Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ішкі саясат

«Қазақстан — ұлы дала елi» қосымшасы арқылы отаныңды әлемге жақындата бiл!

Құрметтi достар!

Назарларыңызға «Қазақстан — Ұлы Дала Елi» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бiрегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D-нысандар, панорамалар, инфографикалар, интерактивтi карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тiлдерiнде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристiк немесе iскерлiк мақсатпен келудi жоспарлайтын шет ел азаматтары үшiн, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушiлер, журналистер және бизнесмендер үшiн таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, Play Market, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

Қазақстанды әлемге паш етейiк!

Қосымшаға келесi сiлтеме арқылы өте аласыз: http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 

Сiлтемелер

  1. http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 — ҚР СIМ-нiң ресми сайтындағы қолданбаның қазақ тiлiндегi нұсқасына сiлтеме;
  2. http://mfa.gov.kz/ru/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 — СIМ-нiң ресми сайтындағы қолданбаның орыс тiлiндегi нұсқасына сiлтеме;
  3. http://mfa.gov.kz/en/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 — СIМ-нiң ресми сайтындағы қолданбаның ағылшын тiлiндегi нұсқасына сiлтеме;
  4. https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8 — AppStore-ға сiлтеме;
  5. https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.siveco.kazakhstan — PlayMarket-ке сiлтеме;
  6. http://mfa.gov.kz/mobile/demos/index.html — веб-нұсқаға сiлтеме;
  7. http://bit.ly/28PckQP — бейнероликтердi жүктеуге арналған сiлтеме (барлық тiлдердегi нұсқалары мен форматтары);
  8. https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw — Youtube-тағы қазақ тiлiндегi бейнероликке сiлтеме;
  9. https://www.youtube.com/watch?v=HzajL2ZKXoQ — Youtube-тағы ағылшын тiлiндегi бейнероликке сiлтеме;
  10. https://www.youtube.com/watch?v=ovg5VBHut5w — Youtube-тағы орыс тiлiндегi бейнероликке сiлтеме;
  11. https://goo.gl/B9MSSB — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiндегi аудиороликтердi жүктеуге арналған сiлтеме.

16.05.2019

«Мерейлi отбасы» байқауы

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Кiшкенекөл №2 мектебiнде «Мерейлi отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңiне қатысқан отбасылардың марапаттауы өткiзiлдi. Марапаттау рәсiмiне аудан әкiмi М.Оспанов қатысып, жиналған қауымға өз тiлек-лебiздерiн бiлдiрдi. 

«Мерейлi отбасы» байқауына Кiшкенекөл, Бидайық, Ақтүйесай, Телжан, Қарасу ауылдық округтерден барлығы 6 отбасы қатысқан болатын. 

Байқаудың қорытындысы бойынша бiрiншi орынды Қарасу ауылдық округiнен Игiлiковтар иеленсе, екiншi орынға Бидайық ауылдық округiнен Нұржановтар отбасы шықты. Үшiншi орынды жеңiп алғандар Кiшкенекөл округiнен Ауғалиевтар отбасы және Адикеновтар отбасы болды, Төртiншi орында жеңiп алғандар Абдрахмановтардың отбасы. 

Байқауға қатысқан Омаровтар, «Парасатты отбасы» номинация бойынша дипломға ие болды.

Ақпарат «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде іске асырылған жобалар туралы» Уәлиханов ауданындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2018 жылға

