Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Рухани жаңғыру

Бидайық ауылында Коворкинг орталығының ашылуы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 18 маусым күнi Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Бидайық ауылдық округiнiң Демалыс орталығында Коворкинг орталығы салтанатты түрде ашылды.

Iс-шараға Солтүстiк Қазақстан облысының «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси жұмыс бөлiмiнiң меңгерушiсi Гүлнәр Өмiржанқызы Халыкова, қоғамдық қабылдау бөлiмiнiң сарапшысы Динара Хамитқызы Ауғанбаева, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi Айзада Нұрланқызы Рахметова, Уәлиханов ауданы әкiмiнiң орынбасары Айгүл Зендақызы Жауарова, Уәлиханов ауданының «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының бiрiншi орынбасары Маржан Маратқызы Латыпова және ауыл тұрғындары қатысты.

Құттықтау сөз және ашу рәсiмi Солтүстiк Қазақстан облысының «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси жұмыс бөлiмiнiң меңгерушiсi Гүлнәр Өмiржанқызы Халыковаға берiлдi.

Коворкинг орталығында ауыл тұрғындары бос уақыттарын өткiзу мүмкiндiгi бар және ауыл жастары бас қосып кеңесетiн орын.

30.11.2017

Тұңғыш Президент күнiне арналған салтанатты жиын өттi

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi мерекесiн аталып өтуiне орай аудандық мәдениет үйiнде 30 қарашада салтанатты шара өттi. Мемлекеттiк маңызға ие болған мерекеге аудан әкiмi Медет Оспанов, мекеме бөлiм басшылары, ауылдық округ әкiмдерi, ел тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиын барысында сөз алған аудан әкiмi Медет Оспанов барлық жиналған қауымды осы мемлекеттiк мерекемен құттықтады.

Ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына сүбелi үлес қосқан бiрқатар азаматтар Уәлиханов ауданы әкiмiнiң Құрмет Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. «Нұр Отан»партиясы Солтүстiк Қазақстан облыстық төрағасының бiрiншi орынбасарының Алғыс хаты және бiрқатар азаматтарға партиялық билеттер салтанатты түрде табысталды.

Аудан деңгейiнде Тұңғыш Президентi күнi мерекесiне орайластырылып спорттың сегiз түрi бойынша өткен жарыс нәтижесi анықталды.

Салтанатты шараның соңы «Туған жер» бағдарламасы аясында республикалық ақындар айтысымен жалғасты.

Тұңғыш Президент күнiне арналған салтанатты жиын өттi Тұңғыш Президент күнiне арналған салтанатты жиын өттi Тұңғыш Президент күнiне арналған салтанатты жиын өттi

24.11.2017

«Туған жерге туыңды тiк!» атты мұражайға саяхат сабағы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында 2017 жылғы 24 қараша күнi Бидайық орта мектебiнiң өлкетану мұражайына «Туған жерге туыңды тiк!» атты саяхат, демалыс орталығының мәдени қызметкерлерi және мектептiң оқушыларының қатысуымен өттi.

Өлкетану мұражайында оқушылар ауылдың жеткен жетiстiктерi және тарихи деректерiмен, естелiктермен танысты. Iс-шара барысында оқушылар өздерiн толғандыратын сұрақтарына жауап алып, пiкiр алмасып, ризашылықтарын бiлдiрдi.

Мұражайда қазақтың ұлттық киiмдермен қатар, ою — өрнек, ұлттық киiм — кешек және қойылған экспонаттарды тамашалады.

«Туған жерге туыңды тік!» атты мұражайға саяхат сабағы

«Туған жерге туыңды тік!» атты мұражайға саяхат сабағы

21.11.2017

«Қазақстан халқының рухани бiрлiгi: өткенi мен келешегi» атты кiтәп көрмесi

21 қараша күнi аудандық және ауылдық кiтапханаларында «Қазақстан халқының рухани бiрлiгi: өткенi мен келешегi» атты кiтәп көрмелерi ұйымдастырылды. Ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүйелiк кестенiң орындалуы тұрақты бақылауда тұр.

