Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» Бағдарламасының іске асырылуы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы №919 қаулысымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) қабылданып, ағымдағы жылдың 20 қаңтарында өз күшіне енді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты — өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, жұмыссыздарды және басқа біліктілігі жоқ тұлғаларды нәтижелі жұмыспен қамтуға үш бағыт бойынша тарту:

  • жаппай оқыту және Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерік негіздеріне дағдыларды баулу;
  • жаппай кәсіпкерлік үшін жағдай жасау;
  • жұмыспен қамту және еңбек ұтқырлығын қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бұл бағдарламаны іске асыруға:

  • 2017 жылы — 85,3 млрд. теңге;
  • 2018 жылы — 87,2 млрд. теңге;
  • 2019 жылы — 100,3 млрд. теңге қарастырылған.

Бірінші бағыт бойынша оқыту бойынша іс-шаралар шеңберінде екі механизм қолданатын болады:

Бірінші механизм — бұл алдымен мектеп бітіргеннен кейін оқу орындарына түсе алмай қалған аз қамтылған отбасылардан болған жастар үшін колледждер негізіндегі 2,5 жылға дейін тегін техникалық және кәсіптік білім беру.

2017 жылы Уәлиханов ауданы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру көлемінің жоспары 10 адам.

Екінші механизм — колледждер мен «Атамекен» ҰКП оқыту орталықтары негізінде ұйымдарды қатыстырумен қосарлы оқытудың қысқа мерзімді кәсіптік оқытуы, мерзімі 1 айдан 6 айға дейін,.

Ағымдағы жылы аудан бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 45 адам қамтылады.

Оқуды, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларды қажет ететін барлық жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өте алады.

Екінші бағыт бойынша ауылда сияқты, қалаларда да микрокредиттеудің құралдарын кеңейту ұсынылады.

Басты міндеттерінің бірі, өз ісін ашуға немесе бар ісін кеңейтуге өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен жұмыссыздарды және кепілдікке мүлкі жоқ болған азаматтарды да қоса, микрокредиттеуге қолжетімділікті қамтамасыз ету болып саналады.

Микрокредит 6% жылдық мөлшерімен, мерзімі 7 жылға дейін, қаражаты 16 млн.теңгеге дейін беріледі, соның ішінде 1,5 млн.теңгеге дейін кепілдік көлемі жетіспеген жағдайда бастаушылар үшін 85% дейін, әрекет етуші кәсіпкерлер үшін 50% дейін несиелерге кепілдік беру механизмі қолданатын болады.

Бағдарламаға сәйкес, қалаларда микрокредиттер екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) арқылы жүзеге асырылады, операторы «Даму» КДҚ» АҚ.

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттер «АШҚҚҚ» АҚ, сондай-ақ кредиттік серіктестіктер мен МҚҰ арқылы жүзеге асырылады, операторы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ.

Уәлиханов ауданы бойынша 2017 жылға 19 адамға 72,0 млн.теңге қаражат қарастырылған

2017 жылдың 5 маусымына қатысты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на қарастыру үшін 21,0 млн. теңгеге алты қарызгердің құжаттары жіберілді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 100 адамды тегін оқыту жоспарлануда, қарастырылған қаражат барлығы 11389,0 мың теңге, соның ішінде:

  • оқытуға 9713,0 мың теңге;
  • материалдық көмекке — 1676,0 мың теңге.

2017 жылдың 5 маусымына қатысты тестілеуден 84 адам өтті. Бірінші топтың оқытылуы 2017 жылдың 17 сәуірінде басталды, құрамы 42 адам, соның ішінде 22 мамыр күні 38 адам оқуды аяқтап, сертификат алды, төртеуі қатыспаған үшін оқудан шығарылды. Екінші топтың оқытылуы 22 мамыр күні басталды, оқуға 22 адам кірісті.

Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1. жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар, лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру міндеттері шеңберінде Укіметпен белгіленген өңірлерге өз еркімен көшіп-қонушы азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қарастырылған. Бұл келешекте күшейе түсетін өңірлердегі диспропорцияның асқынуымен байланысты.

2017 жылы басқа өңірлерден 28 отбасы 140 адам, оралмандардан 7 отбасы 21 адам көшіру жоспарлануда, бұған, көшуге төленетін субсидия төлеу үшін 5982,0 мың теңге қаражат қарастырылған, сонымен қатар 85 адам көшушілер мен оралмандар үшін тұрғын үйді жалға алу шығындарының орнын толтыруға 9739,0 мың теңге субсидия қарастырылған.

3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру. Бағдарламаның осы бағыты жұмыс іздеу үшін және белгілі санаттағы азаматтардың жұмыспен қамтылуын қолдау үшін» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын немесе «Еңбек биржасы» құруды көздейді.

Бұл жұмыс Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында іске асырылатын болады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адамды жіберу жоспарланған, 17 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, бір жылға қарастырылған қаражат 4121,0 мың теңге.

Шілде айынан бастап жастар тәжірибесін ұйымдастыру көзделген, қарастырылған қаражат 6812,0 мың теңге, жоспар 20 адам.

2014 жылдың 1 қыркүйегiне қатысты «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттiк бағдарламасын орындау барысы туралы ақпарат

Бағдарламада қатысу сұрақтары бойынша келген азаматтардың саны 273 адам, оның iшiнде 221 адам Бағдарламаның бағыттары бойынша қатысуға өтiнiш бердi және әлеуметтiк шартқа отырды.

Келген азаматтардың iшiнен 2014 жылдың 30 тамызына қатысты жiберiлдi: 

  • жастар тәжiрибесiне — 49 адам;
  • әлеуметтiк жұмыс орындарына — 25 адам, оның iшiнде 1 мүгедек, 2 аз қамтылған;
  • бос жұмыс орындарына жұмысқа тұрғызылды 83 өзiн-өзi қамтыған азаматтар, оның iшiнде 4 мүгедек, 1 аз қамтылған азамат және кадрларды қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарына 10 жұмыссыз азамат жiберiлдi.

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының 1-шi бағыты шеңберiнде бiрiншi транш бойынша «Кiшкенекөл селосының көшелерiн ағымды жөндеу» инфрақұрылымдық жобасында жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 17 жұмыссыз азаматқа жұмысқа тұру жәрдемi жасалды, оның iшiнде 2 мүгедек, бөлiнген қаражаттың жалпы сомасы 20,0 млн. теңгенi құрайды. Өткiзiлген конкурстың қорытындысы бойынша 1,0 млн. 04 теңге сомасында үнемдеу бар. Қызмет жабдықшаушысымен шарт («Көкше Енисей, Көкшетау қаласы») 18999,9 мың теңгеге жасалды, оның iшiнде 2014 жылдың 30 тамызына қатысты 15299,132 мың теңге игерiлдi, бұл шарт сомасының 80,5% құрайды. Қызмет жабдықтаушысымен жөндеу жұмыстары аяқт алды. 204 жылдың 25 тамызында атқарылған жұмыстарды қабылдау бойынша жұмыс комиссиясы өткiзiлдi.

Екiншi транш бойынша 4 жобаны iске асыру жоспарланып отыр, олар:

