Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Әлеуметтік қамсыздандыру

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң 2019 жылғы 01-шi тоқсандағы атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-IV «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Заңы бойынша Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң жанындағы үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi жұмыс атқарады. Бөлiмшеде штаттық кесте бойынша 1 меңгерушi, 1 әлеуметтiк сұрақтар бойынша кеңесшi, 1 бағамдау маманы және 22 күтiм бойынша әлеуметтiк қызметкерлер жұмыс iстеуде.

2019 жылдың 01-шi сәуiрге үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмшесiмен 88 адам қызмет алуда. Соның iшiнде: мүмкiндiгi шектеулi балалар — 12 адам, 18-ден асқан психоневрологиялық ауруларға шалдыққан тұлғалар — 3 адам, жалғызбасты қарттар — 73 адам.

6 бала үйде оқуда және үйде тәрбиелеу мен оқу төлемдерiн алады, 3 бала денсаулығына байланысты оқи алмайды, 1 бала орта мектепке барады, 2 бала мектепке дейiнгi жаста. Сонымен қатар, 9 мүгедек бала гигиеналық құралдармен қамтамасыз етiледi.

2019 жылдың басынан үйде әлеуметтiк көмек көрсету бойынша 6 өтiнiш түстi және қанағаттандырылды. Медициналық-әлеуметтiк ұйымда арнаулы әлеуметтiк қызмет алуға 1 өтiнiш түстi және де психоневрологиялық әлеуметтiк-медициналық ұыймға 1 азамат жiберiлдi. Жартылай стационарда қызмет алуға 1 өтiнiш түстi және мүгедектерге оңалту Орталығына 1 адам жiберiлдi.

Жыл басынан қызмет көрсетуден 4 адам алынды. Соның iшiнде: қайтыс болғандықтан — 2 адам, мекен-жайын ауыстыруымен — 1 адам, жеке оңалту бағдарламаның мерзiмi бiткенiне байланысты — 1 адам.

Кәмелетке толмаған iс-әрекетке қабiлетсiз азаматтарға қорғаншылық тағайындау үшiн Қорғаншылық Кеңесiне 3 өтiнiш түстi және қамқоршы тағайындалды.

Мемлекеттiк емес 4 — реттiк Бағдарлама бойынша барлық 73 жалғызбасты зейнеткерлер ұйымдар мен кәсiпорындардың басшыларына бекiтiлген. Жыл басынан 288,0 мың теңге көлемiнде қайырымдылық көмек көрсетiлдi.

Үйде арнаулы әлеуметтiк қызметтер
көрсету бөлiмшесiнiң меңгерушiсi
Манатов А.М.

Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу туралы ақпарат

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi 2018 жылы 224 отбасыға (1187 адам) көрсету жоспарланған, соның iшiнде шартты ақшалай көмектi алушылар — 209 отбасы (1105 адам) және 15 отбасы (82 адам) шартсыз ақшалай көмек алушылар.

Барлығы 19,858 млн теңге қаражат бөлiнген, оның iшiнде республикалық бюджет есебiнен — 11,355 млн. теңге және жергiлiктi бюджеттен 8,503 млн. теңге.

2018 жылғы 03 шiлдесi күнiне атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге 77 өтiнiш қабылданды, соның iшiнен 7 өтiнiшке көмек көрсетуге бас тартылды, себебi отбасының отраташа жанға шаққан табысы кедейшiлiк шегiнен асып кеткен немесе тең келедi. 3 отбасыға табысын жасырғаны үшiн көмек көрсетуге бас тартылды.

67 отбасыға (306 адам) 8022,5 мың теңге сомасында атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды, оның iшiнде шартсыз ақшалай көмек 733,0 мың теңгеге 9 отбасыға (28 адамға) көрсетiлдi, шартты ақшалай көмек 58 отбасыға (278 адам) 7249,5 млн. теңгеде көрсетiлдi.

«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
бас маман О. Шеерман

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-IV «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Заңы бойынша Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң жанындағы үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi жұмыс атқарады. Бөлiмшеде штаттық кесте бойынша 1 меңгерушi, 1 әлеуметтiк сұрақтар бойынша кеңесшi, 1 бағамдау маманы және 24 күтiм бойынша әлеуметтiк қызметкерлер жұмыс iстеуде.

