Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Білім беру

«СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-сінің паспорты

Білім беру жүйесі

  • Барлық білім беру мекемелері — 27
  • Оқушылар саны — 2686
  • Жалпы білім беретін мектептер — 24, оның ішінде:
  • Орта — 18, негізгі — 6
  • Қазақ тілінде білім беретін мектептер — 17
  • Аралас тілде білім беретін мектептер — 7

Қосымша білім беретін мекемелер:

  • «Өнер мектебі» КММ — 1
  • «Дене шынықтыру дайындығы балалар және жасөспірімдер клубы» КММ — 1
  • «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» — 1

Бюджет — 1898168,5 мың.тг.

  • Бала-бақшалар — 2
  • Шағын орталықтар — 22
  • Мектеп жанындағы интернаттар — 2

Педагогикалық кадрлық потенциал:

  • Мұғалімдер саны — 603, оның ішінде:
  • Жоғары білімді — 475
  • Арнайы орта білімді — 128
  • Жоғары санатты — 100
  • Бірінші санатты — 185
  • Екінші санатты — 139
  • Орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында біліктілікті көтеру курсынан — 183, қысқа мерзімді курстан — 156, үш тілдік курстан — 5 педагог өтті.

Білім беру саласының кәсіподақ ұйымы

  • Бастапқы кәсіподақ ұйымы — 28
  • Кәсіподақ мүшелері — 1508

Уәлиханов ауданының білім беру жүйесі

Орта бiлiм беру, құрамы, контингент

Аудан бойынша 24 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi, соның iшiнде 20 шағын жинақталған, 4 толық комплект мектеп бар. Олардың 18-i орта, 6-сы негiзгi мектеп. 2017-2018 оқу жылы оқушылар саны-2684 (2016-2017 оқу жылы 2686). 17 мектеп қазақ тiлiнде бiлiм берсе, 7 мектеп аралас тiлде бiлiм бередi. 2405 оқушы қазақ тiлiнде оқыса, 279 оқушы орыс тiлiнде бiлiм алады.

Ауданымыздың бiлiм беру жүйесiнiң ерекшелiгi орыс тiлiнде бiлiм беретiн мектептiң жоқтығы.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру

Аудан бойынша мектепке дейiнгi мекемелер желiсi 24 бiрлiктi құрайды. Оның iшiнде: 2 — бөбекжай бақшасы, 22 шағын-орталық. Барлық 24 мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде мемлекеттiк тiлде оқытылады.

Жалпы 910 — бала тәрбиеленуде. Мектепке дейiнгi бiлiммен қамту 1 жастан 6 жасқа дейiн 88% құрайды (2017 жыл 91%) 3 жастан 6 жасқа дейiн 100%.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде 129 тәрбиешi еңбек етедi. Оның iшiнде жоғары санатты және бiрiншi санатты тәрбиешi 30 (26%-ды құрайды).

Ауданда «Балдәурен» КММ бөбекжай-бақшасында 1 санаторлық топ жұмыс iстейдi, топта 25 бала. Әуезов ОМ жанындағы шағын орталық 15 орынға кеңейтiлдi.

Қосымша бiлiм беру

Ауданда өнер мектебiнде 210 (2017-210 бала), денешынықтыру дайындығы балалар және жасөспiрiмдер клубы (250 бала), балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебi (386 бала). Қосымша бiлiм берумен қамтылған оқушылар үлесi 31,7%.

«Өнер мектебi» КММ, «Денешынықтыру дайындығы балалар және жасөспiрiмдер клубы» КММ жұмысын жүргiзу үшiн 23564 мың. т. қаражат бөлiндi.

Жаңартылған бiлiм мазмұны

2017-2018 оқу жылында жаңартылған бiлiм мазмұнымен бiлiм алуды қыркүйекте 2, 5, 7-сыныптар жалғастырды.

Жаңартылған бiлiм беру мазмұны бойынша қайта даярлау курсынан 184 мұғалiм, бiлiм бөлiмнiң әдiскерлерi, мектеп басшылары мен оқу iсi орынбасарлары барлығы 22 адам қурстардан өттi. Ағымдағы оқу жылы 150 мұғалiм бiлiктiлiгiн арттырды.

2018-2019 оқу жылы ауданымыздың 16 мектебi үш тiлдiк оқуға көшедi. Үштiлдiлiктi енгiзу жоспары бойынша химия, биология, информатика, физика пәндерiнiң 32 мұғалiмi тiл курстарынан өттi.

