Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауданның әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Уәлиханов ауданының 2019 жылдың шiлде айының 1-не әлеуметтiк-экономикалық даму туралы анықтама (ZIP 58 Kb)

2019 жылғы шiлде айының 1-iне Уәлиханов ауданының әлеуметтiк-экономикалық паспорты (ZIP 24 Kb)

Уәлиханов ауданының 2019 жылдың шiлде айының 1-не әлеуметтiк- экономикалық даму туралы анықтама

2019 жылғы қаңтар-маусым айларының статистикалық деректерге cәйкес, құрылыс жұмыстарының көлемi 2 есе ұлғайды; негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi — 33,1%-ға; тұрғын үйдi iске қосу — 15,9%-ға; өнеркәсiп көлемi — 12,7%-ға ұлғайды; бөлшек сауда тауар айналымының көлемi — 10,1%-ға; ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемi — 3%-ға ұлғайды

Өнеркәсiп

Ауданда 2019 жылғы қаңтар-маусым айларында өнеркәсiптiк өнiмдер өндiрiсiнiң көлемi 522,5 млн. теңге құрады (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 385,1 млн. тенге).

Нақты көлем индексi (НКИ) 112,7% құрады.

Кен өндiру өнеркәсiбiнде көлемi 74,4%-ға ұлғайды;

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында — 17,7%-ға;

Өнеркәсiптiк өндiрiсiнде 63,8 % алатын өңдеу өнеркәсiбiнде өсуi 8,1%-ды құрады.

НКИ төмендедi:

  • Сумен жабдықтау саласында — 7,8%-ға;

Жылу энергия өндiруi 16,7% ұлғайды немесе 8,4 мың Г/кал құрады (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 7,2 мың Г/кал);

Ұн өндiру 412 тонна құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 100% құрады (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 412 тонна);

Нан өндiру — 1,0% төмендеп, 101 тонна құрады (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 102 тонна);

2019 жылғы қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 4011,7 млн. теңгенi құрады (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 3814,6 млн. тенге), НКИ — 103%.

2019 жылғы қаңтар-маусым айларында ауданда мал мен құс етi тiрiдей салмақта союға өткiзiлгенi 1426,5 тонна құрады, немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне — 100,1% (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 1424,9 тонна); сауылған сиыр сүтi — 21615,1 тонна құрады немесе 102,3% (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 21123,9 тонна); 1,824 млн. дана жұмыртқа алынды немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне — 101,1% (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 1,803 млн. дана);

2019 жылдың шiлде айының 1-не артуы байқалады: IҚМ саны — 4,6%-ға (38,5 мың бас); сиыр саны — 18,8%-ға (18,4 мың бас); жылқы саны — 6,2%-ға (18,9 мың бас); шошқа саны — 12%-ға (0,6 мың бас); құс саны — 0,8%-ға артып, 91,9 мың бас құрады;

Қой мен ешкi саны — 0,7%-ға төмендеп, 53,8 мың бас құрады;

2019 жылдың шiлде айының 1-не мал басы мен құс саны

(мың бас)

Атауы Мал басы, мың бас 2018 жылдың сәйкес кезеңіне өзгеруі
Облыс бойынша 2019 ж. 01.07. Аудан бойынша
2018 ж. 01.07. 2019 ж. 01.07. пайызбен мың бас (+ -)
ІҚМ ,соның ішінде 462,6 36,9 38,5 104,6 +1,6
сиырлар 211,6 15,5 18,4 118,8 +2,9
Ешкілер мен қойлар 576,1 54,2 53,8 99,3 -0,4
Жылқы 162,2 17,8 18,9 106,2 +1,1
Шошқа 209,0 0,6 0,7 112 +0,1
Құстар 5695,8 91,2 91,9 100,8 +0,7

2019 жылғы қаңтар-маусым айларында ауданда 1150 шаршы метр тұрғын үй iске қосылды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiне 115,9 пайыз құрады (2018 ж. қаңтар-маусым айларында  — 992 ш.м.);

Құрылыс жұмыстарының көлемi 112,2 млн. теңге құрады немесе 2 есе артуы байқалады (2018 ж. қаңтар-маусым айларында  — 53,7 млн. теңге);

2019 жылғы қаңтар-маусым айларында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 1811,2 млн. теңге құрады (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 1340,8 млн. теңге); НКИ — 133,1% құрады.

2019 жылғы қаңтар-маусым айларында жеке инвестициялар көлемi 1757,2 млн. теңге құрады, немесе 2018 жылғы тиiстi кезеңiнен 32,6%-ға артық.

Негiзгi капиталға салынған инвестициялардың салалық құрылымында ең көп үлес салмағы көлiк және қоймалау (58,7%), ауыл шаруашылығы (33,7%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (7,2%) алады.

