалынды.

2015 жылы Уәлиханов ауданының шекарасындағы Кiшкенекөл және Бидайық ауылдарында 3 млн. теңгеден аса кiре берiс тобы орнатылды. Бидайық ауылының кiре берiс тобында электр қуатын үнемдеу мақсатында күн батареямен жарықтандырылған.

Сонымен қатар аудан орталығында 2,5 млн. теңгеге спорт алаңы және 3,2 млн. теңгеге ойын алаңы салынды.

Өткен жылы Кiшкенекөл ауылының А. Қазымбетов көшесi 673 мың теңгеге жарықтандырылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Жасыл экономика» концепциясы аясында электр қуатын үнемдеу үшiн 60 жарықдиодтты шырақтар 1 млн. 800 мың теңгеге сатып алынды. 2015 жылы ауданның 4 ауылы: Телжан, Жасқайрат, Мортық және Қаратерек жарықтандырылды. Бұл жұмыстар Кiшкенекөл ауылының 4 көшесi бойынша жалғастырылады.

2016 жылға жоспарлар:

  • Аудандық маңыздағы қысқы жолдарды (ақпан-наурыз) ұстап тұруға келiсiмшарт жасауға және Кiшкенекөл ауылының көшелiк-жолдық желiсiне 1 млн. 963 мың теңге;
  • 44 млн. 100 мың теңгеге КТU -100 Көктерек-Тоспа-Жасқайрат-Қайрат бағытындағы аудандық маңыздағы автокөлiк жолдарды ағымдағы жөндеу.

Таза ауыз сумен қамту

Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды басымдылықтарының бiрi болып табылады. Ауданда 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда.

Санитарлық ережелер мен нормаларды талаптарына сай сапалы су ауданда қоғамдық қолжетiмдiлiк деңгейi 94,2% құрады немесе 21 елдi-мекенiнiң жалпы тұрғындардын саны -16104 адам.

Орталық су құбырынан iлестiру пунктi арқылы 14 елдi мекен және 7 елдi мекенде су тазарту жүйесiн iске қосу арқылы ұңғымаларды пайдалануда.

Кiшкенекөл ауылында су құбырының таратушы желiсiне 28 км ұзындықтағы 957 тұрғын үй қосылған (56,9%).

2015 жылы «Чехов ауылы-Кiшкенекөл ауылы» су құбырын жөндеу жұмыстарын аяқтау үшiн қалған 7 км-ге 74 864,0 мың теңге бөлiндi. Игерiлдi 22 235,0 мың теңге — республикалық бюджет, 4 685,0 мың теңге — жергiлiктi бюджет.

4 елдi-мекенде Қаратерек, Жасқайрат, Тлеусай, Береке ауылдарының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесi өзектi. Осыған орай, ағымдағы жылы Қаратерек ауылын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасалынды, құрылысқа қажет қаражат 60 млн.теңгенi құрады.

Тлеусай ауылы бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшiн келiсiмшарт жасалынды (4 млн.теңге). Жасқайрат ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша «Приборостроительный завод Омега» АҚ-нан «Тазасу» ауыз суын дайындау үшiн жабдықтарды орнату туралы коммерциялық ұсыныс алынды. 2016 жылы орнатудың жалпы құны 10 млн.теңгенi құрады. 2008 жылы 26 желтоқсан күнi Береке ауылында геобарлау жұмыстары жасалынды. Жаскайраттағы үлгiмен жұмыс жүргiзiледi.

2016 жылы да тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы жалғасатын болады.

Кәсiпкерлiктi дамыту

«Нұрлы Жол — Болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестiң көлемi IЖӨ 50 пайызға дейiн арттыруды тапсырды. Бұл сөзсiз, үлкен жұмысты талап етедi және бiз бұны ауданымызда да жүзеге асыруымыз қажет. Ең алдымен, шағын және орта бизнеспен айналысатын тұрғындардың санын арттыру керек.

2015 жылы Уәлиханов ауданында шағын және орта кәсiпкерлiк саласында 789 объектi тiркелген. Соның iшiнде, өткен жылы 25 жеке кәсiпкерлiк, 14 фермерлiк шаруашылық және 8 жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк ашылды.

453 инфрақұрылым объектiлерi жұмыс iстейдi, жыл басынан ауданда 19 объект ашылды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 5 нысанға артық.

2015 жылдың 1 желтоқсанына 525 жаңа жұмыс орындары ашылды. Белсендi шағын бизнес кәсiпорындарының саны 1000 адамға шаққанда 2,6 бiрлiктi құрады (2014 ж. 01.06.-2,2).

Өткен жылдың басынан «Кзылту Несие» ЖШС НС 3 несие жалпы сомасы 31,190 мың теңгеге берiлдi (2014 жылы 5 несие — 11 млн.480 мың теңге).

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарлама бойынша жобалар:

  1. «Жақсы тұз Петропавл» ЖШС (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) Кiшкенекөл ауылында ас тұзын өңдеу бойынша жоба (техникалық тұз, ас тұзы, мал шаруашылыққа арналған тұз). Жобаның жалпы құны 1200,0 млн.теңге. Өнеркәсiптiң жалпы көлемi жылына 80 мың тонна тұз. 85 жаңа жұмыс орындары құрылады. Облыстық индустриаландыру картасына енгiзiлген.
  2. «Северная нива» ЖШС — 2015 жылы 60 мың тонна сыйымдылығымен элеватор бойынша жоба. Жобаның жалпы құны 2000 млн. теңге, соның iшiнде 700 млн.теңге «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша. Ағымдағы жылдың сәуiр айында құрылыс жұмыстары басталды, 60 жұмыс орындары құрылды, оның iшiнде 35 адам жергiлiктi тұғындар. Орташа айлық еңбекақы 55 мың теңгенi құрады. Қойма жайы салынды.