р. № Іс-шара атауы сомасы жүзеге асырудың басталуы аяқталу уақыты инвестор жөнінде мәліметтер (Аты-жөні, тегі) Толыққанды мінездемесі елді мекен мақсаты
Уәлиханов ауданы 11 округтен 6 округте жұмыс жүргізілуде - жалпы 8 жоба қараат көлемі 113 млн. 500 мың теңгеге
Кішкенекөл ауылдық округі – 2 жоба 72 млн. теңгеге
1 Жасөспірімдердің спорт мектебінің оқушылары үшін 17 дана хоккей ойынына арналған форма алу 2 млн. теңге Ақпан Наурыз Вовк Виктор, спорт меценаты, «VOVK» жеке меншік емханасының директоры, бүгінгі күні Алматы қаласында тұрады Хоккейге арналған комплектісіне қалқаншалар, шорты, кеудешесі, налокотник, краги, каска, жамылғы, клюшка, бандаж және рейтуз кіріп отыр. Кішкенекөл а. меценаттың нақты мысалында азаматтық жауапкершілік, туған жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу
Телжан ауылдық округі – 1 жоба 4 млн. теңгеге
1 Мектеп аумағына асфальт жабу 4 млн. теңге Сәуір Мамыр Вовк Виктор, спорт меценаты, «VOVK» жеке меншік емханасының директоры, бүгінгі күні Алматы қаласында тұрады Ауылдың орта мектебі аумағының жалпы көлемі 2000 ш. метрге дейін асфальтпен жабылатын болады Көбенсай а. меценаттың нақты мысалында азаматтық жауапкершілік, туған жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу
Қулыкөл ауылдық округі – 1 жоба 10 млн. теңгеге
1 Спорттық жастар кешенінің жөндеуі 10 млн. теңге Сәуір Тамыз «Беркут» ӨАК - Мубарак Саян Мендешұлы Ғимаратта толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, сырлау, ақтау, терезелерді ауыстыру, жылыту қазандығын ауыстыру, есіктер ауыстырылады Қулыкөл а. мәдениет және спорт объектілерін арттыру, аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,тұрғындардың әрбір жіктерін спортпен толығымен қамту және шұғылдандыру

«Рухани қазына» кiшi бағдарлама бойынша атқарылған iс-шаралар туралы ақпарат

Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Рухани қазына шағын бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» шағын бағдарламасын iске асыру аясында 2018 жылдың 13 желтоқсанында аудандық мәдениет Үйiнде Облыстық ақындар мектебi мен жергiлiктi жас ақындардың қатысуымен «Бала ақын — жас дарын» атты поэзиялық кешi өттi. Iс-шара барысында қазақтың дәстүрлi әндерiн ауданымыздың өрендерi орындады.

Уәлиханов ауданының киелi жерлерiн таныту мақсатында «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың санасында елiмiздiң киелi жерлерiнiң және рухани дәстүрлерiнiң жалпыұлттық өзгешiлiгiн нығайту үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм және мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмдерi 5 қыркүйек — 16 қазан аралығында «Киелi Қызылту» бейнероликтер байқауын ұйымдастырған болатын. 

Байқауға барлығы 12 жұмыс келiп түстi.

2018 жылдың шiлденiң 26-ы Уәлиханов ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, Кiшкенекөл ауылында «Қызыр қонған құт бесiк» атты республикалық ақындар айтысы өттi.

Айтысқа Айбек Қалиев, Ринат Зайытов бастаған Дидар Қамиев, Аспанбек Шугатаев қостаған барлығы 12 ақын қатысты.

Бүгiнгi күн тәртiбiне қойылған ең өзектi, тағдыршештi мәселенiң бiрi — қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшiру мәселесi көпшiлiктiң қызу талқысына түсiп, ауданда сол бағыт бойынша iс-шаралар өткiзiлуде.

2018 жылдың қарашаның 8-i «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» КММ-сi мен Тiлдердi оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудан әкiмдiгiнiң мәжiлiс залында «Жаңа емле ережесiндегi дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында ақпараттық-насихаттау шарасы өткiзiлдi. Шараның мақсаты — латын графикасындағы қазақ тiлi әлiпбиiне көшу кезеңдерiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыстармен таныстыру, жаңа әлiпби негiзiнде әзiрленген емле ережелерiнiң мазмұны мен құрылымын түсiндiру. Ақпараттық-насихаттау тобының мүшелерi жаңа әлiпбиге көшудiң мәнi мен емледегi өзектi мәселелер жөнiнде баяндама жасап, ереженiң негiзгi қағидаттарымен және басты жаңалықтармен таныстырды.  

2019 жылдың ақпанның 27-сi Коворкинг орталығында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен «Латын графикасына көшу-рухани жаңғырудың басты құндылығы» атты семинар өттi. Семинарға ауданның мәдени ұйымдастырушылары мен кiтапханашылары қатысты. Латын әлiпбиiне өту-Рухани тәуелсiздiкке жасалған болашағы зор жарқын қадам екендiгi туралы толық ақпаратталды. Қазақ әлiпбиiнiң латын қарпiнде жазылуы жайлы буклет қағаздар таратылды. Семинардың соңында қатысушылар өз аты-жөндерiн латын қарпiнде жазып үйрендi.

