Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Кәсіпкерлік қызметті мемлекетпен қолдауы

Отбасылық сүт фермаларын қаржыландыру сомасы 155 млн. теңгеге дейiн өстi

Астана қаласы 2019 жылғы 27 ақпан

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жүзеге асырып жатқан «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүттi мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары 155 млн. теңге ала алады. Қуаттылығы 100 мал басына арналған отбасылық тауарлы сүт фермалары мал, жабдықтар мен техниканы сатып алады. Сондай-ақ, мал азық, жанармай сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын өткiзуге қажеттi айналым капиталын толықтыруға мүмкiндiк бар.

Ақпан айында Қор «Ырыс» бағдарламасы бойынша несиелендiру шарттарын өзгертуге шешiм қабылдады.

Әлеуеттi қарыз алушы ала алатын сома 85 миллионнан 155 миллион теңгеге дейiн көтерiлдi, — дейдi «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие департаментiнiң директоры Геррард Бааль. — Сонымен қатар, несие мерзiмi 12 жылға дейiн ұзартылды, бұрын несиелер 10 жылға берiлетiн. Мал, техника мен жабдықты сатып алу бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 16% құрайды, жылына 10% мемлекет субсидияланады. Тиiмдi мөлшерлеме жылына 6,4%-дан басталады.

Бұдан басқа, «Ырыс» бағдарламасының кепiлдiкпен қамту талаптары өзгердi. Бұрын кепiлдiкке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкi қойылатын болса, қазiр кепiлге болашақта несие қаржысынан сатып алынатын мүлiк — мал, техника, құрал-жабдықтар алынады.

Кепiлдiк құрылымы келесiдей болуы мүмкiн: 25%-на дейiн қолданыстағы жылжымайтын мүлiк ұсынылуы тиiс. Қалғаны — несиелiк қаражаттан сатып алатын мүлiкпен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

Бағдарлама басталғаннан берi Қор 114 отбасылық тауарлы сүт фермасын құру және кеңейтуге 4,4 миллиард теңге бағыттады. Несиелiк қаражаттың көмегiмен сүт бағытындағы 8 703 мал басы сатып алынды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша кеңес алу үшiн облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Семей қалаларында орналасқан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» филиалдары мамандарымен байланысу қажет.

Сонымен қатар, 8 800 080 3505 тiкелей желi бойынша қоңырау шалу арқылы алдын-ала кеңес ала аласыз (Қазақстан бойынша қоңырау тегiн). Қосымша ақпаратты www.kazagro.kz/web/fond сайтынан алуға болады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ — «ҚазАгро» холдингi құрамына кiретiн мамандандырылған қаржы-несиелiк ұйым. Қордың негiзгi мiндетi — ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметi

Тел. 8/7172/678 250 (iшкi 109), e-mail: pressa@fagri.kz 

«Атамекен» бизнеске арналған «Құжаттар конструкторын» іске қосты

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің нақты қажеттілігіне қарай құжаттарды автоматты түрде құруға мүмкіндік беретін келісім-шарттар нұсқаларының онлайн-сервисін іске қосты.

Заманауи ахуалда шағын және микро-бизнес өз қызметін белсендіру бойынша маңызды міндеттерді орындау, рұқсаттар мен мақұлдауларды алу, түрлі органдарға барумен қатар басты нәрсені — сауатты құрылған шарттар, заңгерлер мен бухгалтерлер кеңесі, заңдар мен актілер ережелерін білу бойынша шараларды ұмытып кетеді.

«Атамекен» бұл міндетті өзіне алып, BestProfi компаниясымен бірлесіп, бірегей сервис — «Құжаттар конструкторын» www.contract.аtameken.kz әзірледі.

Жаңа сервистің артықшылығы қандай?

Шағын және микро-бизнеске арнап, «Атамекен» осы сегментке анағұрлым өзекті 100 құжатты дайындап, «Бизнес құқығын қорғау» айдарында ашық қолданыста жариялады. Бұл қызметкермен еңбек келісім-шарты (оның ішінде шетел азаматымен), атқарылған жұмыс актісі, дүңгіршек немесе асхананы жалға алу шарты, бір реттік қызмет көрсету келісім-шарты және т.б.

Сервистің артықшылығы — кәсіпкер нұсқалық блоктарды қатар қолданып, өзінің қажетіне қарай құжаттарды «құрастыра» алады. Ыңғайлылық үшін сервис құрылған құжаттар нұсқасы тарихнамасы және контрагенттер деректерін сақтап отырады. Осылайша келесі жолы толтыру кезінде уақыт үнемделеді.

Оңай және ыңғайлы 

сontract.аtameken.kz сервисі пайдалануда ашық әрі ыңғайлы. Кәсіпкерлерге бар болғаны сайтқа тіркеліп, тегін «Бизнес құқығын қорғау» тарифын таңдау керек. Сервисте жарияланған келісім-шарттар үлгілері мүмкін болатын тәуекелдер ескерілген, кәсіпкерлердің құқығын қорғау механизмдері ойластырылып, әлеуетті шығындар барынша азайтылған. Бұған қоса әр құжат кәспкерлер арасында туындаған дауды сотқа дейін «Атамекеннің» Арбитраж орталығы арқылы шеше алатыны туралы тармақ бар. Дауларды осындай жолмен шешу — бизнестің уақыты мен қаражатын үнемдейді.

Қосымша мүмкіндіктер

Сервисте дайын құжаттардан бөлек, азаматтық еңбек, қалмыстық құқық, бухгалтерлік саласында практикалық тәжірибесі мол сарапшылардың 500 дайын кеңесі жарияланған. Сонымен қатар сервиске кәсіпкерлік жайында мемлекеттік органдандың 10 000 жауабы қамтылған. Сайтта іздеу тетігі арқылы бухгалтерия, заңгерлік, маркетинг және басқа да мәселелер бойынша вебинарларды көруге болады.

Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 16:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.04.2019 09:43

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+