2015 жылы кәсiпкерлiк картасы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 19 жоба 39 млн.теңгеге қаржыландырылды: мал шаруашылығын, құс, қоян шаруашылығын дамыту, компьютерлердi жөндеу, аспаздық өнiмдер жасайтын пункт, ескерткiштердi жасау, ТҚС ашылуы, жүк және жолаушыларды тасымалдау, техниканы сатып алу. Қайта инвесициялау қаражаты бойынша 5 жоба 13,1 млн.теңгеге жүзеге асты. Барлығы 52,1 млн.теңгеге жобалар қаржыландырылған.

Бөлшек тауарайналым көлемi 2015 жылдың қаңтар-қараша айларында 2696,4 млн. теңге құрады, 2014 жылдың тиiстi кезеңiнен 1,1%-ға артты (қаңтар-қараша 2014 жыл –2427,7 млн. теңге). Физикалық көлем индексi-104,7%.

Негiзгi капиталға инвестиция көлемi 2277,1 млн.теңге құрады, немесе 2014 жылдың тиiстi кезеңiне 38% артты (қаңтар-қараша айлары 2014 жыл — 1648,5 млн. теңге). Физикалық көлем индексi -133,1%.

2016 жылға жоспарлар:

  • ауданда шағын және орта бизнестi дамыту;
  • Кәсiпкерлiк картасын 92,5 млн.теңгеге жүзеге асыру;
  • «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 15 жобаны 38 млн.теңгеге қаржыландыру;
  • Кiшкенекөл ауылында сыйымдылығы 60 мың тонна болатын «Северная Нива» ЖШС элеваторын ашу

Бюджет

Жергiлiктi бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдердiн жоспары 579 705,7 мың. теңге, орындалуы 581 199,8 мың.теңге немесе 100,3%. 1 494,1 мың.теңгеге асыра орындалды, оның iшiнде:

Облыстық бюджет — жоспар 230 257 мың.теңге, орындалғаны 230 257 мың. теңге немесе 100%.

Аудандық бюджет — жоспар 349 448,7 мың. теңге, орындалғаны  — 350 942,8 мың. теңге немесе 100,4%, асыра орындау 1 494,1 мың. теңге.

2015 жыл бойынша бюджеттiң шығыс бөлiгi 99,5 пайызға орындалды, жоспар бойынша 2 млрд.359 млн. 210 мың. теңге, орындалғаны 2 млрд. 347 млн. 244 мың. тенге, игерiлмегенi –11 млн. 966 мың. теңге құрады, оның iшiнде республикалық бюджет — 1 557,8 мың теңге, жергiлiктi бюджет — 10 108,4 мың теңге, соның iшiнде Қулыкөл-Қаратал жолдарын күрделi жөндеуге — 7863,1 мың теңге, аудандық маңыздағы жолдарды ұстап тұруға — 1 963,0 мың теңге.

2016 жылға жоспарлар:

Жергiлiктi бюджеттiң кiрiсi — 591 млн.991 мың теңге, оның iшiнде:

  • Облыстық бюджет — 224 млн.186 мың теңге, 2015 жылғы бекiтiлген облыстық бюджетпен салыстырғанда 10 млн.133 мың теңге азайды, 2015 жылға анықталған бюджеттен 6 млн.071 мың теңгеге азайды.
  • Аудандық бюджет — 367 млн.805 мың теңге құрайды, 2015 жылғы бекiтiлген жоспардан 32,2% артады немесе 89 млн.683 мың теңге, анықталған жоспардан 5,3% артады немесе 18 млн.355 мың теңге.

Бюджеттiң шығыс бөлiгi 2 млрд 462 млн.625 мың теңге құрайды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 5,9% артады (137 млн.672 мың теңге)

Жалақы

Халық тұрмысы деңгейiнiң артуының маңызды көрсеткiшi -жалақының тұрақты түрде өсуi.

Орташа айлық еңбекақы 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 63 911 теңге құрады (қаңтар-қыркүйек 2014ж. — 64 061 теңге), немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiне 99,8 пайыз құрады.

Жалақы қоры ауданның мекемелерi мен кәсiпорындарында 2015 жылдың қаңтар — қыркүйек айларында 1892,4 млн.теңге құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңiне 103,9% құрады (қаңтар- қыркүйек 2014жыл- 1821,9 млн.теңге).

2016 жылға жоспар:

Қаңтар айынан бастап бюджет жұмыскерлерiнiң жалақысы орташа 30% артатын болады.

Халықты әлеуметтiк қорғау

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгiнгi күнi халыққа әлеуметтiк көмек көрсету жұмыстары жалғасып келедi. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес Елбасы әлеуметтiк әлсiз қорғалған жандарға көмек көрсетудi, адами капиталға инвестицияны қамтамасыз ету сұрақтарына аса көңiл бөлген. Сонымен қатар, жұмыспен қамту бойынша әлеуметтiк бағдарламаларға қатысу жағдайында ғана табысы төмен жұмыспен қамтылған азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн болады.