Көрмеге елiмiздiң осы күнгi жетiстiктерiн баяндайтын кiтәптар, жазбалар, монографиялар қойылды. Көрмеге келушiлер өз ойларымен де бөлiсе алды.

«Қазақстан халқының рухани бірлігі: өткені мен келешегі» атты кітәп көрмесі

«Қазақстан халқының рухани бірлігі: өткені мен келешегі» атты кітәп көрмесі

16.11.2017

«Елiмнiң тағдыры-менiң тағдырым» атты жастар акциясы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүйелiк кестесiне сәйкес 16 қараша күнi Жастар бастамалары орталығының қызметкерлерiмен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған басымдылықтарды iлгерiлету мақсатында «Елiмнiң тағдыры-менiң тағдырым» атты жастар акциясы басталды. 

Акцияның бiрiншi қатысушылары — денсаулық сақтау және бiлiм саласының қызметкерлерi Елбасымыздың бағдарламалық құжатына байланысты өздерiнiң ойларымен бөлiстi.

15.11.2017

«Отты жылдар куәсi» тарихтық сағат

Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округiнiң Аққұдық негiзгi мектебiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi жүйелiк кестеге сәйкес «Отты жылдар куәсi» атты тарихтық сағат өткiзiлдi. 

Тарихтық сағаттың негiзгi мазмұны мен идеясы келесi сөздерден туындады — «Тәуелсiздiк тұғырының берiк, еңсемiздiң биiк болуы да, елiмiздiң өркендеуi мен гүлденуi де — Жеңiстiң нәтижесi болып табылады. Сондықтан бiз қашанда Отанымыздағы бейбiтшiлiк орнауы жолында ерлiк көрсеткен Қазақстандық батыр ұлдар мен ер жүрек қыздардың есiмдерiн мақтанышпен еске аламыз, олардың алдында басымызды иемiз».

14.11.2017

«Спорттық Қазақстан» акциясы аясында спартакиада өткiзiлдi

ҚР Тұнғыш Президентi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Спорттық Қазақстан» акциясы бойынша 14 қарашада Ақтүйесай ауылында педагог ұжымының арасында жүйелiк кестеге сәйкес спартакиада өткiзiлдi. 

Спорт iс-шараларына қатысушылардың саны 30 адам, соның iшiнде зейнеткерлер саны — 4, жастар саны — 26 адам болды. Волейбол жарыстарына ер адамдар және әйелдер қатысты.

«Спорттық Қазақстан» акциясы аясында спартакиада өткізілді

13.11.2017

«Туған өлкем» көрмесi

Ауыл тұрғындарында белсендi өмiрлiк позициясын қалыптастыру, Қазақстанның жаңғыруы аясында танымдылықты нығайту мақсатында 2017 жылы 13 қараша күнi «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған «Туған жер» жобасын жүзеге асыру жолында Ақбұлақ ауылдық округi Ақбұлақ ауылдық кiтапханасында «Туған өлкем» көрмесi ашылды.

Өзiнiң мақаласында Президент нақтылағандай, «Сынаптай сырғыған уақыт ешкiмдi күтiп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзi сияқты жалғаса беретiн процесс», осы процестiң маңыздылығын көрме барысында тарих пәнiнiң мұғалiмi Уажанов Б.Қ., мұғалiм зейнеткер Вьюшкина Т.А., ауыл тұрғыны зейнеткер Капизов Ж.О. және Чехов орта мектебiнiң сынып оқушылары тағы да айтып кеттi.

«Туған өлкем» көрмесі

«Туған өлкем» көрмесі

13.11.2017

Үкiметтiк емес ұйымдармен кездесу

Бекiтiлген жоспарға орай 13 қараша күнi Уәлиханов ауданының әкiмi М. Оспанов ауданда қызмет жасап отырған үкiметтiк емес ұйымдарының басшыларымен кездесу өткiздi. 