Уәлиханов АББ-нiң 2018-2019 оқу жылының I жарты жылдығында атқарылған «Тәрбие және бiлiм» бағыты бойынша тәрбие жұмысының есебi

1 қыркүйек Бiлiм күнiне арналған салтанатты жиын «Мен өз Елiмнiң патриотымын» атты бiркелкi тақырыпта өткiзiлдi. Қыркүйек айында жалпыреспубликалық ата-аналар конференциясы аудан бойынша екi мәрте өтсе, қазан айында 3-шi және 4-шi кезеңдерi 100 пайызда ұйымдастырылып, есептерi облысқа уақытында тапсырылды.

1 қазан мен 1 қараша аралығында қарт адамдар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау айлығын бiлiм беру мекемелерiнде өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары құрылып, жоспар негiзiнде төмендегi жұмыстар жүргiзiлдi:

Қарттар күнi аясында атқарушы органдар өкiлдерiнiң қатысуымен, барлық бiлiм беру ұжымдарында зейнеткерлердiң толық қатысуын қамтамасыз ете отырып, олармен кездесулер ұйымдастырылып, мерекелiк дастархандар жайылды. Мектеп оқушылары «Қадiрлi менiң қарттарым», «Қариялар-елiмнiң қазынасы», «Қарияны қастерлеген ел ардақты», «Аман болшы, ауылымның қарттары» атты концерттiк бағдарламалар ұйымдастырып, қайырымдылық сенбiлiктерiне белсене атсалысты. Сондай-ақ, айлық аясында «Өз ата-әжеңдi құттықта!» атты ұйымдастырылған науқанда мектеп мұғалiмдерiнiң басшылығымен бастауыш сынып оқушылары ашықхаттар жасап, қолөнер үйiрмелерiнде сыйлықтар мен құттықтаулар әзiрледi. Мектепiшiлiк газеттер мен журналдарға өз ата-әжесi туралы, олардың еңбектерi жайлы шағын мақалалар мен өлеңдер жазып, сынып сағаттарында науқан кезiнде алған әсерлерiмен бөлiсiп, қарт адамдарды сыйлау мен құрметтеудiң қаншалықты маңыздылығынан алған әсерлерiмен бөлiстi.

Уәлиханов аудандық бiлiм бөлiмi қызметкерлерiнiң ұйымдастыруымен 12 зейнеткерге 56000 (елу алты мың) теңгеге мерекелiк дастархан жайылып, сый-сияпат көрсетiлдi. АББ басшысы А. Әубәкiров жеке өз атынан зейнеткер ұстаз Қ. Қалижанқызына сыйлық жасады.

Сондай-ақ, 5-iншi қазан күнi Кiшкенекөл №1 ОМ, Кiшкенекөл №2 iшiнара интернатты ОМ, Кiшкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы, «Балдәурен» және «Күншуақ» бөбекжай бақшалары, Өнер мектебi мен педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттерi ұжымдары бiрлесе отырып 70-тен аса қарттарды Кiшкенекөл №2 iшiнара интернатты орта мектебiнiң асханасында концерттiк бағдарламамен қарсы алып, дастарханға шақырды.

2018 жылдың қараша айының 1-iнен бастап «ЖҚТБ-мен күрес» айлығы басталып, барлық мектептер жоспарлы түрде жұмыстарын жүргiздi.

12–23 қараша күндерi аудандық бiлiм бөлiмiнiң жоспары негiзiнде барлық бiлiм мекемелерiнде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты науқан өттi. Алғашқы күнi мектептерде науқанның ашылуына арналған саптүзеулер ұйымдастырылып, мұғалiмдер мен оқушылырға ақпарат берiлiп, жоспар таныстырылды және «Похороните меня под плинтусом» атты көркем фильм жоғары сынып оқушыларына көрсетiлдi. Келесi күнi 1-4 сыныптар аралығында: «Менiң бақытты отбасым» атты шығарма сайысы және 5-11 сыныптарында: « Әлемдi зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» атты эссе жазылып, ең жақсы жұмыстар марапатталды.