2015 жылы 1279 адам ( жоспар -1154 адам) жұмысқа орналасты бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 135 адамға артты (01.12.2014 ж. -1144 адам). Тұрақты жұмыс орындарына — 1024 адам орналастырылды (жоспар-910), бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 73 адамға артты (01.12.2014 ж. — 951 адам).

525 жаңа жұмыс орындары (жоспар -500) құрылды, бұл өткен жылмен сәйкес келедi.

Қоғамдық жұмыстарына 214 адам қатысты, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 49 адамға арттық (2014 жылы — 165). Игерiлген қаражат 62752,0 мың.теңге.

2015 жылы 15 кәмелетке толмаған балалар төленетiн қоғамдық жұмыстарға орналасқан (жоспар — 14), оның iшiнде Ақбұлақ а/о — 2, Актүесай а/о — 5, Амангелдi а/о — 1, Бидайық а/о — 2, Қаратерек а/о — 1, Қайрат а/о — 1, Қарасу а/о — 1, Көктерек а/о — 1, Телжан а/о — 1.

2769,0 мың теңгеге жұмыссыз адамдардың еңбекақысын төлеу үшiн бағдарламалық iс-шараларға 41 әлеуметтiк жұмыс орындарын ашуға қарасытырылған. 9 ауылдық округтерде 41 әлеуметтiк жұмыс орындары құрылды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 13 адамға артық (01.12.2014 — 28).

21 жұмыссызды азаматтарды кәсiби оқытуға және қайта оқытуға жергiлiктi бюджеттен 1246,0 мың теңге қарастырылған. 2015 жылдың 1 желтоқсанына кәсiби оқытуға 19 жұмыссыз азаматтар жiберiлдi, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 2 адамға артық. 3 адам электромонтер, 2 адам газэлектрдәнекерлеушi, 9 адам аспазшы, 2 адам нан пiсiрушi, 2 адам хатшы-референт мамандығы бойынша аяқтаған.

Тұрғындардың мақсатты топтан жұмысқа орналасқандар — 570 адам немесе жоспардың орындалуы 123% (жоспар — 464).

Жұмыспен қамту бойынша сұрақтармен уәкiлдiк органдарында тiркелген жұмыссыздардың саны 2015 жылдың 1 желтоқсанына 21 адам құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 2 адамға артық (01.12.2014 — 23). Экономикалық белсендi тұрғындардың iшiнде тiркелген жұмыссыздардың үлесi 0,2% құрады.

2015 жылдың 1 желтоқсанында экономикалық белсендi халықтың саны — 8729 адамды құрады, соның iшiнде жұмыспен қамтылғандар 8289 адам немесе 95%, жұмыссыздар 440 адам. Экономикалық белсендi халықтан жұмыссыздардың үлесi 5% құрайды. Экономикалық белсендi халықтың санынан 5124 адам жалдамалы жұмыскерлер немесе 58,7%. 3165 адам өзiн өзi жұмыспен қамтығандар немесе 36,3%.

Ең төменгi өмiр сүру деңгейiнiң саны 596 адамды құрады (126 отбасы) немесе барлық тұрғындар санының 3,5%, соның iшiнде: 74 адам (17 отбасы) кедейлiктiң ең төменгi өмiр сүру деңгейi құрайды, азық-түлiк қоржынының көлемiнен төмен тұратындар 522 адам (109 отбасы).

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 992,0 мың қарастырылған 17 отбасыға берiлген, онда 74 адам тұрады, төлендi 913,9 мың теңге.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақы 719 балаларға (254 отбасыға) 11055,3 мың теңгеге қарастырылды, төлендi 10097,0 мың теңге.

2015 жылға 6 бос орындар жәрмеңкесiн өткiзу жоспарланды. Жыл басынан 5 бос орындар жәрмеңкесi өттi. Бос орындар жәрмеңкесiне қатысқан 130 адамның 70 адамы тұрақты және уақытша жұмыс орындарға орналасуға мүмкiндiк алды, оның iшiнде тұрақты жұмыс орындарға 57 жұмыссыз азаматтар, соның iшiнде 3 мүмкiндiгi шектеулi азамматар болды. Уақытша жұмыс орындарға (төленетiн қоғамдық жұмыстарға) — 13 адам, оның iшiнде 2 адам мүмкiндiгi шектеулi жанда.

Ауданда 123 кәсiпорындарда ұжымдық келiсiмшарт жасалған.

Ауданда 223 меморандум жұмыс iстеуде, соның iшiнде:

  • кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң әлеуметтiк қорғау бойынша өзара ынтымақтастық туралы экономикалық дағдарыс жағдайларында — 125 меморандум
  • азық-түлiк тауарларға бағаны тұрақтандыру туралы -44 меморандум
  • Уәлиханов ауданның әкiмшiлiгi, жұмыс берушi және кәсiподақ арасындағы өзара түсiнiстiк туралы, ынтымақтастық өндiрiстiк үдерiстердi тұрақтандыру мәселе бойынша және қызметкерлердiң еңбек құқықтарын қамтамасыз етуi мен жұмысқа орналастыру туралы -54 меморандум.