Материалдық қамтылуы

Жергiлiктi бюджеттен Қаратерек ОМ-не 6500 мың.т. «Газель» автокөлiгi алынды. Мортық орта мектебiнде 11476 мың. т. күрделi жөндеу өткiзiлдi.

Жергiлiктi бюджеттен өңiрлердi дамыту бағдарламасы аясында Көбенсай, Шағырсай, М. Жұмабаев ат. ОМ-терге терезе, шатырларын жөндеуге 2100 мың. т. игерiлдi. 4 мектепке 1331 мың. т. су өткiзiлдi (Қайрат ОМ, Чернигов ОМ, Бидайық ОМ, Шағырсай НМ).

3 мектепке күрделi жөндеу жүргiзуге 149641,1 мың. т. сметалық жобалық құжаты дайындалған (Жамбыл ОМ, Кiшкенекөл №2 ОМ, Ақтүйесай ОМ).

Ресурстық орталық

Шағын жинақталған мектептiң мәселесiн шешу мақсатында 3 магниттiк мектептi қамтыған Кiшкенекөл №2 орта мектебiнде тiрек (ресурстық) мектеп жұмыс iстейдi: Аққұдық НМ, Қарашiлiк НМ, Шағырсай НМ-терi. Күзгi, көктемгi тоқсандық демалыстар уақытында (18 оқушыға) 1, 2 сессияны өткiзуге 281 мың. т. игерiлдi.

2017-2018 оқу жылынан бастап Әуезов орта мектебiнде ресуртық орталық ашылып, Жасқайрат НМ, Береке НМ, Қаратал НМ оқушыларына (16 оқушы) 1, 2 сессиясын өткiздi. 222,8 мың. т. қаражат жұмсалды.

Жалпыға бiрдей бiлiм беру қоры

Жалпыға бiрдей бiлiм беру қоры бойынша 2018 жылға жалпы — 27462 мың тг. бөлiндi, оның iшiнде: аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету (590 оқушы) үшiн — 19588 мың тг.

Жазғы демалыстың ұйымдастырылуына жолдама алуға (250 балаға) 3750 мың тг.;

430 балаға арналған киiм — кешек сатып алу үшiн — 16670 мың тг.;

сауықтыру алаңдарында 270 баланы тамақпен қамтамасыз ету үшiн — 1134 мың тг.;

300 оқушыны жазғы мектептерде тамақпен қамтамасыз ету үшiн — 1260 мың тг.;

материалдық көмек көрсету үшiн — 175 мың тг.;

Аз қамтылған, көпбалалы, жетiм, қамқорлықтағы және асырап алынған 22 баланы Астана, Петропавл қалаларына экскурсияға апару үшiн 263 мың теңге.

Бiлiм жетiстiктерi мен сапасы

2016-2017 жылдың бiрыңғай ұлттық тестiлеуге 143 оқушыдан 116-сы қатысты. Аудан бойынша көрсеткiш — 80,2 (облыс аудандары арасында II орын). Ауданымыз ҰБТ-ға қатысу пайызы — 81,1 (I орын облыс мектептерi арасында)

«Алтын белгi» иегерлерi — 17, 7 оқушы жеке үлгiдегi үздiк аттестатқа ие болды, 22 түлек 100 және 100-ден жоғары балл алды. Аудан бойынша 5 түлек 50 балдық жүйеден кем алды.

2017-2018 оқу жылы 170 түлек 11 сыныпта оқиды. Бүгiнгi күнi ҰБТ-ға қатысуға ниет бiлдiрiп отырған оқушылар саны — 134.

Болжам бойынша «Алтын белгi» үмiткерлер саны — 16, үздiк аттестатқа-үмiткерлер — 15. ҰБТ-ға дайындық жұмыстары негiзiнде мамыр айында өткiзiлген алдын-ала тестiлеудiң орташа көрсеткiшi — 92,3.

Кадрлармен қамтылуы

Уәлиханов ауданының мектептерiнде 2017-2018 оқу жылында 598 мұғалiм (2016-2017оқу жылы 603 мұғалiм) жұмыс жасайды, оның 474-i жоғары, 124-i арнаулы орта бiлiмдi.