Кездесуге 5 үкiметттiк емес ұйымдарының басшылары және аудан әкiмдiгi жанындағы үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара әрекеттесу жөнiндегi аудандық консультациялық кеңесiнiң мүшелерi қатысты. 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентi Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы рухани жаңғырудың негiзгi бағыттары талқыланды. «Елбасымыздың осы бағдарламалық құжатын орындауында қоғамымыздың барлық институттарын тарту қажеттiгi назарымызда. Бүгiнгi кездесудiң басты мақсаты — өздерiңiз басқарып отырған ұйымдарыңызды барынша Елбасымыздың алдымызға қойған мiндеттерiнiң орындалуына атсалыстыру», — деп атап өттi аудан әкiмi.

Үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары өз ойларын ортаға салып, алдағы тұрған жұмыс-мiндеттерге тоқталды.

Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу

Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу

«Латын әрпiне көшу — заман талабы» дөңгелек үстел

2017 жылдың 21 қыркүйек күнi аудандық орталықтандырылған кiтапханалар жүйесiнде «Латын қарпiне көшу — уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өттi. Iс-шараға ауданымыздың мектептерiнен ауылшаруашылық колледжiнiң мұғалiмдерi мен оқушылар қатысты. Дөңгелек үстелдi орталықтандырылған кiтапханалар жүйесiнiң директоры К.Н. Егiмбаева ашты. Өз сөзiнде қазiргi қазақ жазуында қолданылып жүрген әлiпбидi латын әрiптерiмен ауыстыру, бұл болашаққа батыл қадам жасап, елiмiздi төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бiр маңызды бастамаларының бiрi екендiгiн айтты.

Iс-шара барысында «Латын әлiпбиi-көне және халықаралық әлiпби» атты баяндамасымен аудандық орталық кiтапхана библиографы Жакенова М.Т. және қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тiлi мен әдебиет пәнiнiң мұғалiмi Махамбетова М.Қ. «Латын әлiпбиiне көшу заман талабы ма?» баяндамаларымен ортаға шықты. Латын әлiпбиiне көшу туралы өз пiкiрлерiн ауылшаруашылық колледжiнiң мұғалiмдерi Сарбасова Л.Х, Сарбасова К. және студенттер Махметов Олжас, Майтуғай Альмира и Нурмагамбетова Томирис айтты. Қазақ мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы латын әлiпбиiне байланысты өзiнiң өлең жолдарын арнады. Оқырмандар сыйлықтармен марапатталды.

Iс-шараға қосымша «Латын әлiппеге көшу ертеңiмiз үшiн жасалған игi қадам» атты кiтап көрмесi ұймдастырылды. Көрме барысында әдебиеттерге шолу өткiзiлдi. Оқырмандарымызға слайд және видео презентациясы ұсынылды және латын тiлiнде оқып, жазуға оқырмандарға тапсырмалар берiлдi. Балалар тапсырманы жақсы орындады.Қатысқандар 38 адам.

«Латын әрпiне көшу — заман талабы» дөңгелек үстел «Латын әрпiне көшу — заман талабы» дөңгелек үстел «Латын әрпiне көшу — заман талабы» дөңгелек үстел

Мәдениет және тiлдердi дамыту
бөлiмiнiң басшысы Ә. Азманова

«Латын әлiпбиiне көшу ертеңiмiз үшiн жасалған игi қадам» тақырыптық сөре

2017 жылдың 8 қыркүйек күнi аудандық орталықтандырылған кiтапханалар жүйесiнiң оқу залында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Латын әлiпбиiне көшу — ертеңiмiз үшiн жасалған игi қадам» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды.

Көрмеге бiрнеше бөлiм қойылып, оның бiрi мемлекеттiк тiл — қазақ тiлiне арналды. Қазақстанның латын қарпiне көшуi көрменiң басты тақырыбы болып табылды. Көрмемен кiтапхана оқырмандары танысып, газет және кiтаптардағы осы мәселе жөнiндегi мақалалар жайында сөз қозғалды.

«Латын әлiпбиiне көшу ертеңiмiз үшiн жасалған игi қадам» тақырыптық сөре «Латын әлiпбиiне көшу ертеңiмiз үшiн жасалған игi қадам» тақырыптық сөре «Латын әлiпбиiне көшу ертеңiмiз үшiн жасалған игi қадам» тақырыптық сөре

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2017 16:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2019 13:08

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+