2016 жылға жоспарлар:

Өңiрлердi дамыту бағдарламасының аясында 2016 жылы жұмысқа орналасуға 1179 жұмыссыз азаматтар мүмкiнiдiк алады. Оның iшiнде:

  • 510 жаңа жұмыс орындарының ашылуы арқылы;
  • 170 жұмыссыз адамдар үшiн төленетiн қоғамдық орындарының ұйымдастырылуы арқылы (6,571 млн.теңге бөлiнген);
  • 41 әлеуметтiк жұмыс орындарының құрылуы арқылы, 1 367 млн.теңге қарасытырылған;
  • құрылған жұмыс орындарында жұмыс берушiлердiң өтiнiшi бойынша 458 адам жұмысқа орналасу арқылы.

Сонымен қатар ауданның бюджетiнде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтан бойынша 21 жұмыссыздарды оқытуға 2,9 млн.теңге қарастырылды.

2016 жылы жұмыс берушiлер мен жұмыссыз азаматтарға арналған 8 бос орындар жәрмеңкесiн ұйымдастыру жоспары бар.

Ауданға 15 отбасы көшiп келедi, оның iшiнде республика бойынша еңбек артықшылық аймақтардан — 7 отбасы және 8 отбасы оралмандар. Келетiн отбасылардың мүшелерi жұмыспен қамтылады және қажеттi құжаттармен қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк әлеуметтiк атаулы көмекпен 916,0 мың теңгеге 54 азқамтылған азаматтар қамтылған.

18 жасқа толмаған 593 балаларға мемлекеттiк жәрдемақы көрсетiледi. Осы мақсатқа барлығы 11,9 млн.теңге бөлiнедi.

Үйде оқитын 16 мүмкiндiгi шектеулi балалар да назарсыз қалмайды. Оларға әр тоқсанда 6,5 айлықтық есептiк көрсеткiш көлемiнде көмек көрсетiлетiн болады. Барлығы 882,0 мың теңге қаражат қарастырылған.Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қажет ететiн мүмкiндiгi шектеулi жандарды сауықтыру бойынша жұмыстар жалғасады.

38 мүмкiндiгi шектеулi азамматар гигиеналық құралдармен қамтамасыз етiлетiн болаты.

«Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысында бiрден-бiр басты бағыттарының бiрi болды.

2015 жылдың басынан жұмыспен қамту жол картасының сұрақтары бойынша қатысуға ауданның 206 тұрғыны келiп, бағдарлама қатысушылары болды. Соның iшiнде өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтар санатынан — 138 адам, жұмыссыздар бойынша 67 адам, аз қамтылған азаматтар санатынан 18 адам, 2,3 топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар санатынан 7 адам келдi. Келген азаматтардың жалпы санынан «29 жасқа дейiнгi жастар» бөлiгi 89 адам, әйелдер бөлiгi 65 адам құрады.

Жұмыспен қамту жол қартасын жүзеге асырудағы басты көрсеткiштiң бiрi тұрғындардың нысаналы топтары қатарынан қатысушыларды жұмыспен қамту болып саналады.

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» Бағдарламаның 1-шi бағыты шеңберiнде

-Өндiрiс ауылындағы «Өндiрiс ОМ» КММ-нiң ғимаратын күрделi жөндеу», бөлiнген қаражат 26539,0 млн. теңге. Қызмет мердiгерi ретiнде «Көкше Енисей» ЖШС анықталды. Жобада 15 жұмыс орны құрылды, соның iшiнде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 14 жұмыссыз азаматқа жұмысқа тұру жәрдемi жасалды. Жөндеу жұмыстары қыркүйектiң 1 күнi аяқталды, игерiлген қаражат 24960,0 млн. теңге.

«Жеке кәсiпкерлiк бастаманы қолдау» Бағдарламаның 2-шi бағыты шеңберiнде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қорымен 39,0 млн. теңгеге 19 бизнес -жоба қарастырылып, мақұлданды.

Бөлiнген қаражат толық көлемде игерiлдi.

Қайтарылған қаражат есебiнен 13,1 млн.теңгеге 5 несие алынды, оның iшiнде:

  • мал шаруашылығын дамытуға 3 жоба, жалпы сомасы 7,7 млн.теңге,
  • жүк тасымалдауды ұйымдастыруға 2 жоба сомасы 5,4 млн.теңге.

47 жұмыс орны құрылды.

«Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» 3-шi бағыты аясында 2015 жылы 6 бағдарламаға қатысушылар оқуды аяқтады: оның iшiнде 2 адам — «Хатшы-референт» мамандығы бойынша, медициналық колледжiне оқуға жiберiлген 4 бағдарлама қатысушысы «Жалпы практиканың медбикесi» — 2, «Жалпы практиканың фельдшерi» — 2 мамандықтары бойынша оқуды аяқтады. Орта кәсiптiк бiлiмi туралы дипломды алғаннан кейiн 2-i тұрақты жұмысқа тұрғызылды, 3-i жастар тәжiрибесiн өтуге жiберiлдi, 1-i бала күтуге байланысты демалыста.

Әлеуметтiк жұмыс орындарына 13 адамды жұмысқа тұрғызу жоспарымен, ауданның 11 ұйымдары мен мекемелерiне 17 адам әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлдi, қарастырылған қаражат 2072,0 млн.теңге. 2015 жылдың 1 қжелтоқсанына қатысты игерiлген қаражат 1876,0 мың теңгенi құрады.

Жастар тәжiрибесiн ұйымдастыруға 4483,0 млн.теңге қаражат қарастырылған. Жастар тәжiрибесiн өтуге 28 адам жiберiлдi, игерiлген қаражат 3677,0 млн. теңге.