Жоспар бойынша жұмыстар өз жалғасын тапты. «Менiң бақытты балалық шағым» атты қабырға газеттерi шығарылып, спорттық iс-шаралар ұйымдастырылды, әлеуметтiк педагогтар «Бiз зорлық-зомбылыққа» қарсымыз!» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырса, бастауыш сыныптар арасында «Бүкiл әлем мен үшiн» деген тақырыпта сурет көрмесiне қатысса, ата-аналарға «Балалық шақ қорғалуда», «Кiмге жүгiну керек екен?», «Ата-аналар үшiн жадынама» кiтапшалары таратылды. Сондай-ақ, «Өмiрдiң қауiптi қырлары және олардан өту жолдары» тақырыбында тәрбие сағаттары өткiзiлдi. Кәмелетке жасы толмағандар жұмысы бойынша инспекторлер мен участкелiк инспекторлардың қатысуымен жоғарғы сыныптарға «Закон на страже детства», «Мен зиянды әдеттерге қарсы тұра аламын», «Менiң жанашырым…» деген тақырыптарда кездесулер, әңгiмелер өткiзiлдi.

6-8 сынып оқушылары «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында эссе жазды, акцияның шеңберiнде «Жас Ұлан» ұйымдары қарияларға көмек көрсеттi. Педагог-психологтар 5-11 сыныптарға «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты сауалнамалар өткiзсе, дене шынықтыру мұғалiмдерi «Бiз салауатты келешек үшiн» деген ұранмен спорттық турнирлер ұйымдастырды. Жастар орталығының мамандарымен сыныптар арасында «Балалық шақ қорғалуда» ФЛЕШМОБ байқауы да өте қызықты және әсерлi өттi. Мектептерде «Жасөспiрiм және көше» кешкi кезекшiлiк кестесi құрылып, ауыл көшелерiнде рейд жұмыстары күшейтiлдi.

Тұңғыш Президент күнi мен Тәуелсiздiк күнi мерекесiне арналған iс-шаралар жоспарлы түрде өткiзiлдi. Бұл жоспар бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәуелсiздiк тұғырым менiң» атты кiтап көрмесi, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-4 сыныптар арасында «Қазақстан — ортақ үйiмiз» атты суреттер сайысы ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсiздiк күнi мерекесi қарсаңында аудан әкiмiнiң қатысуымен «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бiрiңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымына ауданның 80 белсендi оқушысы салтанатты түрде қабылданды.

Желтоқсан айының 24-i күнi ауданнан 8 оқушы Президент шыршасына қатысып, Қарашiлiк НМ-нiң 4 сынып оқушысы Жепеева Гүлжиян жүлделi II орынды иеленiп қатты. 28 желтоқсанда аудан әкiмi атынан 70 оқушыға арналған Жаңа Жылдық мерекелiк шырша ұйымдастырылды.

Биылғы оқу жылының басынан Мортық ОМ-де, Қарашiлiк НМ-де және Шағырсай НМ-де өлкетану мұражайлары ашылды.

Жаңғыру жолында мемлекет тарапынан мектептiң материалдық базасы нығайып жатыр, мектептерде Робототехника үйiрмесi жұмыс жасайды, үш тiлде бiлiм берiлiп жатыр, бiлiм мазмұнын жаңарту шеңберiнде мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыруда. Ақпан айында мектеп оқушылары «Первые шаги в науку» атты қашықтық олимпиадаға қатысты.

Елбасының жарлығымен 1 наурыз — Алғыс айту мерекесi болып жарияланған болатын. Осыған орай аудан мектептерiнде жоспарлы түрде iс-шаралар өттi. Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының IХ Бас Ассамблеясы қарарларына сәйкес 1 наурызда аудан мектептерiнде Бүкiләлемдiк Азаматтық қорғаныс күнi атап өтiлдi.

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесiне арналған «Кiтаптағы әйел өмiрi» атты кiтап көрмелерi, ашық тәрбие сағаттар, мерекелiк кештер мен сурет сайыстары өттi. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша iс-шаралар өз жалғасын табуда.