2018 жылдың 3-шi шiлдеге үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмшесiмен 84 адам қызмет алуда. Соның iшiнде: мүмкiндiгi шектеулi балалар — 11 адам, 18-ден асқан психоневрологиялық ауруларға шалдыққан тұлғалар — 3 адам, жалғызбасты қарттар — 69 адам, жалғызбасты мүгедектер — 1.

5 бала үйде оқуда және үйде тәрбиелеу мен оқу төлемдерiн алады, 3 бала денсаулығына байланысты оқи алмайды, 1 бала орта мектепке барады, 2 бала мектепке дейiнгi жаста. Сонымен қатар 9 мүгедек бала гигиеналық құралдармен қамтамасыз етiледi.

2018 жылдың басынан үйде әлеуметтiк көмек көрсету бойынша 12 өтiнiш түстi және қанағаттанды. Медициналық-әлеуметтiк үйымда арнаулы әлеуметтiк қызмет алуға өтiнiштер түскен жоқ, жартылай стационарда қызмет алуға 1 өтiнiш түстi (өтiнiшуге осы қызметтi алуға есепке қойылғаның хабарлама берiлдi).

Жыл басынан қызмет көрсетуден 13 адам алынды. Сонын iшiнде: қайтыс болғандықтан — 5 адам, мекен-жайын ауыстыруымен — 4 адам, балалары келуiне байланысты — 1 адам, жеке оңалту бағдарламаның мерзiмi бiткенiне байланысты — 2 адам, қызмет алудан бас тарту — 1 адам.

Кәмелетке толмаған iс-әрекетке қабiлетсiз азаматтарға қорғаншылық тағайындау үшiн Қорғаншылық Кеңесiне 4 өтiнiш түстi және қамқоршылар тағайындалды.

Жыл басынан аудандық «Қызылту» газетiне 4 мақала берiлдi.

Мекеме және ұйым басшыларын 4 деңгейлi бағдарлама бойынша бекiту нәтижесiнде 2018 жылғы 3 шiлдеге жалпы сомасы 416,0 мың теңге көлемiнде қайырымдылық көмек көрсетiлдi.

«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
бағамдау маманы С.Ғ. Абилькасова
87154221866

03.07.2018

«Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясының басталуы туралы

«Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы-жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгi» Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын iске асыру аясында Қазақстан Республикасында 2018-2019 жылдары «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясы өткiзiледi.

«Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясының мақсаты бейресми еңбек қатынастарын анықтау және оларға жол бермеу, еңбек қатынастарының жасырын нысандарын қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы өз құқықтары туралы хабардар болу деңгейiн арттыру болып табылады.

Бейресми еңбек қатынастарын жеке және заңды тұлғалардың жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн еңбек қарым-қатынастарының белгiлерi (қызметкердiң белгiлi бiр бiлiктiлiк, мамандық, кәсiп немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын) мiндеттемелердi еңбек тәртiптемесiне жеке бағына отырып орындауы) бола тұра, еңбек шартын жасамай, жалақысын конвертте беру арқылы пайдалану деп түсiнген жөн.

4. «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясының мiндеттерi:

  1. еңбек қатынастарын заңдастыру;
  2. бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды зейнетақы, әлеуметтiк және медициналық сақтандыру жүйелерiне тарту;
  3. халықтың бейресми жұмыспен қамтуға деген жағымсыз көзқарасын қалыптастыру;
  4. бейресми жұмыспен қамту тәуекелдердi бағалау негiзiнде жұмыс берушiлер мен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандарға бара отырып, профилактикалық бақылау жүргiзу арқылы әкiмшiлiк ден қою шараларын және бақылауды күшейту;
  5. мемлекеттiк органдардың, әлеуметтiк әрiптестердiң қатысуымен медиа ресурстарды пайдалана отырып, халық арасында бұқаралық түсiндiру жұмыстарын өткiзу болып табылады.

«Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясын ұйымдастырушылар:

Республикалық деңгейде:

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (одан әрi — ҚР ЕХӘҚМ)
  2. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы (одан әрi — ҚР ҰКП);
  3. Қазақстан Республикасының Кәсiподақтар федерациясы (одан әрi — ҚР КП);

Өңiрлiк деңгейде:

  1. Облыс, Астана қ. және Алматы қ. әкiмдiктерi;
  2. өңiрлiк кәсiпкерлер палаталары;
  3. кәсiподақтардың аумақтық бiрлестiктерi;
  4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң аумақтық департаментi (одан әрi — МКД) болып табылады.