2016 жылға жоспарлар:

  • Жұмыс берушiлердiң тiзбесiн құрастыру және олармен 3857,0 млн.теңгеге 14 әлеуметтiк жұмыс орындарын және 6871,0 млн.теңгеге 30 жастар практикасын ұйымдастыруға шарт жасау.
  • 38,0 млн.теңгеге ауданның жеке кәсiпкерлерi мен шаруашылық субъектiлерiне Бағдарламаның екiншi бағыты аясында несие қаражаттарын алуға (15 адам) жәрдемдесу. Кәсiпкерлiктiң негiздерiне 8 адамды оқыту және 2011-2015 жылдары алынған несиелерге әрдайым қадағалау жүргiзу. Ай сайын несие қаражаттарының қайтарылуына мониторинг жүргiзу.
  • Бағдарламаның бiрiншi бағыты аясында iске асырылатын жобалардың аумағындағы елдi-мекендердiң тұрғындарына әлеуметтiк жұмыс орындарына тұруға жәрдемдесу.
  • Ауданның тұрғындарымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасын iске асыру механизiмiн түсiндiру бойынша күнделiктi жұмыс жүргiзу, Бағдарлама бағыттарына қатысу үшiн азаматтардың көпшiлiгiн қамту.

Денсаулық сақтау

Мемлекеттiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң негiзгi басымдылықтарың бiрi — өмiр сүрудiң ұзақтылығын арттыру болып табылады.

Денсаулық сақтау жүйесi жалпы төсек қорының саны 75 орындық 1 орталық аудандық аурухана, 2 дәрiгерлiк амбулатория, 1 фельдшерлiк акушерлiк пункт, 20 дәрiгерлiк пункт құрылған. Қарамырза а. дәрiгерлiк пункт (19 адам) жабылды.

Ауданда барлық дәрiгерлiк амбулаториялар және медициналық пункттер 100% телефонмен қамтамасыздандырылған. ОАА-да 1 телемедициналық орталық қызмет жасайды.

Ауданның емдеу ұйымдарында барлығы 23 дәрiгер және 118 орта буындағы медициналық қызметкерлер жұмыс iстейдi, дәрiгерлермен қамтамасыз етiлгендiгi 10 мың халық санына 14,6 құрады, орта буындағы қызметкерлермен қамтамасыз етiлгендiгi 10 мың халық санына 72,1 құрады.

Жалпы дәрiгерлер санынан бiлiктiлiк категория 10 дәрiгерлерiнде бар немесе 43,4% құрады.

Кадрлардiң жетiспеушiлiгi 1 бiрлiк (акушер-гинеколог)құрады.

2015 жылдың 10 айында туу көрсеткiшi 14,89 1 мың халық санына құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңi — 14,62 (2014 ж. 10 айында — 210 бала туған, 2015 ж. 10 айында — 211 бала туған).

2015 жылдың 10 айында жалпы өлiм — жiтiм көрсеткiшi 1 мың халық санына 6,07 құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңi — 8,01 (2014 ж. 10 айында — 115 адам қайтты, 2015 ж. 10 айында- 86 адам қайтты).

2015 жылдың 10 айында туғандар саны қайтқан адам санынан 125 адамға артық, табиғи өсiм көрсеткiшi 8,82 құрады, 2014 ж. 10 айында– 6,61.

2015 жылдың 10 айында нәресте өлiмi 9,48 құрады (2 жағдай). 2014 жылдың 10 айында нәресте өлiмi тiркелмеген.

2016 жылы өткiзiлiп жатқан скринингтiк тексерулерге тұрғындардың арасында асқазан, өңеш және еркектiк без органдарында iсiктердiң алғашқы сатыларында анықтау үшiн алдын ала тексеру жұмыстары атқарылады.

Бiлiм беру

Бүгiнгi күнi «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында бiлiм беру саласында берiлген тапсырмалар негiзiнде жұмыс атқаруымыз қажет. Бұл — адами капиталдың сапасын арттыру, 12 жылдық бiлiм беру жүйесiн енгiзу, бiлiм беру стандарттарын жаңарту, ағылшын тiлiн оқытуға кезең-кезеңмен қосылу. Ең бастысы — шығарылатын кадрлардың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен бiлiм беру секторының экпорттық әлеуетiн арттыру болып табылады.

Сондықтан бiлiм берудiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi ауданның әлеуметтiк саласын дамытудағы ең басы басымдықтарының бiрi.

Бiлiм саласын дамыту мақсатында 2015 жылы 1572,0 млн. теңге бөлiндi, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8,4% артты.

Ауданда 24 мектеп, 2 балабақша, 22 шағын орталық, өнер мектебi, балалар жасөспiрiмдер клубы, балалар жасөспiрiмдер спорттық мектебi жұмыс iстейдi. Мектепте оқитын оқушылар саны 2742 оқушы. Ауылшаруашылық саласындағы кадрлердiң бастауыш кәсiби дайындығын ауылшаруашылық колледжiнде оқытады, студеннттер саны — 146.

Мектепке дейiнгi оқумен және тәрбиемен 1-6 жасқа дейiн -100,0% бала қамтылған, 3-6 жасқа дейiн -96%.

2015 жылдың 12 маусымдағы Көбенсай орта мектебiнде балаларға мектеп жанындағы лагер ашылды. Балалардың саны-45, 2 топ. Жоспар бойынша 225 бала 5 маусымға бағытталады, 1591,0 мың теңге бөлiнген.