Бөлшек сауда желiсi арқылы 1420,2 млн. теңгеге тауар сатылған (2018 ж. қаңтар-маусым айларында — 1218,5 млн. теңге). НКИ 110,1% құрады.

2019 жылғы қаңтар-маусым айларында сауда жасайтын кәсiпорындарымен 775,9 млн. теңгеге тауар сатылды, жеке кәсiпкерлерiмен — 644,3 млн. теңгеге.

Жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 762 бiрлiк құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 114,4% құрады (2018 ж. 01.07 — 666 бiрл.).

Әлеуметтiк қорғау

2019 жылдың шiлде айының 1-iне жұмыспен қамту органдарында тiркелген жұмыссыз азаматтардың саны 195 адам құрады, ол 2018 жылдың сәйкес кезеңiнен 42 адамға артты (2018 ж. 01.07 — 153 адам).

Статистика Департаментiнiң мәлiметтерi бойынша, бiр қызметкердiң орташа айлық атаулы жалақысы 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында 91228 теңге немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 115% құрады (2018 ж. қаңтар-наурыз айларында — 79297 теңге). Нақты жалақы көрсеткiшi 109,6% құрады.

Қызметкерлердiң саны 3393 адам құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 96,3% құрады (2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында — 3525 адам).

Қызметкерлердiң нақты саны 3139 адам құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 97,2% құрады (2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында — 3228 адам).

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданның мекемелерi мен кәсiпорындарының жалақы қоры 859,093 млн. теңге құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 111,9% құрады (2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында — 767,908 млн. теңге).

Денсаулық сақтау

2019 жылғы шiлде айының 1-не ауданның денсаулық сақтау жүйесi жалпы төсек қорының саны 65 орындық 1 орталық аудандық аурухана, 23 амбулаториялық ұйым: 2 дәрiгерлiк амбулатория, 21 медициналық пункт құрылған.

Ауданның емдеу ұйымдарында барлығы 23 дәрiгер және 123 орта буындағы медициналық қызметкерлер жұмыс iстейдi.

«СҚО денсаулық сақтау қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi» анықтамалық мәлiметтерi бойынша:

Онкологиялық ауруына шалдығу деңгейi көрсеткiшi 2019 жылдың 6 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 79,5 құрады (13 адам), 2018 жылдың 6 айында — 100 мың тұрғынға шаққанда 103,7 құрады (17 адам).

Онкология өлiм-жiтiм көрсеткiшi 2019 жылдың 6 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 42,8 құрайды (7 адам), 2018 жылдың сәйкес кезеңiнде — 100 мың тұрғынға шаққанда 24,4 құрайды (4 адам).

Туберкулез ауруына шалдығу деңгейi көрсеткiшi 2019 жылдың 6 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 55,5 құрайды (9 адам), 2018 жылдың сәйкес кезеңiнде — 100 мың тұрғынға шаққанда 42,8 құрайды (7 адам).

Туберкулез өлiм-жiтiм көрсеткiшi 2019 жылдың 6 айында және 2018 жылдың сәйкес кезеңiнде — тiркелмеген.

Бiлiм беру

Уәлиханов ауданының аумағында 2 бөбекжай бақшалары («Балдәурен» және «Күншуақ» КҚММ), 2 қосымша бiлiм беру мекемелерi, 24 мектеп (18 орта, 6 негiзгi) жұмыс iстейдi.

Мәдениет

Ауданда 31 мәдениет нысандар қызмет етедi, оның iшiнде: 14 селолық клубтар және 17 мемлекеттiк кiтапханалар (орталық аудан кiтапханасы, балалар кiтапханасы және 15 ауыл кiтапхана).

Спорт

Аудан бойынша барлығы 143 спорт нысандары жұмыс iстеуде, оның iшiнде: 3 стадион, 1 ипподром, 21 хоккей корты, 25спорттық зал, 84 жазықтық құрылғылары, 9 ату тирi.

Демография

2019 жылғы маусым айының 1-не ауданның халық саны 16227 адам құрады (2018 ж. 1 маусымына — 16357 адам). Өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда, халықтың саны 130 адамға немесе 0,8%-ға азайды.

2019 жылы қантар-мамыр айларында халықтың табиғи өсiмi 43 адам құрады (2018 ж. қаңтар-мамыр айларында — 45 адам). 2019 жылғы қаңтар-мамыр айларында тiркелген туғандар саны 96 адам немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiнен 1%-ға төмендегенi. Қайтыс болғандар саны 53 адам құрады.

2019 жылы қантар-мамыр айларында барлығы 273 адам келдi, кеткенi — 382 адам, көшi-қон айырымы (-109 адам) құрады. 2018 жылдың сәйкес кезеңiнде барлығы 195 адам келдi, кеткенi — 310 адам, көшi-қон айырымы (-115 адам).

Экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы
С. Шегебаева

Мақаланың шыққан күні: 06.11.2017 14:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.07.2019 12:22

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+