Акцияның нысаналы топтары:

  1. ауыл шаруашылығы, құрылыс, қоғамдық тамақтандыру, көлiк, қызмет көрсету саласының шағын және орта бизнес шаруашылық субъектiлерi,
  2. осы салада жұмыс iстейтiн азаматтар болып табылады.

Өзiңiздi қызықтыратын сұрақтар бойынша Сiз жергiлiктi атқарушы органдарға (әкiмдiктер) немесе СҚО, Уәлихан ауданы, Кiшкенекөл с., Ш. Уәлиханов көшесi, 82, мекенжайы, телефоны 22-152 «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ жүгiне аласыз.

Бас маман
М. Тукебаева

Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары

Шешiм қабылдау уақыты!

Шешiм қабылдау уақыты!

«Өрлеу» жобасы деген не?

Отбасының жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысуы, бағдарламаның шарттарын орындауда өзiне жауапкершiлiк алып және қажет болған жағдайда әлеуметтiк бейiмделуден өтуi шартымен отбасына шартты ақшалай көмек беру жөнiндегi iс-шаралар кешенi.

Неге ақшалай көмек шартты деп аталады?

Ақшалай көмек отбасының орташа табысы мен ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 60 пайызы аралығындағы айырмашылықпен бағамдалады, шартта көрсетiлген әлеуметтiк талаптарды орындаған кезде ғана ақшалай көмек ала алады.

Отбасының белсендiлiгiн арттыру жөнiндегi әлеуметтiк келiсiмшартта қандай талаптар қойылады?

Жобаға қатысушы отбасы мiндеттi түрде әлеуметтiк жағдайға бейiмделуi үшiн қиындықты (жұмысқа орналасу, оқу, қосымша жаңа мамандық алуы үшiн қайта даярлықтан өту және т.б.) жеңе бiлуi керек. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi өз кезегiнде отбасының әлеуметтiк белсендiлiктi қолдау мақсатында жұмыспен қамтып, ай сайын ақшалай көмек беруге мiндеттенедi. Ақшалай көмек отбасының орташа табысы мен ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 60 пайызы аралығындағы айырмашылықпен бағамдалады.

«Өрлеу» жобасына қатысудың кезеңдерi:

  1. Консультация — Сiзге жобаға қатысудың шарттарын барған кезде түсiндiредi.
  2. Жобаға қатысуға ниет бiлдiрген жағдайда мемлекеттiк көмектiң болжамды мөлшерiн айқындау үшiн әңгiмелесу жүргiзiлiп, тиiстi құжаттарды қабылдайды.
  3. Құжаттар қабылданғаннан кейiн учаскелiк комиссия отбасының материалдық жағдайын аңықтайды және тексеру актiсiн дайындайды.
  4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi ниеттенушiнiң жобаға қатысу мүмкiндiгiн аңықтайды.
  5. Отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкөрiстiң ең төменгi деңгейiнiң 60 пайызынан төмен болса, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi еңбекке жарамды отбасы мүшелерiне жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жолдама бередi, соңымен қоса қамту орталығына.
  6. Осыдан кейiн отбасымен әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыру шарты жасасып, берiлетiн жәрдемақының көлемi анықталады.
  7. Шартты ақшалай қөмек (ШАҚ) бiр жылға тағайындалып, ай сайын төленедi.
  8. Отбасының әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыру жөнiндегi келiсiмшарттың орындалуын жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, жұмыспен қамту орталығы, ассистенттер тұрақты түрде бақылап отырады.

Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшiн қажеттi құжаттар

  1. өтiнiш берушiнiң жеке куәлiгi;
  2. отбасыңыздың құрамы туралы анықтама;
  3. қамқорлыққа бала алған жағдайда оны растайтын құжат (қажеттiгiне қарай);
  4. тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат немесе мекен- жай анықтамасы немесе селолық округ әкiмiнiң анықтамасы;
  5. жеке қосалқы шаруашылығыңыз туралы мағлұмат.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр отбасыға атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң жаңа тәртiбiн енгiзу көзделген, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек қазiргi кезде қолданыстағы: көпбалалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттiк жәрдемақының (АМЖ), аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейiнгi балаларына арналған мемлекеттiк жәрдемақының (МБЖ)  және аз қамтылған үй шаруашылықтарына берiлетiн атаулы әлеуметтiк көмектiң (АӘК) орнына тағайындалады.