Бiлiм берудiң негiзгi көрсеткiштерiнiң бiрi ҰБТ нәтижесi. Бiлiм сапасынан ауданымыз облыс бойынша бiрiншi орынды иелендi. Ауданның 124 оқушының 106-ы ҰБТ тапсырды. Тестiлеудiң нәтижесi бойынша 100 баллдан жоғары 18 түлек алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 түлекке артық. «Алтын белгiге» 7 түлек ақтап шықты, 1 түлек «Үздiк аттестат иегерi» атанды. Тестiлеуде аудан бойынша орташа балл 81,7 құрады. Аудандық көрсеткiштен жоғары балл алған 4 мектеп: мектеп-гимназия, Кiшкенекөл №2 орта мектебi, Озерный орта мектебi және Ақтүйесай орта мектебi.

Өткен жылы бiздiң аудан жас мұғалiмдердi жұмысқа орналастыру бойынша 1 орынды иеленгендiгiн ерекше айтқым келедi. 2015 жылы 53 жас маман бiлiм беру саласында жұмысқа орналасқан.

2015 жылы Кiшкенекөл мектеп гимназиясын күрделi жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама 1200,2 мың.теңгеге әзiрлендi. «Күншуақ» балабақшасына 600,0 мың.теңгеге 1 интерактивтi тақта және 1 компьютер сатып алынды. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Өндiрiс орта мектебiнiң ғимаратын күрделi жөндеуге 26539,0 мың теңге бөлiндi.

Ағымдағы жылы шаруашылық жолымен ауданның 4 мектебiнiң қазандықтары шығарылды: Телжан және Мортық орта мектептерiнiң жеке шығарылған қазандықтарының ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi; Көбенсай орта мектебiнiң қазандық ғимаратына жөндеу «Харланов» ЖШС демеушiлiктiң көмегiмен жүргiзiлдi; Бидайық орта мектебiне — қазандық бөлмесiнiң құрылысы.

2015 жылы жалпы бiлiм беру қорына 15,963 млн. теңге бюджеттен қарастырылған, оның iшiнде: аз қамтылған отбасы балаларының (553 бала) ыстық тамақпен ұйымдастыру үшiн, 150 бала арналған материалдық көмек, жазғы демалысты ұйымдастыруына Аққайын аудандағы Оқжетпес лагерiне 200 балаға жолдама сатып алуға, 450 балаға киiм және аяқ киiм сатып алуға, Астана және Петропавл қалаларына балаларға экскурсия ұйымдастыруына бөлiндi.

2016 жылға жоспарлар:

  • бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту, бiлiм берудiң сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады;

Жоспарланған:

  • Жамбыл және М. Әуезов орта мектептерiнiң ғимараттарын күрделi жөндеуге жобалық сметалық құжаттам үшiн 3 млн.теңге;
  • 4 мектептiң қазандықтарын сатып алу үшiн 5 млн.теңге бөлiнедi: Аққұдық, Қарашiлiк, Озерное және Кiшкенекөл №2 орта мектеп;
  • 4 мсектептiң қазандықтарын шығару үшiн материалдарды сатып алуға 3 млн.теңге: Елтай, Аққұдық, Қарашiлiк, Озерное
  • 1 млн. 300 мың тенге спортт құралдарын сатып алуға.

Мәдениет

Халықты мәдениет саласындағы өмiрге және қызметке тарту мақсатында барлық жағдайлар жасалынып келедi.

Ауданда 11 ауылдық клубтар мен 16 мемлекеттiк кiтапханалар бар.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Көбенсай демалу орталығына, Аққұдық ауылдық клубына 0,5 бiрлiкте мәдени ұйымдастырушы штатқа енгiзiлдi. 2015 жылдың 1 мамырынан бастап аудан бюджетiнен 10 ауылда мәдени ұйымдастырушы бiрлiктерi штатқа енгiзiлдi.

Биылғы жылы Ұлы Жеңiстiң 70 –жылдығына Ақтүйесай аулында әскери-патриоттық мұражай және Қайрат, Аққұдық, Бидайық, Молодая Гвардия, Мортық ауылдарында ескерткiштер ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Ақбұлақ ауылында жоғары деңгейде мерекелiк iс-шара өттi. Мерекеге Солтүстiк Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкiлдерi қатысты. Қазақ хандығының 550 жылдығына аудан орталығында ғылыми-практикалық конференция өттi. Бұған Үндiстан ғалымы Мансура Хайдар және бiздiң жерлесiмiз, ғалым, тарихшы Саттар Фазылұлы Мажитов қатысты.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қолауымен 2 жыл қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне арналған ақындар айтысы өттi.

Ауданда 70 клубтық құрылым бар, ондағы қатысушылар саны 638.

2015 жылдың 15 мамырында 147 адам облыстық мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығының тесттерiн тапсыруға қатысты, оның iшiнде 106 мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджет саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлер сертификатқа ие болды.

Аудан мақтаныштары:

Облыстық «Қазағымның киiз үйi» байқауында аудан 3-шi жүлделi орынды иелендi. Облыстық «Қазағымның бал қымызы» байқауында 3-шi жүлделi орынды иелендi;

Өнер мектебiнiң оқытушысы Иманхан Қуанған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты республикалық байқауда «Майский вальс» номинациясы бойынша 2 орынды иелендi;

«Сәлем Астана» Республикалық байқауда Өнер мектебiнiң оқушылары: «Домбыра соло» номинациясы бойынша Жанай Әдiл 1 орынды, Рахметуллина Фатима 2 орынды, Домбырашылар ансамблi 2 орынды иелендi;

2015 жылы Габрикова Ульяна «Тiл-татулық тiрегi» атты байқауында 1 орынға ие болып, облыс әкiмi Е.Х.Сұлтановтың қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Облыстық «Ой — сана» байқауында Тәжиден Камила жүлделi 1 орынға ие болып, қыркүйек айында болатын республикалық байқауға жолдама алды.