Жоғары санатты педагог саны — 103, бiрiншi санатты — 195, екiншi санатты — 135 болса, санатсыз — 165. құрады. 2017 жылы 14 мұғалiмге жоғары санат, 29 мұғалiмге бiрiншi санат берiлдi. Аудан бойынша жоғары және бiрiншi санатты мұғалiмдер саны — 298 (50%)

Ауданға 2017-2018 оқу жылында 27 жас маман келдi. Оның 12-сы жоғары бiлiмдi, 15-сi арнайы орта бiлiмдi. Барлығы жұмыспен қамтылды.

2018 жылы 21 мұғалiм жоғары санатқа, 47 мұғалiм бiрiншi санатқа өтiнiш бiлдiрдi. 21 мұғалiмнiң 14-i санатын көтерсе, 7-сi растады. 47 мұғалiмнiң 23-i санатын көтерсе, 24-i растады.

Аудан мектептерiнде математика, физика, орыс тiлi пәндерiнiң мұғалiмдерi жетiспейдi.

Жазғы демалыстың ұйымдастырылуы

Уәлиханов ауданы бойынша 1-10 сынып аралығында 2504 оқушы бар. 2018 жылдың жаз айларында 2431 оқушы жазғы демалыспен және түрлi iс-шаралармен қамтылады жоспарланып отыр, ол 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 97%-ды құрайды. Ағымдағы жылы ауданда 24 мектеп жанындағы сауықтыру алаңдары жұмыс iстейдi және онда 1090 оқушы қамтылады. Жазғы сауықтыру алаңында ыстық тамақты ұйымдастыру үшiн жергiлiктi бюджеттен мемлекет көмегiне мұқтаж 270 балаға 1134 мың теңге бөлiндi, ал бастауыш сыныптың 820 оқушысы демеушiлер мен ата-ана есебiнен тамақтанатын болады. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерiне 250 жолдама сатып алу үшiн жалпыға бiрдей бiлiм беру қорынан 3 750 теңге бөлiнiп, қазiргi күнi конкурс жариялануда. Жазғы уақытта аз қамтылған, көпбалалы, жетiм, қамқорлықтағы және асырап алынған 22 баланы Астана, Петропавл қалаларына экскурсияға апару үшiн 263 мың теңге жоспарланды. Сондай-ақ, ауданымыздың 60-ға тарта оқушысы ата-аналарымен бiрге алыс-жақын шетелдерге (мысалы, Ресей Федерациясы, Омбы қаласы, Бiшкек қаласы…) демалысын жоспарлап отыр. Ауданымызда 9 палаткалы және 8 этномәдени лагерьлер де жылдағыдай өз жұмыстарын жалғастырады, онда 5-8 сыныптардан 890 оқушы қамтылады.

Оқулықпен қамтылуы

Жергiлiктi бюджеттен 005 бағдарламасы аясында (оқулықтар, оқу-әдiстемелiк құралдар сатып алуға) 19437 мың теңге бөлiндi. 2017-2018 оқу жылы оқулықпен қамту 100%-ды құрады.

Облыстық бюджеттен қосымша 2, 5, 7 сыныптарға жаңартылған бiлiм беру мазмұнын жаңарту аясында жаңа стандартты оқулықтар сатып алу үшiн 16029,7 мың теңге қаражат берiлдi.

Келесi 2018-2019 оқу жылы 3, 6, 8, 10 сыныптарға жаңа стандарт бойынша оқулықтар алынады.

Цифрландыру

Қазiргi сәтте робототехника кабинетiмен ауданның 3 мектебi жабдықталған. (Кiшкенекөл №1 орта мектебi, Кiшкенекөл №2 орта мектебi, Бидайық орта мектебi) 2018-2019 оқу жылы қаражат бөлiнсе Ақтүйесай орта мектебi, Әуезов орта мектебi, Кiшкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы, Мортық орта мектептерiне роботехника кабинеттерiн алу жоспарлануда.

Ауданның барлық 24 мектебi кеңжолақты Интфернет жүйесiне қосылған, жылдамдығы 4-тен 8 Мбит/сек. дейiн. Олардың 15-сi «Қазақтелеком » АҚ, 9-ы «Astel» компаниясымен қызмет жасайды. Мектептерде 33 желi нүктесi бар, жаңа оқу жылының басында тағы қосымша 10 желi нүктесiн қосу жоспарланды. Wi-Fi технологиясының базасы арқылы 20 мектеп сымсыз Интернетпен қамтылған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап, қалған 4 мектептi Wi-Fi-мен қамту жоспарланып отыр. Барлық мектептер ақпараттық жүйе «Күнделiк», «Bilimland», «Agartu» сайттарымен 100% қамтасыз етiлген. «Bilimland», «Agartu» сайттарына 7248 мың тг. жұмсалды.