АӘК жаңа үлгiде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлiнедi.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелерi бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелерi еңбекпен қамту шараларына объективтi себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) берiледi. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшiн жұмыспен қамту шараларына мiндеттi түрде қатысу талап етiлмейдi.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бiр мүшесi бар отбасына әлеуметтiк келiсiмшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелерi жұмыспен қамту шараларына мiндеттi түрде қатысқан жағдайда берiледi.

«Өрлеу» жобасына қатысу үшiн үмiткер өз тарапынан не отбасы атынан тұрғылықты жерi бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкiмiне керектi құжаттарымен жолығу керек.

Шеерман О.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмiнiң бас маманы

Атаулы әлеуметтiк көмегi

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi №246 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек» туралы Заңына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгiленген кедейлiк шегiнен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiледi. Кедейлiк шегi әр тоқсан сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi және нақты аймақтағы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 40%-ын құрайды. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн өтiнiш иесi тұрақты тiркеуде тұратын жерi бойынша аудандық бөлiмiне келесi құжаттарды тапсырады:

  1. отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
  2. адамның (өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң) тапқан табысы туралы мәлiметтер;
  3. жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәлiметтер;
  4. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтiк келiсiмшарттың көшiрмесi;
  5. өтiнiш берушiнiң (отбасы мүшелерiнiң) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Макроэкономикалық параметрлер жүйесiнде елдiң экономикалық дамуының және халықтың әл-ауқатын арттырудың ең қорытынды көрсеткiштерiнiң бiрi халық табысының деңгейi болып табылады. Осы ретте, халық тұрмысының деңгейiн реттейтiн, сондай-ақ кедейлiк шегiн айқындайтын негiзгi құрал ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерi болып табылады.

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес (бұдан әрi-АӘК) аз қамтамасыз етiлген азаматтарға кедейлiк шегiне дейiн қосымшаақы түрiнде әлеуметтiк көмек көрсетiледi.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 2017 жылғы 01 мамырдағы 8 азаматқа жалпы мөлшерi 139,6 мың теңгенiң жәрдемақысы тағайындалды. Аудан бойынша атаулы әлеуметтiк көмек алушы жәрдемақысының орташа мөлшерi орта есеппен 2893,7 теңгенi құрады.

Бас маман
Шеерман О.А.
15.05.2017 ж.

15.05.2017 ж.

Үйде арнаулы әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiмен қызмет көрсету

2017 жылдың 15мамырына үйде арнаулы көмек көрсету бөлiмшесiнеүйде қызмет көрсету жағдайында 7 адам өтiндi және де қызметке алынды. Соның арасынан: жалғыз зейнеткерлер — 7,мүмкiндiгi шектеулi балалар — 1. Соның iшiнде: Кiшкенекөл а. — 4 адам, Ақтүйесай а. — 3 адам. 26.03.2015 жылғы халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету Стандарты бойынша оларға 8 түрлi қызмет көрсетiледi, соның iшiнде әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-медициналық, әлеуметтiк-психологиялық, әлеуметтiк-экономикалық, әлеуметтiк-мәдени, әлеуметтiк-құқықтық, әлеуметтiк-педагогикалық және әлеуметтiк-еңбек.

Стационар бойынша арнаулы әлеуметтiк қызмет алуға 1 өтiнiш түстi және өтiнiш бойынша Құлыкөл ауылының тұрғыны М. Әмiржанов Преснов селосындағы психохрониктарға арналған үй-интернатына орналастырылды.

Үйде арнаулы әлеуметтiк көмек
көрсету бөлiмшесiнiң бағамдау маманы С. Абилькасова

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметiтк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республкиасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi конкурс өткiзу басталғанын жариялады.

Конкурс өткiзу мақсаты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн өз қызметкерлерiне де, тұтастай алғанда қоғамға да әлеуметтiк проблемаларды шешуге ынталандыру болып табылады.

Конкурс Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткiзiледi және оған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қатыса алады.

Лауреаттар атағы үш санатта берiледi:

  1. «шағын кәсiпкерлiк субъектiсi»;
  2. «орта кәсiпкерлiк субъектiсi»;
  3. «iрi кәсiпкерлiк субъектiсi».