«Поэзия, менiмен егiз бе едiң?» атты Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар байқауында Бурасова Надира 2 орынды иелендi.

Қазақ тiлi мұғалiмдерi арасында «Тiл мерейi» облыстық байқауында Досханина Гүлiм ауданымыздың намысын қорғап, 2 орынды иелендi.

Кiшкенекөл №1 орта мектебiнiң оқушысы Диярат Дина облыстық «Аялаған Астана -2015» конкурсында 1 орынды иеленiп, Республикалық байқауда облыс намысын қорғады.

Мұқағали Мақатаев «Поэзия, менiмен егiз бе едiң?» атты ақындар байқауы өтiп Бурасова Надира 2 орынды иелендi.

«Тiл мерейi» атты облыстық байқауда Телжан орта мектебiнiң мұғалiмi Досханина Гулим 2 орынды иелендi.

2016 жылға жоспарлар:

  • Бидайық демалу орталығы күрделi жөндеуге 83 млн.теңге қаражат қарасытырлған;
  • 1 млн. теңге Жамбыл және Бидайық демалу орталықтарының мемлекеттiк сараптама жүргiзу үшiн бөлiндi.

Мемлекеттiк жастар саясатының iске асырылуы

Жастар — бiздiң болашағымыздың кепiлi.

«Нұрлы жол — Путь в будущее» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев бүгiнде жастар үшiн барлық есiктер және жолдар ашылғанын ерекше атап өттi.

2015 жылда ауданымызда 14 — 29 жас аралығындағы жастар саны 4017 адамды құрайды немесе жалпы тұрғындардың 23,7%, оның iшiнде мектеп жасындағылары — 648.

2014 жылдың қаңтарынан бастап «Жастар бастамалары орталығы» МКМ құрылды, орталық қаржыландыруы 6,8 млн.теңге., 9 бiрлiктегi штат құрылып, сонымен қатар ауылдық округтерде әдiскерлер бар.

Жастар саясатын жүзеге асыру жолындағы негiзгi басымдықтарының бiрi жастарды жұмыспен қамту болып табылады. 1 желтоқсан күнi жастар бастамаларының орталығына жұмыспен қамту сұрақтары бойынша 13 адам келдi, оның 7-уi жұмысқа орналасқан. 6 адам жұмыспен қамту бөлiмiне жiберiлген.

Өтiп бара жатқан жылы ауданымызда «Уәлиханов жастары» атты жастар қоғамдық ұйымы құрылды, бүгiнде ол ауданның әлеуметтiк өмiрiне белсендi ат салысып келедi.

«Қызылту құрамасы» атты Уәлиханов ауданының КВН командасы Солтүстiк Қазақстан облысының Жайдарман лигасына қатысып, нәтижесiнде жоғары бал жинап, Жайдарман ойындарының жартылай финалына өттi.

2016 жылы «Қызылту құрамасы» командасы Астана қаласында өтетiн «Маусымашар-2016» Республикалық КВН ойындарына қатысатын болады.

2016 жылы жастармен әрi қарай жұмыс жүргiзу жұмыстары жалғасын тауып, олардың бос уақыттарын өткiзу, салауатты өмiр салтына тарту, ауданның қоғамдық-саяси өмiрiне белсендi қатысуына ерекше көңiл аударылатын болады.

Спорт

«Қазақстан — 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы дене шынықтыру мәдениетiн және көпшiлiк спортты дамытуды, спорттық объектiлердi құрылысын жүзеге асыруды тапсырды.

Аудан аумағында 135 спорт нысандары жұмыс iстеуде. 2015 жылы 5 жаңа хоккей корты және 14 футбол алаңдар салынды.

Спортпен жүйелi түрде айналысатын адамдардың саны 4830 адам немесе тұрғындардың 28,2% құрады, оның iшiнде 3362 адам жастар.

2015 жылдың 26 ақпан-1 наурыз күндерi аралығында бiздiң жерiмiзде «Солтүстiк -2015» қысқы спорт ойындары өттi. Ауданымыздың құрама командасы футзалдан және шайбалы хоккейден 1 орынға ие болып, жалпы командалы 5 орынға ие болды.

24-25 шiлде аралығында А.Қазымбетовтың 80 жылдығына арналған кадеттер арасындағы Республикалық турнир өттi. Турнирге елiмiздiң 7 облысының 11 командасынан 93 спортшылар қатысты. 8 салмақ дәрежесi бойынша жарыстар өткiзiлдi.

Балалар-жасөспiрiмдер спорттық мектептiң 31 секциясын 330 балалар және жасөспiрiмдер қатысады. Спорттың 6 түрi бойынша (футбол, хоккей, жеңiл атлетика, еркiн күрес, қазақ күресi, шаңғы) жаттығады.

Балалар-жасөспiрiмдердiң дене шынықтыру клубына 250 балалар және жасөспiрiмдер қатысады.

Өткен жылы Кiшкенекөл №1 орта мектебiнде таэквандо секциясы ашылып, онда 50 адам жаттығуда.

