Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Халықты әлеуметтік қорғау

Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы (ZIP 72 Kb)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы (ZIP 74 Kb)

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы (ZIP 75 Kb)

Бiрыңғай жиынтық төлем (БТЖ ) — өзiн-өзi жұмыспен қамтып жүрген тұлғаларға жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмей-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға мүмкiндiк беретiн тәртiп.

БЖТ — жалдамалы жұмысшылардың еңбегiн пайдаланбай өзiн-өзi жұмыспен қамтыған, жеке тұлғаларға табыс табу мақсатында қызмет көрсететiн азаматтар, жеке қосалқы шаруашылығында жұмыс iстейтiндер және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өткiзушi жеке тұлғалар арасында қолданылады.

БЖТ төлеу төмендегi мүмкiндiктердi бередi:

  • Мiндеттi медициналық әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысып, медициналық қызметтерге (қызмет түрi мен қаражат көлемiне шектеу қойылмайды) қол жеткiзе алады.
  • жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып, аталған жүйеге қатысу өтiлiне қарамастан базалық зейнетақы төлемдерiн ала алады. Өзiнiң Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы қорын толтырумен бiрге БЖТ төлеушiлер үшiн еңбек өтiлi есептелгендiктен базалық зейнетақысын жоғарғы мөлшерлерiмен алуға мүмкiндiк туады.
  • Еңбекке жарамсыздығына, жұмысынан, асыраушысынан айырылуына, жүктiлiгi мен бала тууына, бала асырап алуына, баланы 1 жасқа дейiн күтуiне байланысты әлеуметтiк төлемдер алуына мүмкiндiктер болады.

Бұның тағы бiр артықшылығы азаматтың өзiнiң табысының бiр бөлiгiн салыққа аударғандықтан оның несие алуға мүмкiншiлiгi туады, яғни сiз банкiден ресми несие ала аласыз, себебi сiз тұрақты салық төлеушiсiсiз.

БЖТ төлеу өз еркiмен төлеу болып табылады. Жүйеге қатысу құқығы жеке тұлғаның өз еркiнде, оған бiрыңғай жиынтық төлемдi төлемегенi үшiн қандай да бiр шара қолданбайды.

БЖТ айлық табыс мөлшерлемесi бойынша қала тұрғындарынан 1-айлық есептiк көрсеткiш АЕК (2525 теңге) және ауыл тұрғындары үшiн 0,5 АЕК мөлшерiнде (1262,5 теңге) (тұрғылықты жерi бойынша тiркелуiне сәйкес).

БЖТ төлеушiлерi салық есебiн тапсырмайды.

БЖТ (яғни 1262,5 теңгеден) төмендегiдей бөлiнедi:

  • 10% жеке кiрiс салығы;
  • 30% БҰЗҚ зейнетақы аударымы;
  • 40% ММСҚ төлемi;
  • 20% ӘСМҚ әлеуметтiк төлемдер.

«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
жұмыспен қамту секторының
бас маманы М.М. Тукебаева

Жалақы арттыру

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 07.12. Заңының 8-бабына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгi жалақы мөлшерi 42 500 теңге болып белгiлендi.

ҚР Еңбек кодексiнiң 103-бабы 1-тармағына сәйкес қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларын қарай сараланған түрде белгiленедi.

Еңбекақы мөлшерi қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы өзара келiсiмi бойынша еңбек шартымен айқындалады. Еңбек ақы мөлшерiн айқындау үшiн өлшемдер ретiнде қызметкер жұмсаған еңбек нормасының(жеке еңбек үлесi)саны және қызметкердiң бiлiктiлiгiмен және ол орындайтын жұмыстың күрделiлiгiмен анықталатын еңбек сапасы көзделген.

Сонымен қатар, еңбек тек осы өлшемдерге ғана емес, сондай-ақ еңбек жағдайларына, жеке және ұжымдық жетiстiктерге және басқа да факторларға байланысты болатынын атап өту керек.

Осылайша, қызметкердiң жалақысы еркiн түрде емес, оның еңбегiнiң маңыздылығын көрсететiн, қызметкерлердiң еңбегiне объективтi мән-жайларға байланысты ақы төлеудi ақылға қонымды және әдiл саралауға мүмкiндiк беретiн заңнамада белгiленген өлшемдер негiзiнде анықталады.