Және төрт номнация бойынша:

1. «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын»

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыратын ұйымдардың қызметi қаралады (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi ұйымдастыру, еңбектi қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсiби даярлау және қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру және т.б.).

2. «Жылдың үздiк әлеуметтiк жобасы»

Бұл номинацияда қоғамға пайдасын беретiн және/немесе негiзгi қызметке ұзақ мерзiмдi болашақта оң әсер ететiн, әртүрлi тыныс-тiршiлiк салаларындағы әлеуметтiк жобаларды iске асыратын ұйымдардың және өзге де жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi қаралады.

3. «Үздiк ұжымдық шарт»

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады. Конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бiр данада бередi.

4. «Экологияға қосқан үлесi үшiн»

Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады. Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде «Парыз-2015» конкурсына құжаттар қабылдау жұмысы басталды.

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсын өткiзу ережесiне сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi (сауалнаманы) және құжаттарды 2017 жылдың 1 шiлдеге дейiн аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне тапсыру қажет. Анықтамалар үшiн телефон:

8(71542) 22-1-52 Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi.

М. Түкебаева
Бухгалтерлiк есеп және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмшесiнiң меңгерушiсi

03.03.2017 жыл

Кәмелеттiк жастағы iс-әрекетке қабiлеттi, iс-әрекетке қабiлеттерi шектеулi азаматтарға, сондай-ақ психикалық аурудың немесе ақыл-есi кемдiқтiң салдарынан сот арқылы iс-әрекетке қабiлетсiз болыптанылған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгiлеу кеңесiнiң жұмысы туралы ақпарат

2017 жылдың 03-шi наурызда аудандық кiшi залында аудан әкiмiнiң әлеуметтiк сұрақтар бойынша орынбасары басқаруымен Кәмелеттiк жастағы iс-әрекетке қабiлеттi, iс-әрекетке қабiлеттерi шектеулi азаматтарға, сондай-ақ психикалық аурудың немесе ақыл-есi кемдiқтiң салдарынан сот арқылы iс-әрекетке қабiлетсiз болып танылған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгiлеу Кеңесiнiң отырысы өттi. Отырыста Кiшкенекөл селосының тұрғыны К.Садыкованың сот арқылы iс-әрекетке қабiлетсiз болып танылған қызы А.А. Садыковаға қорғаншы болып тағайындалу туралы өтiнiшi қарастырылды.

Өтiнiштi және тапсырылған құжаттарды зерттеп, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалығына басшылық етiп, қорғаншылық Кеңесi бiр ауыздан К. Садыкова қызы А. Садыковаға қорғаншы болуына шешiм қабылдады. «Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне қамқоршыға құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге үсыныс берiлдi.

Қорғаншылық Кеңесiнiн хаттамасы және тапсырылған құжаттары бойынша қорғаншылықты белгiлеу туралы аудан әкiмдiгiнiң қаулысы дайындалды. Қорғаншыға берiлген үлгiге сәйкес қорғаншылық куәлiгi тапсырылады.

Жыл басынан қорғаншылықты белгiлеуге 2 өтiнiш түстi.

Үйде әлеуметтiк көмек
көрсету бөлiмшесiнiң меңгерушiсi
А.
Манатов

Атаулы әлеуметтiк көмегi

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек» туралы Заңына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгiленген кедейлiк шегiнен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiледi. Кедейлiк шегi әр тоқсан сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi және нақты аймақтағы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 40%-ын құрайды. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн өтiнiш иесi тұрақты тiркеуде тұратын жерi бойынша аудандық бөлiмiне келесi құжаттарды тапсырады:

  1. отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
  2. адамның (өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң) тапқан табысы туралы мәлiметтер;
  3. жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәлiметтер;
  4. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтiк келiсiмшарттың көшiрмесi;
  5. өтiнiш берушiнiң (отбасы мүшелерiнiң) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Макроэкономикалық параметрлер жүйесiнде елдiң экономикалық дамуының және халықтың әл-ауқатын арттырудың ең қорытынды көрсеткiштерiнiң бiрi халық табысының деңгейi болып табылады. Осы ретте, халық тұрмысының деңгейiн реттейтiн, сондай-ақ кедейлiк шегiн айқындайтын негiзгi құрал ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерi болып табылады.