  1. 30871,0 мың теңгеге «Ақбұлақ селосындағы мектептi күрделi жөндеуге» бағытталдған, конкурс бiлiм бөлiмiмен 2014 жылдың 21 шiлдесiнде жарияланды, конверттердi ашу 26 тамыз күнi болды. Конкурстың нәтижесi бойынша Көкшетау қаласындағы, Көкшетау-Енисей ЖШС-сi белгiлендi;
  2. 16140,0 мың теңгеге «Поликлиника ғимаратының және өткелдiң төбесiн күрделi жөндеу, Кiшкенекөл селосындағы Уәлиханов орталық аудандық ауруханасының аумағын абаттандыру. Конкурс облыстық денсаулық сақтау басқармасымен жарияланды, нәтижелерi 2014 жылдың 18 қыркүйегiнде белгiлi болады;
  3. 49687,0 мың теңгеге «Кiшкенекөл селосындағы Уәлиханов орталық аудандық ауруханасының ғимаратын күрделi жөндеу». Конкурс облыстық денсаулық сақтау басқармасымен жарияланды,нәтижелерi 2014 жылдың 18 қыркүйегiнде белгiлi болады;
  4. 9857,0 мың теңгеге «Аудандық кiтапхана ғимаратын жөндеу», конкурс қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы, «Кокше-Енисей» ЖШС-сi белгiлендi.

Аталған жобаларды iске асырумен 61 жұмыс орындары құрылатын болады, оның iшiндегi 31-не жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жұмысқа тұрғызылады. Бұл бағытта кадрларды iрiктеу жұмысы екi селолық округтiң әкiмдерiмен бiрлесiп жүргiзiлдi (Ақбұлақ, Кiшкенекөл).

«Ауылда кәсiпкерлiктi дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тiрек ауылдарды дамыту» 2-шi бағыты аясында 34 бағдарлама қатысушысы Петропавл қаласында кәсiпкерлiктiң негiздерiн оқытатын екi жұмалық курстан өттi. Ағымдағы жылға 100,0 млн. теңге көлемiнде қаражат қарастырылған. 2014 жылдың 17 қыркүйегiне қатысты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен 94,0 млн. теңгеге 40 бизнес-жоба қарастырылып мақұлданды, оның iшiнде 77,3 млн. теңге алынды. Несие алынғаннан кейiн қарызға алушылармен 33 жұмыс орны құрылды, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiктi ашумен — 24, бизнестi кеңейтумен — 16. 6,0 млн теңге сомасына 2 бағдарлама қатысушыларының құжаттары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да қарастырылуда жатыр және ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейiн қарастыру қорытындысы бойынша толығымен игерiлетiн болады. Несие қаражатының игерiлуi 100% құрайды.

Жетiспейтiн инженерлiк коммуникацияны өткiзуге ЖСҚ-ға сәйкес, «Темiрбекова Р.М.» ЖК шағын-наубайханасының жұмысы үшiн қызмет жабдықтаушысы «Амреев и К.» ЖК, Көкшетау қаласы, КТП сатып алуға 2014 жылдың 25 қыркүйегiне дейiн орналастырылады.

Ақбұлақ селосындағы шағын наубайханаға су құбырларын өткiзуге жарияланған екiншi конкурс бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

«Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»3-шi бағыты аясында.

Бiрiншi компонент бойынша оқу орындарымен жасалған келiсiм шарттарға сәйкес және жұмыс берушiлердiң тапсырысы бойынша кадрларды қайта даярлаудан және бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан 10 жұмыссыз азамат мына мамандықтар бойынша өттi: ағаш ұстасы — 1, шаштараз — 1, әлеуметтiк жұмысшы — 2, ЭВМ операторы — 1, электрик — 1, аспазшы — 1, маникюр бойынша шебер — 1, «Бухгалтерия -1С» — 2.Оқуды өткiзуге 1742,0 мың. теңге сомасында қаражат қарастырылған, оның iшiнде игерiлгенi — 1345,8 мың теңге.

2014 жылдың 1 сәуiрiнен бастап бiлiктiлiгiн арттырудан 2 адам өтедi, («Бухгалтерия-1С» бағдарламасы бойынша) қарастырылды 106,0 мың теңге және 2014 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап 2 адам кәсiптiк оқуға жiберiлердi, қарастырылған қаражат — 374,0 мың теңге. Барлық кадрларды қайта даярлаудан және бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткен бағдарлама қатысушылары ауданның ұйымдары мен мекемелерiне жұмыс берушiлердiң тапсырыстары бойынша алған мамандақтарына сәйкес жұмысқа тұрғызылды.

