Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік қызмет

http://sko.gov.kz/page/read/bestakim.html?lang 

«Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» шығармалар байқауы хабарландыру

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiсi күнiн мерекелеу шеңберiнде өскелең ұрпақта мемлекеттiк қызметке деген белсендi азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық әулеттерiн арттыру мақсатында «Менiң әкем (анамның) таңдауы-Қазақстан халқына қызмет ету!» шығармалар байқауы жарияланғанын хабарлаймыз.

Конкурсқа қатысуға 12-15 жас аралығындағы мемлекеттiк қызметшiлердiң балалары қатыса алады.

Конкурсқа құжаттар 2020 жылғы 05 маусымнан бастап 2020 жылдың 15 маусымға (қоса есептегенде) дейiн қабылданады.

Конкурстың ережесi туралы толық ақпарат Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң аумақтық Департаментiнiң және аудан Әкiмдiгiнiң ресми сайтына орналастырылған (ережесi).

Конкурс құжаттарын d.auganova@sko.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 87154279017 тел. нөмiрiне хабарласуға болады.

«Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауының ережесi

I. Жалпы ережелер

1. «Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауы (бұдан әрi — Байқау) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiсi күнiн мерекелеу шеңберiнде өткiзiледi.

2. Байқауды өткiзу, жұмыстарды бағалау тәртiбi, жеңiмпаздарды iрiктеп, Байқау жеңiмпаздарын марапаттау шарттары осы Ережемен белгiленген.

3. Байқау ұйымдастырушысы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi болып табылады (бұдан әрi  — Департамент).

II. Байқау мақсаты

4. Байқау мақсаты:

- мемлекеттiк қызметтi насихаттау;

- өскелең ұрпақта мемлекеттiк қызметке деген белсендi азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру;

- оқушылардың шығармашылық әулеттерiн арттыру болып табылады.

III. Байқауға қатысу шарттары

5. Байқау жасы 12-15 аралығындағы мемлекеттiк қызметшiлер балаларының арасында өткiзiледi.

Конкурстық жұмыста ТАӘ, туылған күнi, бiлiм беру ұйымының атауы (мектептер), байланыс телефонын (үй тел., мобильдi байланыс, e-mail мекен-жайы) көрсету қажет.

6. Шығарманы үмiткер өз еркiмен қазақ немесе орыс тiлдерiнде жазады, осыған дейiн шығарманың интернет желiсiнде және басқа да ақпарат көздерiнде жарияланбауы керек;

7. Конкурстық комиссия I, II, III орындарды иеленген жеңiмпаздарды анықтайды.

8. Байқау өткiзу мерзiмi мен кезеңдерi:

- 1 кезең: 2020 жылғы 5 маусымнан 15 маусымға дейiн — жұмыстарды қабылдау;

- 2 кезең: 2020 жылғы маусымның 16-18 аралығында — комиссиямен конкурстық жұмыстарды қарау, жеңiмпаздарды анықтау;

- 3 кезең: 19 маусым — жеңiмпаздарды марапаттау.

9. Шығармаларды бағалау кезiнде келесi талаптар назарға алынады (5 критерий):

- белгiленген тақырыпқа сай болуы;

- тақырыпты тереңнен ашу;

- стиль, мазмұндау тiлi;

- материалдарды стандартты емес ұсыну, өзектiлiгi;

- өз пiкiрлерiнiң болуы, аталған тақырыпқа өз көзқарасын көрсету.

10. Әрбiр критерий бойынша 5-балдық жүйе бойынша баға берiледi. Ең көп балдар жинаған үмiткер жеңiмпаз болып анықталады. Егер бiрнеше үмiткер балдардың тең санын жинайтын болса, Байқау жеңiмпазын анықтау жөнiндегi соңғы шешiмдi конкурстық комиссия төрағасы қабылдайды.

11. Конкурстық жұмыстар Департаментке ugu_sko@bk.ru электронды мекен-жайына немесе МОИП-тың g.zhusalina@kyzmet.gov.kz мекен-жайына «Шығармалар байқауы» сөзiмен жiберiледi. Байланыс телефондары: 36-01-42, 87071571421

4. Жеңiмпаздарды марапаттау

12. Жеңiмпаздар дипломдармен марапатталады.

13. Байқау қорытындысы мен жеңiмпаздары туралы ақпарат БАҚ-та, Департаменттiң ресми сайтында, әлеуметтiк желiлерде орналастырылады. Үздiк конкурстық жұмыстар Департаменттiң интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

«Е-gov үздiк пайдаланушысы» байқауының ережесi

«Е-gov үздiк пайдаланушысы» байқауының ережесi

1. Жалпы ережелер

1.1. «Е-gov үздiк пайдаланушысы» байқауы (бұдан әрi — Байқау) Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен өткiзiледi (бұдан әрi — Департамент).

2. Байқау мақсаты

2.1. Байқау электронды мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

3. Байқауға қатысу шарттары

3.1. Сайыс Солтүстiк Қазақстан облысының 16 және жоғары жастағы тұрғындары арасында өткiзiледi.

3.2. Конкурстық комиссия байқаудың бiрiншi кезең тапсырмаларын орындауға аз уақыт жұмсағандар арасында I, II, III орын иеленген жеңiмпаздарды анықтайды.

3.3. Байқау кезеңдерi:

I кезең

Байқау Webex Meet веб-сайтында үмiткерлер және байқау комиссиясы мүшелерiнiң тiкелей эфирiнде қосылуымен өткiзiледi, сайысқа қатысушылармен тапсырмалардың орындалуына баға берiледi.