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес (бұдан әрi-АӘК) аз қамтамасыз етiлген азаматтарға кедейлiк шегiне дейiн қосымшаақы түрiнде әлеуметтiк көмек көрсетiледi.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 2016 жылғы 12 ақпанға 13 азаматқа жалпы мөлшерi 158,0 мың теңгенiң жәрдемақысы тағайындалды. Аудан бойынша атаулы әлеуметтiк көмек алушы жәрдемақысының орташа мөлшерi орта есеппен 4051,0 теңгенi құрады.

Бас маман
Шеерман О.А.
12.02.2016

Оралмандар және Оңтүстiк Қазақстан облысының отбасыларын қабылдау туралы

Ауданда оралмандар және Оңтүстiк Қазақстан облысының отбасыларын қабылдау бойынша алдын ала жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Уәлиханов ауданы 15 отбысын қабылдау мүмкiндiгi бар, соның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан облысынан 8 отбасын және 7 оралмандар отбасыларын.

2016 жылдың 12 ақпанына ауданда 58 бос жұмыс орын бар.

Денсаулық сақтау жүйесiне тұрақты жұмыс орынға 4 адам қажет (акушер-гинеколог дәрiгерi, педиатр дәрiгерi, анестезиолог-реаниматолог дәрiгерi, заңгер).

Бiлiм беру жүйесiне аудан орталығының және ауылдық мектептерiне 18 мұғалiм қажет. Олар: математика пәнiнiң мұғалiмi — 5 адам, химия-биология пәнiнiң мұғалiмi — 2 адам, алғашқы әскери дайындық пәнiнiң мұғалiмi — 1 адам, физика пәнiнiң мұғалiмi — 1 адам, география пәнiнiң мұғалiмi — 1 адам, орыс тiлi және әдебиет пәнiнiң мұғалiмi — 2 адам, әлеметтiк педагог — 1 адам, психолог — 1 адам, мейiрбике — 1 адам, қобыз пәнiнiң мұғалiмi — 1 адам, ән сабағының мұғалiмi — 1 адам, концертмейстер — 1 адам.

Мемлекеттiк мекемелерде 33 бос жұмыс орын бар, соның iшiнде: басқарушылық қызметтер — 9 бiрлiк , бас маман — 17 бiрлiк, жетекшi маман — 3 бiрлiк, әлеуметтiк қызметкер — 2 бiрлiк, методист — 1 бiрлiк, мал дәрiгерi — 1 бiрлiк.

Экономиканың нақты секторында 3 бос жұмыс орын бар , соның iшiнде: агроном — 1 бiрлiк, зоотехник — 1 бiрлiк, инженер механик — 1 бiрлiк.

Көшiп келетiн отбасыларының балаларына аудандық мектептерiнде 225 орын қазақ тiлiнде және 17 орын орыс тiлiнде сабақ беретiн, мектепке дейiнгi балаларға шағын орталықтарда 29 орын бар.

Ауданда аудандық орталық ауруханасы, ауылдық округтерде медициналық пунктер бар.

9 ауылдық округте 68 бос үйлер бар, үйлердiң бағасы 50,0 мың тенгеден 3500,0 мың теңгеге дейiн. Барлық үйлер қанағаттанарлық күйiнде, жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн шаруашылық құрылыстар бар. Сонымен қатар үй салу үшiн бос жер учаскелер бар.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ
Жұмыспен қамту секторының меңгерушiсi
Р.Ә. Мендин

2016 жылдын 01-шi ақпанына үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi бойынша ақпарат

2016 жылдың басынан үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiне стационар үлгiде арнаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге 1 адам жүгiндi (Ә. Әбелдинова — Мортық с.). 02-шi ақпанда Тайыншадағы психоневрологиялық үй-интернатына тұрақты мекендеуге жiберiлдi. Одан басқа, кәмелеттiк жастағы iс-әрекетке қабiлетсiз азаматтарға қамқоршылықты тағайындауға 2 адам өтiндi. Әкiмдiгiнiң қаулылары бойынша қамқоршының куәлiктерi берiлдi. Сонымен қатар, Уәлиханов ауданының сотына iс-әрекетсiз болып тануға 2 өтiнiш жiберiлдi.

Жыл басынан үйде арнаулы әлеуметтiк көмек көрсету бойынша өтiнiштер түскен жоқ.

