Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудандық газеттер

«Кiшкенекөл таңы» мен «КызылТу» газеттерi

Меншiк иесi: «Нұрлы ел» ЖШС
ЖШС Директоры, газеттiң бас редакторы: Бибiнұр Бейсембайқызы Топанбаева
Aпта сайын басылып шығарылады: әр дүйсенбi сайын
01.01.2015 ж. таралымы — 2500 дана
Мекен-жайы: 151200, Уәлиханов ауданы, Кiшкенекөл с., Гагарин к., 79
Тел./факс: 8 (71542) 20-0-27
E-mail: Nurlyel2011@mail.ru
1935 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығарылады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:

  1. білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
  2. азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
  3. қоршаған ортаны қорғау;
  4. жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
  5. отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
  6. халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  7. жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
  8. халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;
  9. азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
  10. мәдениет пен өнерді дамыту;
  11. тарихи-мәдени мұраны қорғау;
  12. қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
  13. өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;
  14. мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
  15. азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:

  1. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;
  2. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;
  3. Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);
  4. соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);
  5. үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері;
  6. банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесі мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісі, Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 09 97, 74 02 17, 74 13 41, 74 05 11

Қағидаға сілтеме http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041

Тарихқа шолу

Аудандық газеттiң алғашқы нөмiрi 1935 жылдың 1 қаңтарында шықты. Ол кезде «ҚызылТу» және «Красная знамя» деп аталды. Газеттердiң бiрiншi редакторы болып Имақ Исаұлы Тоқпанов тағайындалды. Бұл газеттер 1997 жылға дейiн жарық көрген.

1997 жылы газет «Ел тынысы» атты болып шыға бастаған.

2002 жылы «Ел тынысы» ЖШС-гi құрылып, оның редакторы болып Ғалия Ғабдуәлиқызы Нұрышкина басқарған.

2004 жылы «Ел тынысы» газетiнен басқа мемлекеттiк тiлдегi «Шұғыла» газетi жарыққа шыға бастады.

2010 жылдан жаңадан «Нұрлы ел» ЖШС-гi құрылды, оның бас редакторы болып Бибiнұр Бейсембайқызы Топанбаева тұрды. Бұл ЖШС екi «Кiшкенекөл таңы» және «КызылТу» газеттерiн шығарады, бүгiнгi күнi аудан әкiмiнiң мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүзеге асыратын аудан әкiмiнiң ресми басылымы болып табылады.

Қазiрi уақытта газет аптаның дүйсенбi күнi 8 беттiк көлемде шығады. Түрлi түстi бояуда шығарылады және басылымдарға қойылатын барлық стандарттарға сәйкес келедi. Ауданда да, облыста да абыройлы және танымал басылым болып табылатындықтан, аудандық газетiнiң активiнде 2500 астам жазылушы бар.

Басылымның меншiк иесi «Нұрлы ел» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 14.11.2017 10:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.07.2019 10:11

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+