Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауыл шаруашылық

Ақпараттық хабарлама
Талондық жүйе несиелеу өтiнiмнiң ашықтығын қамтамасыз етедi

Астана қ-сы 2019 жылғы 23 қаңтар

Жаңа жылдың 1 қаңтардан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» клиенттерге қызмет көрсетуде талондық жүйенi енгiздi. Ендi клиентке несиелеуге өтiнiм тапсырылған кезде жоспарланған несие бойынша негiзгi мәлiметтерi көрсетiлген талон берiледi.

Бұл жүйе несиелеу өтiнiмдерiн қарастыру ашықтығын қамтамасыз етедi, — дейдi «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несиелеу бойынша басқарушы директоры Думан Оспанов. — Талонда несиелеу шарттары, тапсырылған құжаттардың тiзiмi, өтiнiм берiлген күнi мен өтiнiмдi қарастыру аяқталатын күн көрсетiледi. Өтiнiмдi қарастыру бойынша бизнес-процесс толығымен сайтта көрсетiледi, клиент өз өтiнiмiнiң жолын kazagro.kz порталында тiркелiп, көре алады.

Талонда клиенттiң атауымен қатар несиелеу бағдарламасы, қаржыландыру көзi, сома, пайыздық үстеме, негiзгi борыш пен сыйақы бойынша жеңiлдетiлген мерзiм, сонымен қатар өтiнiмдi қабылдаған менеджердiң мәлiметтерi мен байланыс телефоны көрсетiледi.

Сондай-ақ, талон клиенттiң қаржыландыруға қажеттi құжаттар пакетiн тапсыруын дәлелдейдi.

Талон басылғаннан кейiн несиелеу өтiнiмi қарастыруға жiберiледi. Клиент kazagro.kz порталында жеке кабинетке кiрiп, өз өтiнiмiнiң қай кезеңде тұрғанын анықтай алады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ — «ҚазАгро» холдингi құрамына кiретiн мамандандырылған қаржы-несиелiк ұйым. Қордың негiзгi мақсаты — ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетiмдiлiгiн арттыру.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметi

Тел. 8/701/ 722 8251, e-mail: pressa@fagri.kz (Әлия Енсебаева)

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (ZIP 119 Kb)

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы (ZIP 68 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ-нiң қызметшiлерiнiң тiзiмi

  • Бөлiм басшысы — Садвақасов Қуандық Зұлхарнайұлы, тел. 8-71542-21-821 ualihan-shv@bk.ru  
  • Бөлiм басшысының орынбасары — Дюсенов Ержан Аблайұлы, тел. 8-71542-21-502
  • Бас маман — Смағұлов Марат Қалимұратұлы, тел. 8-71542-21-271
  • Бас маман — Бейсембаев Қайырбек Шәрiпұлы, тел. 8-71542-21-484
  • Бас маман — Жүнiспекова Гүлнар Құдайбергенқызы, тел. 8-71542-21484
  • Бас маман — Бекбалтин Сағыныш Жұмакелдiұлы, тел. 8-71542-21-271
  • Бас маман — Бекбалтина Аймира Қайратқызы, тел. 8-71542-22-034
  • Бас маман — Қиманова Айымгүл Қыдырбайқызы, тел. 8-71542-22-034
  • Iс жүргiзушi — Абдығапарова Салтанат Лухманқызы, тел. 8-71542-21-821 ualihan-shv@bk.ru 
  • Жүргiзушi — Омаров Рүстем Мағжанұлы, тел. 8-71542-21-821

Ауыл шаруашылығы бойынша 2019 жылғы 13 желтоқсан күнгi ақпарат

2020 жылға алдын-ала дайындалған егiс алқаптарының құрылымы — 202,368 мың га.

Дәндi дақылдар — 131,971 мың га.

  • Бидай  — 102,857 мың.га.
  • Күздiк бидай — 1,445 мың.га.
  • Арпа  — 21,454 мың.га.
  • Жасымық  — 1,700 мың.га.
  • Дәнқоспасы  — 1,937 га.
  • Сұлы  — 2,578 мың.га.

Майлы дақылдар — 40,528 мың. га.

  • Күнбағыс — 3,324 мың га.
  • Зығыр — 30,835 мың га.
  • Рапс — 4,566 мың га.
  • Қытай бұршақ — 1,803 мың га.

Көпжылдық шөптер — 29,202 мың га.

Кәртөп — 0,567 мың га.

Көкөнiстер — 100 га.

Минералды тыңайтқыштарды қолдану: 70,3 мың гектарға 3870 тонна қолданылды.

Техника

Үстiмiздегi жылы Уәлиханов ауданында 1,717 млрд. теңгенiң 95 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынды.

Мал шаруашылығы

Аудан бойынша 2019 жылғы 1 қарашадағы есеп бойынша өткен жылмен салыстырғандағы мал мен құс санының өсуi:

  1. IҚМ 25964 бас — (2018 жылға қарағанда 105,9% немесе 1443 бас артық)
  2. Қой, ешкi 45708 бас — (104,7% немесе 2065 бас)
  3. Жылқы 15972 бас — (109,3% немесе 1361 бас)
  4. Шошқа 366 бас — (153,8% немесе 128 бас)
  5. Құс 83020 бас — (102,8% немесе 2259 бас)

11 айда сойылған малдың тiрiдей салмағы бойынша 5071,1 тонна ет өндiрiлдi. Бұл 2018 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 0,9% артық. Сауылған сүт 43188,1 тонна, өсiм 4%, 5586,0 жұмыртқа, өсiм 1% алынды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша шетелден сиыр сатып алу тапсырмасы 390 бас болса, бүгiнгi күнi «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1143 бас сиырға өтiнiш берiлдi. Оның IҚМ 998 бас әкелiндi немесе 256%.

Ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлерiне мал тұқымын асылдандыруға, өнiмдiлiктi арттыруға және мал шаруашылығы өнiмiнiң сапасын арттыруға 407 456 600 теңге мемлекеттiк субсидия төлендi.

Мұның iшiнде:

  • IҚМ тұқымын асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға 676 10 000 теңге;
  • Отандық және шетелдiк асыл тұқымды IҚМ сатып алуға 334 446 600 теңге;
  • Асыл тұқымды бұқаларды ауыл малының табынында ұстауға 5 400 000 теңге.

 

Мақаланың шыққан күні: 15.11.2017 10:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.03.2020 17:55

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+