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

218 жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшiн аудан бюджетiнен 8,136 млн. теңге бөлiндi. Жыл басынан 221 жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарға қатысты, 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 2 адамға көп. 2015 Бюджетте қарастырылған қаражат (8136,3 мың тенге) толық мөлшерiнде игерiлдi.

Қоғамдық жұмыстарды 221 жұмыссыз азамат аяқтады, тұрақты жұмыс орындарына 61 жұмыссыз азамат орналастырылды немесе қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз азаматтардың жалпы санынан 28%.

2015 жылға жоспар бойынша 14 жасы келмеген балалар жазғы демалыс кезеңiнде ақылы қоғамдық жұмыстарына тартылады. 2015 жылда 15 жасы келмеген бала ақылы қоғамдық жұмыстарына тартылды.

Әлеуметтiк жұмыс орындарын құру

Бағдарламалық шарамен 41 әлеуметтiк жұмыс орнын құру қарастырылған, жұмыссыздардың еңбегiне төлеу үшiн аудан бюджетiнен 2,769 млн. теңге бөлiндi. Бюджетте қарастырылған қаражат (2769,0 мың тенге) толық мөлшерiнде игерiлдi

Ауданның 9 селолық округтерiнде 41 әлеуметтiк жұмыс орындары құрылды. Оларға халықтың нысаналы топтарынан 41 жұмыссыз азаматтар еңбекке орналастырылды, 2014 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда . 41 жұмыссыз азамат жұмысты аяқтады, 40 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Жұмыссыздарды кәсiптiк дайындау

Жергiлiктi еңбек нарығының қажеттiлiгi есебiмен кәсiптiк оқыту мен қайта даярлауға жергiлiктi бюджеттен 21 жұмыссыз азаматтарды оқыту үшiн 1,185 млн.теңге бөлiндi. Келiсiм-шарттың жалпы сомасы 1185,6 мың теңге құрады. Кәсiби оқу Ж.Қизатов атындағы Есiл ауыл шаруашылық колледжiнде өткiзiлдi.

Жыл басынан 19 жұмыссыз азамат кәсiптiк оқыту мен қайта даярлауға мына мамандықтар бойынша жiберiлдi: электромонтер 2 адам, газбен дәнекерлеушi, шаштараз 3 адам, аспазшы 9 адам, iс жүргiзушi — 2 адам, наубайшы — 2 адам. Былтырғы жылдың мерзiмiне сәйкес салыстырғанда 2 адамға көп. Оқуды 19 адам аяқтады, бүгiнгi күнге 19 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

«Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-сi
Бас маман
М. Тукебаева

Атаулы әлеуметтiк көмегi

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек» туралы Заңына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгiленген кедейлiк шегiнен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiледi. Кедейлiк шегi әр тоқсан сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi және нақты аймақтағы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 40%-ын құрайды. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн өтiнiш иесi тұрақты тiркеуде тұратын жерi бойынша аудандық бөлiмiне келесi құжаттарды тапсырады:

  1. отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
  2. адамның (өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң) тапқан табысы туралы мәлiметтер;
  3. жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәлiметтер;
  4. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтiк келiсiм-шарттың көшiрмесi;
  5. өтiнiш берушiнiң (отбасы мүшелерiнiң) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Макроэкономикалық параметрлер жүйесiнде елдiң экономикалық дамуының және халықтың әл-ауқатын арттырудың ең қорытынды көрсеткiштерiнiң бiрi халық табысының деңгейi болып табылады. Осы ретте, халық тұрмысының деңгейiн реттейтiн, сондай-ақ кедейлiк шегiн айқындайтын негiзгi құрал ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерi болып табылады.

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес (бұдан әрi-АӘК) аз қамтамасыз етiлген азаматтарға кедейлiк шегiне дейiн қосымшаақы түрiнде әлеуметтiк көмек көрсетiледi.

Тұтастай алғанда аудан бойынша 2016 жылғы 1 қантарға аз қамтамасыз етiлген азаматтар саны 596 адамды құрады. Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 2016 жылғы 1 қантарға 74 азаматқа жалпы мөлшерi 992,0 мың теңгенiң жәрдемақысы тағайындалды. Аудан бойынша атаулы әлеуметтiк көмек алушы жәрдемақысының орташа мөлшерi орта есеппен 1117,1 теңгенi құрады.

Бас маман
Шеерман О.А.

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2017 10:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.04.2019 10:58

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+