ҮЕҰ Дерекқоры қалыптастыру бойынша ақпарат

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41 бабындағы 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететiн коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң азаматтық қоғам iстерi бойынша Комитетiне ұйымның қызметi туралы қазақ және орыс тiлдерде ҚР МСМ 2016 жылғы 19.02. №51 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы «Деректер базасын қалыптастыру және үкiметтiк емес ұйымдары өз қызметтерi туралы мәлiметтердi ұсыну Ережесiн бекiту туралы», РК ӘМ 2017 жылғы 29.12 №16166 тәртiптiң қосымшасына сәйкес ҮЕҰ Дерек базасын қалыптастыру үшiн мәлiмет ұсыну қажет.

Ақпаратты келесi сiлтеме бойынша табуға болады: http://dvp.sko.gov.kz/page/read/Baza_dannyh_NPO.html?lang=ru

Ақпаратты ұсынылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нiң 489-1 бабына сәйкес үкiметтiк емес ұйымдар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.

Анықтама телефондары: 21145, 22969.

Уәлиханов ауданын әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi, Уәлиханов көшесi 85, 2 қабат, 1 бөлме.

21.09.2018

Бiрыңғай ақпараттық күн

2018 жылы 21қыркүйек күнi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және iске асыру бойынша ауданда бiрыңғай ақпараттық күн өткiзiлдi.

Бiрыңғай ақпараттық күннiң талқылауына енгiзiлген мәселелер келесiдей болды: 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама және «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшiн сұрақтары.

Аудандық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшелерi аудан әкiмiмен бекiткен кестесiне орай ауданның ауылдық округтерiне шығып, ауыл тұрғындары алдында жоғарыда көрсетiлген мәселелер туралы баяндады.

Кездесу барысында жиналғандар жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша өздерiн толғандырған сұрақтарына толыққанды түрде жауап ала алды.

Кiшкенекөл ауылдық округiнде жиналғандар алдында аудандық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшесi, кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы Хасенов Жолдыбай Нұрмағанбетұлы сөз сөйледi.

17.08.2018

Бiрыңғай ақпараттық күн

2018 жылы 17 тамыз күнi Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және iске асыру бойынша ауданда бiрыңғай ақпараттық күн өткiзiлдi.

Бiрыңғай ақпараттық күннiң талқылауына енгiзiлген мәселелер келесiдей болды: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдiлiгi», «Мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгi», «Қаржы секторының «қайта құрылуы», «Конституция — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi».

Аудандық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшелерi аудан әкiмiмен бекiткен кестесiне орай ауданның ауылдық округтерiне шығып, ауыл тұрғындары алдында жоғарыда көрсетiлген мәселелер туралы баяндады.

Кездесу барысында жиналғандар жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша өздерiн толғандырған сұрақтарына толыққанды түрде жауап ала алды.

Кiшкенекөл ауылдық округiнде жиналғандар алдында облыстық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшелерi, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы Е.Е. Жанатаев және СҚО кәсiподақ орталығы төрағасының орынбасары А.Қ. Кайсин сөз сөйледi.

Бірыңғай ақпараттық күн

Бірыңғай ақпараттық күн

20 шiлде 2018

Бiрыңғай ақпараттық күн

2018 жылы 20 шiлде күнi Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және iске асыру бойынша ауданда бiрыңғай ақпараттық күн өткiзiлдi.

Бiрыңғай ақпараттық күннiң талқылауына енгiзiлген мәселелер келесiдей болды: отбасылық және гендерлiк саясаттың дамуы, адами капитал-жаңғырудың негiзi (бiлiм саласына байланысты), облысымызда медициналық саласының дамуы және жағдайы туралы.

Аудандық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшелерi аудан әкiмiмен бекiткен кестесiне орай ауданның ауылдық округтерiне шығып, ауыл тұрғындары алдында жоғарыда көрсетiлген мәселелер туралы баяндады.

Кездесу барысында жиналғандар жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша өздерiн толғандырған сұрақтарына толыққанды түрде жауап ала алды.

Кiшкенекөл ауылдық округiнде жиналғандар алдында аудандық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшесi, бiлiм бөлiмiнiң басшысы А.Ә. Әубәкiров сөз сөйледi.

