Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік қызмет имиджі

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бiр мақсат, Бiр мүдде, Бiр болашақ» Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Уәлиханов ауданында жүзеге асырылу барысын ақпаратты-насихаттау бойынша iс-шаралар жоспары (iске асыру мерзiмi: 2014 жылғы қаңтар-2014 жылғы желтоқсан)

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі еңбек заңнамасында қарастырылған қызметкерге жалпы ескерту жариялаудан ерекшеленеді.

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі мен ерекшелігі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген.

Түсініктеме

Қызметшілер тарапынан азын-аулақ іс-әрекет жасалған жағдайда, сонымен қатар мемлекеттік органның тәртіптік комиссия (одан әрі — Комиссия) теріс қылық туралы деректерді қарастырғанға дейін кадрлық қызмет немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғаларымен қызметшіден жазбаша түсініктеме сұратып алуы қажет.

Егер қызметші жазбаша түсініктемеде осы теріс қылықты өзім істедім деп келіссе, онда мемлекеттік орган басшысы қызметтік тергеу жүргізусіз ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға құқығы бар.

Қызметтік тергеу

Егер қызметші өзінің жазбаша түсініктемесінде осы теріс қылықты істедім деп келіспесе, онда мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесімен анықталған тәртіпке сәйкес қызметтік тергеу жүргізілуі тиіс.

Қызметтік тергеу барысында кадрлық қызмет немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары теріс қылық жасау және басқа да тергеу негіздерінің жағдаятына қатысты жанжақты және толық материалдар мен мәліметтерді жинап, дәлелді қорытындыға сәйкес материалдарды мемлекеттік органның әртүрлі бөлімшелеріне тапсыратын үш мүшеден тұратын және мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын Комиссияға қарастыруға тапсырады.

Егер қызметтік тергеу нәтижесінде қызметші қылмыс белгісін көрсететін іс-әрекетке барғанықталса, мемлекеттік орган немесе уәкілетті орган басшысы бірден алған материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыру қажет.

Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен, өкімімен белгіленеді.

Саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы актілер төмендегідей болуы мүмкін:

  • Республика Президентінің Жарлығы немесе өкімі;
  • Республика Үкіметінің қаулысы;
  • Республика Премьер — Министрінің өкімі;
  • Орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының және басқа да уәкілетті лауазымды тұлғалардың бұйрықтары немесе заңнамамен қарастырылған басқа актілер;
  • Жазалау туралы актіде жазаға тартылатын тұлға, теріс қылық жасағаны үшін жаза мен жаза түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік органның кадрлық қызметі тәртіптік жаза қолдану туралы өкім шыққан сәттен үш күндік мерзімде тәртіптік жазаға тартылған қызметшіні актіге қол қою жолымен таныстыруға міндетті.

Ескертулер мен жазалар туралы актілер және мәліметтер қызметшінің атқарған қызметтерінің тізіміне енгізу жолымен мемлекеттік органның кадрлық қызметімен ескеріледі.

Тәртіптік ретте жазаланатын, жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметшіге мемлекеттік орган басшысымен белгіленген жазалар туралы, ақпарат кадрлық қызметпен ҚР Бас прокуратурасының арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі Комитетке міндетті ұсынуға жатады.

Қызметшінің түсініктеме беруден бас тартуы

Егер мемлекеттік қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартса, онда бұл жаза қолдануға кедергі болуы мүмкін.

Сонымен бірге, қызметтік тергеу материалдарын Комиссияға қарауға тапсыру және қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанға қатысты қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы жағдайында жаза қолдану туралы шешімді қабылдау үшін кедергілер жоқ.

Мұндай жағдайда кадрлық қызмет қызметкерімен немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен түсініктеме беруден бас тартуы туралы сәйкесінше акт жасайды.

Тәртіптік жаза кіммен салынады

Тәртіптік жаза лауазымдық өкілдігіне сәйкес құқығы бар тұлғалармен салынады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшіге қатысты мұндай тұлға мемлекеттік орган басшысы болуы мүмкін.

Осылайша, мемлекеттік орган басшысы өздігінен немесе Комиссия ұсынысының негізінде келесідей шешім қабылдайды:

  • сәйкесінше жаза қолданады;
  • материалдарды қосымша тергеуге жолдайды;
  • жаза қолданбайды.

Саяси қызметкерлерге қатысты тәртіптік жаза салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың нақты тізбесі анықталған. Қызметшілерге жаза:

  • Мемлекет Басшысымен тағайындалатын, Мемлекет Басшысының мемлекеттік орган немесе басқа уәкілетті лауазымды тұлғасы, осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсынысы бойынша немесе өзінің жеке бастамашылығы бойынша жазаланады;
  • Президент Әкімшілігі, Әкімшілік Басшысымен тағайындалатын — Әкімшілік Басшысының жеке бастамашылығы немесе Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі басшыларының ұсынысы бойынша;
  • Премьер — Министр Кеңсесі және орталық атқару органдары — Үкіметпен немесе Премьер — Министрдің жеке бастамашылығы немесе сәйкесінше Кеңсе басшысы, Үкіметтің басқа мүшелері, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдары басшыларының ұсынысы бойынша;
  • Парламент Платасы аппараты — Палата Төрағаларының ұсыныс бойынша осы Палаталардың Бюросы;
  • Жергілікті атқару органдары — осы атқару органдарының жоғары тұрған басшылары;
  • Басқа саяси мемлекеттік қызметшілер — өзінің жеке бастамашылығы бойынша мемлекеттік орган басшылары немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсынысы бойынша.

Тәртіптік жаза қолдану кезіндегі шектеулер

Қызметшіге жаза қолдану туралы жұмыс берушінің актісі мынадай кезеңдерде шығарылмайды:

  • қызметшінің уақытша жұмысқа жарамсыздығы;
  • қызметшінің демалыста болуы;
  • қызметшінің іссапарда болуы.

Қызметшіге әрбір тәртіптік теріс қылық үшін тек бір ғана тәртіптік жаза қолданылады.

Еңбек Кодексімен және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында қарастырылмаған тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

Мақаланың шыққан күні: 07.11.2017 17:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.03.2019 18:50

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+