Ағымдағы жылы 2011-2013 жылдары Петропавл қаласының әртүрлi колледждарына жiберiлген 14 бағдарлама қатысушысы оқуды аяқтады. Оның iшiнде 2 қатысушы тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды, 8 адам жастар тәжiрибесiн өтуге жiберiлдi, 2 — тұрақты мекен-жайын ауыстырды,1 — жоғарғы оқу орнының күндiзгi бөлiмiне оқуға түсуге ниет бiлдiрдi, 1 бағдарлама қатысушысы Елтай орта мектебiне жұмысқа тұрғызылатын болады.

Ауданның 11 кәсiпорындары мен ұйымдарында 25 әлеуметтiк жұмыс орындары ұйымдастырылды, орта айлық жалақысы 52,0 мың теңге. Бюджет тарапынан қаржыландыру 35 пайызды құрайды. Бөлiнген қаражат 3857,0 млн. теңге, 2014 жылдың 30 тамызына қатысты 2477,0 мың теңге игерiлдi, бұл 8 айдың қаржыландыру жоспарына сәйкес — 100%.

Жастар тәжiрибесiмен жоспарға сәйкес 34 оқу орындарының жас түлектерi қамтылады. Қарастырылған қаражат сомасы — 6753,0 мың теңге. Жыл басынан бастап ауданның 32 кәсiпорындары мен ұйымдарында жастар тәжiрибесiн өту үшiн 49 жас маман жiберiлдi, игерiлген сома 2893,4 мың теңгенi құрады, бұл 8 айдың қаржыландыру жоспарына сәйкес — 99,7%.

Тұрақты жұмыс орындарына тұруға 83 жұмыссыз азаматқа жәрдем жасалды.

Екiншi компонент бойынша пайдалануға берiлген 8 жеке тұрғын үйлерiне 2014 жылдың 26-27 тамызында әлеуметтiк—экономикалық даму әлеуетi төменелдi мекендерден 8 отбасы көшiрiлдi. (Малқара ауылы — 3, Қарамырза ауылы — 4), «29 жасқа дейiн ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетiм балалар» санатынан Кiшкенекөл селосынан — 1. Көшiрiлетiн адамдардың жалпы саны 35 адамды құрайды, оның iшiнде жұмысқа жарамды — 18 адам, мектепке дейiнгi жастағы балалар — 7, мектеп жасындағы балалар — 3, студент — 1, зейнеткерлер — 4, мүгедектер — 2.

Уәлиханов ауданы 2014 жылдың №266 әкiмдiгiнiң Қаулысымен 8 жеке тұрғын үйлерi жұмыспен қамту орталығының балансына тапсырылды. 7 отбасының 32 мүшесiне 362,0 мың теңге көлемiнде көшуге арналған субсидий төленетiн болады. Ауданның жұмыс берушiлерiнiң ықылас хаттамаларына сәйкес 8 жұмысқа жарамды отбасы мүшелерiне бiр ай мерзiм iшiнде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына тұруға жәрдем жасалады.

Мүгедектердi жұмысқа тұрғызуға жәрдем жасау үшiн қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды, жұмысқа тұруды қажет ететiндердiң ақпарат базасы құрылды. Жыл басынан бастап тұрақты жұмыс орындарына — 4 мүгедек, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 1 мүгедек тұрғызылды, 1 мүгедек несие алу арқылы өз iсiн ашуға ниет бiлдiрiп, оқудан өттi, 2 мүгедекке инфрақұрылымдық жобада жұмыс iстеуге жәрдем жасалды.

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының жұмысы бекiтiлген ережелер мен нормативтiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi, азаматтардың өтiнiштерi «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» автоматтандырылған жүйеге енгiзiледi. Жыл басынан бастап Бағдарлама туралы 10 мәтiн жарияланды.

ЖҚ орталығының директоры А. Мұхамедьярова

Мақаланың шыққан күні: 14.11.2017 17:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.03.2019 18:45

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+