Бiрыңғай ақпараттық күн

Бiрыңғай ақпараттық күн

Жергiлiктi атқарушы органдардағы азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi тұлғаның тiзiмi

Мемлекеттік органдардың тізімі Т.А.Ә. Лауазымы Телефоны Е-mail
1 Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты Жауарова Айгүл Зендақызы әлеуметтік сұрақтар бойынша аудан әкімінің орынбасары 87154221833 zhauarova_akimat@mail.ru

15 маусым 2018

Бiрыңғай ақпараттық күн

2018 жылы 15 маусым күнi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және iске асыру бойынша ауданда бiрыңғай ақпараттық күн өткiзiлдi.

Бiрыңғай ақпараттық күннiң талқылауына енгiзiлген мәселелер келесiдей болды: құрылыс саласының дамуы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру сұрағы.

Аудандық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшелерi аудан әкiмiмен бекiткен кестесiне орай ауданның ауылдық округтерiне шығып, ауыл тұрғындары алдында жоғарыда көрсетiлген мәселелер туралы баяндады.

Кездесу барысында жиналғандар жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша өздерiн толғандырған сұрақтарына толыққанды түрде жауап ала алды.

Кiшкенекөл ауылдық округiнде жиналғандар алдында аудандық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшесi, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары М.М. Латыпова сөз сөйледi.

Бірыңғай ақпараттық күн

Бірыңғай ақпараттық күн

ҮЕҰ Дерекқоры

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41 бабындағы 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететiн коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң азаматтық қоғам iстерi бойынша Комитетiне ұйымның қызметi туралы қазақ және орыс тiлдерде ҚР МСМ 2016 жылғы 19.02. №51 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы «Деректер базасын қалыптастыру және үкiметтiк емес ұйымдары өз қызметтерi туралы мәлiметтердi ұсыну Ережесiн бекiту туралы», РК ӘМ 2017 жылғы 29.12 №16166 тәртiптiң қосымшасына сәйкес ҮЕҰ Дерек базасын қалыптастыру үшiн мәлiмет ұсыну қажет.

Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметтерi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi жөнiнде мәлiметтердi ұсыну және дерекқорын үкiметтiк ұйымдардың қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланады:

  1. үкiметтiк емес ұйым — ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).
  2. Үкiметтiк емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрi — Дерекқор) — үкiметтiк емес ұйымдар қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастыру шеңберiнде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшiн қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор; 

2-тарау. Үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну тәртiбi

3. Үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметтерi жөнiндегi мәлiметтердi үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тiлдерiнде жыл сайын 31 наурызға дейiн қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынады.   

Үкiметтiк емес ұйымдар есептi кезең үшiн ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы iске асырылатын жобалар жөнiндегi ақпараты бар өз қызметтерi туралы мәлiметтерiн ұсынады.

Есептi кезең Дерекқорға мәлiметтер ұсыну жылының алдындағы күнтiзбелiк жылы деп түсiндiрiледi.

Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсiндiрмеге сәйкес толтырылады.

4. Үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтер уәкiлеттi органға пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылған жағдайда, үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi туралы мәлiметтердi iлеспе хатпен жолдайды.

5. Үкiметтiк емес ұйымдар мәлiметтер туралы веб-портал арқылы уәкiлеттi органға ұсынған жағдайда, мәлiметтер заңды тұлғаға берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.  

6. Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген және Қазақстан Республикасы аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдар және өкiлеттiктер) бар үкiметтiк емес ұйымдар осы Қағидалармен белгiленген тәртiпте филиалдар немесе өкiлеттiктер туралы мәлiметтердi ұсынады.  

7. Осы Қағидаларда 1-қосымшада I, II және VII бөлiмнiң  1-кестесiнде көзделген үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтер өзгерген жағдайда, үкiметтiк емес ұйымдар негiздемесi бар өзгертiлген мәлiметтердi қазақ және орыс тiлдерiнде пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электронды түрде веб-портал арқылы осындай өзгерiстер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн iшiнде уәкiлеттi органға ұсынады.

3-тарау. Үкiметтiк емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртiбi

8. Уәкiлеттi органдар үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыруды үкiметтiк емес ұйымдар және жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын мәлiметтер негiзiнде жүзеге асырады.

9. Уәкiлеттi орган үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды.

Үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады. 