Ұйымдарда, олардың меншiк нысанына қарамастан разряд белгiлеуiне байланысты жалақы мөлшерi: бiрiншi разрядты қызметкердiң айлық тарифтiк ставкасы ең төменгi айлық жалақы мөлшерiнен төмен болуы мүмкiн емес, ал екiншi және одан кейiнгi разрядты қызметкерлердiң жалақысы, тиiсiнше, ең төменгi жалақы мөлшерiнен жоғары болуы тиiс.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң105-бабына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн мөлшерi салалық келiсiммен анықталатын еңбек шарттарын зияндылығы және қауiптiлiгi дәрежесiне қарай топтастыратын салалық коэффициенттердi ескере отырып,ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалатын жоғары лауазымдық жалақы (ставкалар) немесе қосымша ақы белгiлеу жолымен жалақы төлеу еңбек жағдайлары қалыпты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен салыстырғанда, жоғары мөлшерде белгiленедi.

Жалпы республика бойынша бүгiнгi күнi ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жоғары салалық коэффициенттерi бар салалық келiсiмдер қолданылады (Мысалы: Ұйымдарда ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарға ақы төлеудiң салалық арттырушы коэффициентi:тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы 1,5, құрылыс — 1,6, құрылыс материалдары өндiрiсi — 1,8. Еңбек жағдайлары қалыпты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен салыстырғанда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге жалақы төлеу жоғары лауазымдық жалақы (ставкалар) немесе қосымша ақы (1,3 жоғары салалық коэффициенттi ескере отырып) белгiлеу жолымен жоғары мөлшерде белгiленедi.

Еңбекке ақы төлеу өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары көрсетiлген тiзiмге (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28.12. №1053 бұйрығы) сәйкес немесе өндiрiстiк нысандарды аттестаттау нәтижелерi бойынша жоғары мөлшерде жүзеге асырылады.

«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
жұмыспен қамту секторының
бас маманы М.М. Тукебаева

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы мүгедектер iсiн Үйлестiру жөнiндегi кеңес отырысы

2018 жылдың 26 қарашасында Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы мүгедектер iсiн Үйлестiру Кеңесiнiң кезектi отырысы өткiзiлдi.

Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектер ісін Үйлестіру жөніндегі кеңес отырысы

Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектер ісін Үйлестіру жөніндегі кеңес отырысы

Уәлиханов ауданы бойынша 2018 жылдың 2 қараша айына бос лауазымдар мен жұмыс орындарының бюллетенi (ZIP 8 Kb)

02.11.2018

Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу туралы ақпарат

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi 2018 жылы 124 отбасыға (645 адам) көрсету жоспарланған, соның iшiнде шартты ақшалай көмектi алушылар — 109 отбасы (559 адам) және шартсыз ақшалай көмек алушылар 15 отбасы (46 адам).

Барлығы 19,858 млн. теңге қаражат бөлiнген, оның iшiнде республикалық бюджет есебiнен — 11,355 млн. теңге және жергiлiктi бюджеттен 8,503 млн. теңге.

2018 жылғы 02 қарашасына атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге 115 өтiнiш қабылданды, соның iшiнде 11 өтiнiшке көмек көрсетуден бас тартылды, себебi отбасының жанға шаққан орташа табысы кедейшiлiк шегiнен асып кеткен. 5 отбасыға табысын жасырғаны үшiн көмек көрсетуден бас тартылды.

99 отбасыға (446 адам) 19032,7 мың теңге сомасында атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды, оның iшiнде шартсыз ақшалай көмек 2500,8 мың теңгеге 15 отбасыға (46 адамға) көрсетiлдi, шартты ақшалай көмек 88 отбасыға (411 адам) 16531,9 млн. теңгеге көрсетiлдi.

2018 жыл 02 қараша

Халықты жұмыспен қамту бойынша мәлiмет

2018 жылдың 1 қарашаға 1536 жұмыссыз және өзiн -өзi жұмыспен қамтыған азаматтарға жұмысқа орналастыру бойынша жәрдем көрсетiлдi, соның iшiнде:

тұрақты жұмыс орындарына — 1285 адам жұмысқа орналастырылды, одан:

  • алдында құрылған жұмыс орындарына — 712 адам орналасты;
  • жаңадан құрылған жұмыс орындарына — 573 адам орналасты, соның iшiнде:
  1. ауыл шаруашылығында — 406;
  2. экономиканың басқа салаларында — 42;
  3. жеке кәсiпкерлiкте — 69;
  4. құрылыста — 10;
  5. өнеркәсiпте — 46.