Спорт жетiстiктер:

  • Балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң тәрбиенушiлер облыс чемпионатында кадеттер арасында қазақ күресiнен 2 орынға, еркiн күресiнен 3 орынға ие болды.
  • кiшi топ шайбалы хоккейден 1 орынға, жоғары топ 3 орынға ие болды;
  • кiшi және орташа топ футболдан «Былғары доп» 1 орын алып, балалар және жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң арасында облыс чемпион атағына иелендi;
  • облыс чемпионатында футзалдан бiздiң спорт мектебiнiң тәрбиенушiлер 3 орынға иелендi.
  • спорт мектебiнiң тәрбиенушiсi Қайыргелдин Ересен Қазақстан чемпионатында еркiн күрестен кадеттер арасында Қазақстан жүлдегерi атағына иелендi.

2016 жылға жоспарлар:

  • Дене шынықтыру және спортпен жүйелi айналысатындардың санын 28,6% арттыру.
  • Дене тәрбиесiмен жаппай спортты дамыту және дене-сауықтыру нысандарын салу бойынша жұмыстары жалғасады;
  • Бар стадиондар мен спорталаңдарын қайта құру және жөндеу жұмыстары жүргiзiледi.

Құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету

2015 жылдың 11 айдың iшiнде барлық бағыттар бойынша тiркелген қылмыстар саны 11,4%-ға көбейгенi (166-дан 185-ке дейiн) байқалады.

Жыл басынан 171 қылмыстық iс 2014 жылдың 150 қылмыстық iсiне қарасты аяқталды, аяқталған iстердiң ашуы — 93,4%. Өткен жылдардың қылмыстарынан 16 қылмыс iсi ашылды.

Ұрлық фактiлерi 36,1% төмендеуi тiркелдi (133-тен 85-ке дейiн), оның iшiнде тұрғын үй меншiгi ұрлығы 6,5% -ға төмендедi (31-ден 29-ға дейiн), ұялы телефондардың ұрлығы 12,5%-ға төмендедi (16-дан 14-ке дейiн); алаяқтық фактiлерi 100,0% төмендедi (3-тен 0-ге дейiн); қорқытып алу фактiлерi 66,7% төмендедi (3- тен 1-ге дейiн); қоғамдық жерлерде жасалған қылмыстар 11,1%-ға төмендедi (9-дан 8-ге дейiн); топта жасалған қылмыстар 42,9%-ға төмендедi (7-ден 4-ке дейiн).

Аса ауыр қылмыстар, оның iшiнде кiсi өлтiру, тiркелмеген.

Аудан бойынша ауыр қылмыстар 100,0% көбейдi (5-тен 8-ге дейiн факт) ашуы — 100 пайыз, бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстар 1350,0% көбейдi (6-дан 87-ге дейiн факт), маскүнемдiкпен жасалған қылмыстар 38,5%-ға көбейгенi байқалады (13-тен 18-ге дейiн), бұзақылық 100% көбейдi (0-ден 1-ге дейiн факт)-ашуы -100 пайыз; автокөлiк заңсыз пайдалану 100,0% көбейдi (1-ден 2-ге дейiн факт) ашуы — 100 пайыз, зорлаған фактiлерi 100,0%-ға көбейгенi байқалады (0-ден 2-ге дейiн) ашуы — 100 пайыз

Есiрткi сақтау фактiлерi 2015 ж. 11 айында — 9 факт тiркелген, 2014 жылдың сәйкес кезеңiнде — 9 факт. Есiрткi заттар контрабандасы бойынша — 1.

2015 жылы орнатылған бейнекамералардың арқасында 98 әкiмшiлiк құқықбұзушылық және 3 қылмыс анықталды. Осы бағыттағы жұмыс 2016 жылы да жалғасатын болады.

* * *

Сөз соңында, тағы да атап көрсету қажет, аяқталған 2015 жылдың бiз қол жеткiзген қорытындысы баршамыздың бiрлескен күш-жiгерiмiздiң, барлық деңгейдегi әкiмдердiң iскерлiк қызметiнiң және тұрғындардың бiздiң бастамаларымызды қолдауының нәтижесi болып табылады. Бiз мұнымен аудан алдында тұрған алдағы және ағымдағы мiндеттердi жүзеге асыру жөнiндегi өзiмiздiң болашақ жұмысымыз үшiн жақсы негiз қаладық.

Биылғы жылы бiз елiмiз үшiн аса маңызды оқиға — Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына аяқ басамыз.

Тәуелсiздiк жылдары атқарған iстерiмiзге көз салсақ, көптеген игi жетiстiктерiмiзбен мақтанып болашаққа жаңа мақсаттар жасап жатқанымызды баса айтқым келедi. Бiзде ортақ мақсат бар, ол — әлемнiң ең дамыған 30 мемлекеттiң қатарына қосылу болып табылады.

ҚР Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» атты Жолдауында алдымызда елiмiздi жаңа жетiстiктерге бастайтын қиын уақыттың келгенiн атап өттi. Ертеңгi күнiмiз бiздiң бiрлескен жұмысымызға байланысты, сондықтан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың белгiлеген стратегиялық мiндеттердi орындау үшiн белсендi жұмыс жасауымыз және барлық күш жiгерiмiздi бiрiктiруiмiз қажет.

Мақаланың шыққан күні: 08.11.2017 14:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.03.2019 18:52

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+