Аудан мектептерiнде 14 мультимедиялық кабинетi, 17 физика кабинетi, 9 химия кабинетi 5 биология кабинетi бар. Интербелсендi құрылғылар саны — 76.

Ауданда қызметтiң автоматтандырылуы жоспарлануда. «Мектепке дейiнгi жастағы балаларды автоматты түрде кезекке қою», 24 мектепке дейiнгi мекемелерге және «Мектеп жасындағы балаларды автоматты түрде кезекке қою» үшiн 8 779,8 мың тг. сомасына.

2018 жылғы 20 тамызға дейiн Кiшкенекөл №2 орта мектебiне IT-сынып ашуға 5+1 компьютерлер 1000 мың. тг. алу жоспарланды. Қазiргi сәтте қомақты демеушi қарастырылуда.

Компьютерлер саны — 629 дана, 5 оқушыға 1 данадан үлеседi. Ескiрген жөндеудi қажет ететiн компьютерлер саны — 243 дана.

21 мектеп, 2 балабақшаға (377 камера) бейнебақылаумен қамтылды.

2018 жылы Кiшкенекөл №2 орта мектебi АIIБ-нiң пультiсiне қосылған.

2018-2019 оқу жылының басына дейiн аудан орталығының 2 мектебiн АIIБ-нiң пультiсiне қосу жоспарланды.

Уәлиханов ауданы бойынша мектептердiң және оқушылардың саны

Мектептің аталуы Барлығы сыныптар Барлығы оқушылар  
Казақ мектептер
1 Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназия 16 272
2 Өндіріс орта мектебі 10 75
3 Ақтүйесай орта мектебі 11 117
4 Қаратерек орта мектебі 10 30
5 Көбенсай орта мектебі 10 79
6 Озерный орта мектебі 10 29
7 Жамбыл орта мектебі 11 56
8 Мортық орта мектебі 11 83
9 Әуезов орта мектебі 11 193
10 Қайрат орта мектебі 11 64
11 Елтай орта мектебі 10 54
12 Қарашілік негізгі мектебі 9 35
13 Шағырсай негізгі мектебі 9 28
14 Береке негізгі мектебі 9 39
15 Каратал негізгі мектебі 8 43
16 Жаскайрат негізгі мектебі 8 24
17 Аққұдық негізгі мектебі 7 24
  Барлығы казақ мектептер 171 1245
Аралас мектептер
1 Кішкенекөл №1 орта мектебі 28 449
2 Кішкенекөл №2 орта мектебі 30 544
3 Бидайық орта мектебі 12 143
4 Чернигов орта мектебі 17 78
5 Телжан орта мектебі 15 84
6 Чехов орта мектебі 18 83
7 М. Жұмабаев атындағы орта мектебі 13 58
  Барлығы аралас мектептер 133 1439
  Барлығы 304 2684

Уәлиханов ауданы бойынша оқушылар саны нормаға сәйкес келмейтiн мектептер

Мектептің аталуы Барлығы сыныптар Барлығы оқушылар Жылына 1 балаға қаражат,
мың. тенге
1 Шағырсай негізгі мектебі 9 28 910,0
2 Жасқайрат негізгі мектебі 8 24 871,7
3 Қарашілік негізгі мектебі 9 35 839,5
4 Береке негізгі мектебі 9 39 746,8
5 Аққұдық негізгі мектебі 7 24 930,0
6 Озерный орта мектебі 10 29 808,3
7 Қаратерек орта мектебі 10 30 895,2
8 Елтай орта мектебі 10 54 601,8
9 М. Жұмабаев атындағы орта мектебі 13 58 785,6
10 Кайрат орта мектебі 11 64 636,2
11 Жамбыл орта мектебі 11 56 673,1
12 Өндіріс орта мектебі 10 75 627,4
13 Чернигов орта мектебі 17 78 672,5

Аудан бойынша 2018 жылға мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiне 3-6 жас аралығындағы кезекте тұрған балалар жоқ.

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2017 09:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.03.2019 14:11

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Шілде 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+