уақытша жұмыс орындарына — 251 адам орналасты, одан:

  1. ақылы қоғамдық жұмыстарға — 184 жұмыссыз азаматтар тартылды;
  2. 48 әлеуметтiк жұмыс орындары құрылды;
  3. 19 жас мамандар жастар тәжiрибесiне тартылды.

«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
жұмыспен қамту секторының
меңгерушiсi Б.Қ. Хасенова
87154222025

2018 жылы 1 қазан 1 қараша аралығында Уәлиханов ауданында қарттар мен мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi айлықты өткiзу бойынша қорытынды ақпарат

2018 жылдың 1-шi қазан 1-шi қараша аралығында ауданда қарттар мен мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға әлеуметтiк қолдау көрсету айлығы өткiзiлдi. Барлық ауылдық округтерде зейнеткерлер мен мүгедектерге концерттiқ бағдарлама дайындалып және дастархан жайылып құттықтау iс-шаралар өткiзiлдi, қарттарға отын, жем-шөп алуға көмек көрсетiлдi.

Барлық санынан айлықтың басынан моральдық және материалдық көмек 7134,6 мың теңге мөлшерiнде 2309 азаматтарға көрсетiлдi, соның iшiнде:

  • 1243 адамға 2365,6 мың теңгеге мерекелiк дастархан ұйымдастырылды;
  • 542 адамға 1581,5 мың тенгеге азық-түлiк пакеттер берiлдi;
  • 163 адамға 377,0 мың теңгеге ақшалай көмек көрсетiлдi;
  • 36 мұқтаж адамға 592,0 мың теңгеге отын алынды;
  • 245 адамға 728,5 мың теңгеге әр түрлi көмек көрсетiлдi (сыйлықтар, ұн);
  • 80 адамға жеке қосалқы шаруашылығына жем-шөп алуға 1490,0 мың теңгеге көмек көрсетiлдi.

2018 жылы 1 қазан 1 қараша аралығында Уәлиханов ауданында                                                                                                                                                             Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі айлықты өткізу бойынша қорытынды ақпарат

2018 жылы 1 қазан 1 қараша аралығында Уәлиханов ауданында                                                                                                                                                             Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі айлықты өткізу бойынша қорытынды ақпарат

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (ZIP 71 Kb)

24.08.2018

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы мүгедектер iсiн Үйлестiру жөнiндегi кеңес отырысы

2018 жылдың 24 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы мүгедектердi оңалту бөлiмiнiң басшысы Р.М. Мамбетлинов және мүгедектер сұрағы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң кеңесшiсi С.А. Бусыгинаның қатысуымен Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы мүгедектер iсiн Үйлестiру Кеңесiнiң кезектi отырысы өткiзiлдi.

Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектер ісін Үйлестіру жөніндегі кеңес отырысы

Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектер ісін Үйлестіру жөніндегі кеңес отырысы

22.08.2018

Әлеуметтiк қызметкерлердiң аттестациясын өткiзу туралы ақпарат

Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестациялау қағидасына және аттестациядан өту кестесiне сәйкес а.ж. 22-шi тамызында «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң жанындағы үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнде қарт адамдарға, мүгедектерге соның iшiнде мүгедек балаларға күтiм көрсететiң әлеуметтiк қызметкерлермен аттестация өткiзiлдi. Аттестацияға 6 селолық округтардың күтiм бойынша әлеуметтiк қызметкерлер қатысты.

Аттестацияның өткiзуге 6 адам құрамында комиссия құрылды. Аттестацияның тестiлеу сұрақтары (60 сұрақ) Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар Басқармасымен бекiтiлген және ұсынылған. Барлық аттестациядан өтушiлер өту ұпайын жинап, әнгiмелесуден өттi.

Тестiлеудiң қорытындылары Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар Басқармасына жiберiлдi.

Әлеуметтік қызметкерлердің аттестациясын өткізу туралы ақпарат

Әлеуметтік қызметкерлердің аттестациясын өткізу туралы ақпарат

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2017 09:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.04.2019 15:17

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+