Бекiтiлген кестеге сәйкес а.ж. 9 маусымда байқауға қатысушылар бөлек online жиналысқа қатысып, үш тапсырма орындайды:

- электронды-цифрлық қолтаңба алу (бұдан әрi — ЭЦҚ);

- электронды мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алу (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет түрiн байқау комиссиясы белгiлейдi);

- мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi «Анықтамаларды үшiншi тұлғалармен алу» қызметi арқылы алу (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет түрiн байқау комиссиясы белгiлейдi).

Әрбiр үмiткер оған дейiн болған байқауға қатысушының жиналыстан шыққанынан кейiн бағаланады.

2 кезең

Байқау қорытындысын шығару, оның нәтижесiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (а.ж. 15 маусымға дейiн)

3.4. Тапсырмаларды орындауға жұмсалған уақыт санау талаптары:

- электронды-цифрлық қолтаңба алу үшiн уақыт e-gov порталына кiргендiктен ЭЦҚ алғанына дейiн;

- ЭЦҚ арқылы электронды мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алу үшiн уақыт e-gov порталындағы жеке кабинетке кiргендiктен «Сауалға оң нәтиже берiлдi» деген жағдайға дейiн;

- «Анықтамаларды үшiншi тұлғалармен алу» қызметi арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн мына сервиске кiргендiктен «Сауал жiберiлдi» деген жағдайға дейiн есептелiнедi.

3.5. Байқау тапсырмаларын орындауға ең аз уақыт жұмсаған үмiткер жеңiмпаз болып анықталады.

3.6. Өтiнiмдер а.ж. 5 маусымға дейiн ugu_sko@bk.ru электронды поштаға немесе МОИП-тың g.zhusalina@kyzmet.gov.kz мекен-жайына «Байқау» белгiсiмен жiберiледi.

4. Жеңiмпаздардың марапатталуы

4.1. Жеңiмпаздар дипломдармен марапатталады.

4.2. Байқау қорытындысы және жеңiмпаздары туралы ақпарат БАҚ және Департаменттiң ресми сайтында орналастырылады.

Қосымша (DOC 14 Kb)

Жас мемлекеттiк қызметшiлер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты жалпыұлттық эссе байқауын өткiзу туралы хабарландыру

ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы жас мемлекеттiк қызметшiлер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты үздiк эссе байқауын жариялайды.

Байқауға 40 жасқа дейiнгi (қоса алғанда) мемлекеттiк қызметшiлер қатыса алады.

Эссе өткiзу мерзiмi: 2020 жылғы 20 мамырдан 05 маусымға дейiн.

Конкурстың ережесi туралы толық ақпарат аудан Әкiмдiгiнiң ресми сайтына орналастырылған (Әдiстеме сiлтемесi).

Конкурс құжаттарын d.auganova@sko.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 87154279017 тел. нөмiрiне хабарласуға болады.

Жас мемлекеттiк қызметшiлер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты жалпыұлттық эссе байқауын өткiзу туралы хабарландыру

ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы жас мемлекеттiк қызметшiлер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты үздiк эссе байқауын жариялайды.

Байқауға 40 жасқа дейiнгi (қоса алғанда) мемлекеттiк қызметшiлер қатыса алады.

Эссе өткiзу мерзiмi: 2020 жылғы 20 мамырдан 05 маусымға дейiн.

Конкурстың ережесi туралы толық ақпарат аудан Әкiмдiгiнiң ресми сайтына орналастырылған (Әдiстеме сiлтемесi).

Конкурс құжаттарын d.auganova@sko.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 87154279017 тел. нөмiрiне хабарласуға болады.

«Қазақстан Республикасының үздiк мемлекеттiк қызметшiсi» Республикалық конкурсын өткiзу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының үздiк мемлекеттiк қызметшiсi» Республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттiк қызметте бiр жылдан кем емес өтiлi бар, сондай-ақ алынбаған әкiмшiлiк және тәртiптiк жазалары жоқ мемлекеттiк қызметшiлерге жол берiледi.

Конкурсқа құжаттар 2020 жылғы 25 мамырынан бастап 2020 жылдың 29 мамырына (қоса есептегенде) дейiн қабылданады.

Конкурстың ережесi туралы толық ақпарат Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң аумақтық Департаментiнiң және облыс Әкiмдiгiнiң ресми сайтына орналастырылған (Әдiстеме сiлтемесi).

Конкурс құжаттарын d.auganova@sko.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 87154279017 тел. нөмiрiне хабарласуға болады.

«Үздiк ауыл әкiмi» Республикалық конкурсын өткiзу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жолдауында айқындалған «Халық үнiне құлақ асатын мемлекеттi» қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру аясында «Үздiк ауыл әкiмi» Республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткiзу кезеңi: 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттiк қызметте әкiм лауазымында бiр жылдан кем емес өтiлi бар, сондай-ақ алынбаған әкiмшiлiк және тәртiптiк жазалары жоқ ауыл әкiмдерiне жол берiледi.

Конкурсқа құжаттар 2020 жылдың 25 мамырынан бастап 15 маусымына (қоса есептегенде) дейiн қабылданады.

Конкурстың ережесi туралы толық ақпарат Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң аумақтық Департаментiнiң және облыс Әкiмдiгiнiң ресми сайтына орналастырылған (Әдiстеме сiлтемесi).

Конкурс құжаттарын d.auganova@sko.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 87154279017 тел. нөмiрiне хабарласуға болады.

Қосымша (ZIP 57 Kb)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр

Мемлекеттiк қызметшiлердiң iскерлiк киiмi туралы негiзгi ұсынымдары

Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп стандарттарының жаднамасы

Мақаланың шыққан күні: 07.11.2017 16:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.06.2020 15:40

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Шілде 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+