Осы Қағиданың көрсетiлген 1-қосымшасына сәйкес мәлiметтi толық ұсыну, бұл барлық кестенi толтыру болып табылады. 

Үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi толық ұсыну уәкiлеттi органға жолдау күннiң шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкiметтiк емес ұйым туралы мәлiметтердi анық емес деп тану үшiн негiздеме болып саналмайды.

10. Уәкiлеттi орган үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтердiң келiп түсуiне қарай он бес жұмыс күн iшiнде Дерекқорды жаңартады. 

11. Үкiметтiк емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң Ұлттық тiзiлiмiнен үкiметтiк емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.

12. Дерекқорға ұсынатын үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтердi тексерудi жүзеге асыру үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуiрге дейiн аумақтық әдiлет органдарынан және мемлекеттiк кiрiстер органдарынан тиiстi  әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктен үкiметтiк емес ұйымдар туралы (тiркеу/қайта тiркеу күнi, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректерi, соңғы есептi мерзiмге салықтық есеп беру күнi) қорытынды мәлiметтердi уәкiлеттi органға ұсынады. Мәлiметтер қазақ және орыс тiлдерiнде, пошта арқылы қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.

Қосымша (ZIP 18 Kb)

09.11.2017

Ақпараттық сағат

9 қараша күнi Көктерек ауылдық округi Мортық ауылдық клубында сағат 15.00-де «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Қазақстан Президентiнiң бағдарламалық мақаласын талқылау жөнiнде «Прагматизм — жаңғырудың негiзi» ақпараттық сағаты өттi.

Бiрiншi сөз округ әкiмiнiң м.а. Е.Н. Алимовқа берiлдi. Президенттiң бағдарлама мақаласымен жиналған қауымды таныстырды. 

Жиналған қауым пiкiрлерiмен бөлiсiп, РҚ Президентiнiң бағдарламасын қолдады. Бұл iс-шараға мектеп ұжымы, әкiмшiлiк қызметкерлерi, ауыл тұрғындары қатысты. Қатысқан адамдар саны — 25 адам.

08.11.2017

«Туған өлкем» көрмесi

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүйелiк кестесiне орай 8 қараша күнiнен бастап Қарасу ауылдық округiнiң Аққұдық негiзгi мектебiнде «Туған өлкем» атты көрме ұйымдастырылды. 

Көрмеге қойылған құрал-бұйымдардың авторы Тлеубиев Бауыржан Зикенұлы. Өз iсiнiң шеберi, қадiрлi ұстаздың қолөнерi бүгiнгi күнi барлық қауымды тамсандырды.

Б.З. Тлеубиев — аудандық, облыстық қолөнер шеберлерiнiң байқауына қатысушысы. Мектепке қойылған көрме бiр апта бойы тұратын болады.

«Туған өлкем» көрмесі

«Туған өлкем» көрмесі

08.11.2017

«Туған өлкем» мұражайы ашылды

Уәлиханов ауданында Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» атты мақаласынан туындаған мiндеттер аясында жұмыстар атқарылуда. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүйелiк кестесiне енгiзiлген Бидайық ауылдық округi Өндiрiс орта мектебiнде 8 қараша күнi «Туған жер» шағын бағдарламаны iске асыру, оқушылар, балаларды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатымен мұражай ашылды. Мұражайдың ашылуынаауыл тұрғындары, мектеп ұжымы, оқушылар, Бидайық ауылдық округi әкiмдiгi, аудан әкiмдiгiнiң бiлiм, iшкi саясат бөлiмдерiнiң, көршiлес Мырзағұл ауылының өкiлдерi қатысып, өз тiлектерiн бiлдiрдi.

Мектеп басшысы Ракишева А.Ш. Н. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласындағы айтылған «туған жерге, оның мәдениетi мен салт-дәстүрлерiне айрықша iңкәрлiкпен атсалысу-шынайы патриотизмнiң маңызды көрiнiстерiнiң бiрi» деген сөздерiн бүгiнгi күнi жұмыстың бас тұғырында тұрғанын атап өттi.

Мұражайда ауылдан Ұлы Отан соғысына кеткен жауынгерлер, еңбек майданында қызмет жасаған ардагерлердiң есiмi мен қысқаша тарихтары бейнеленген, сұрапыл соғыстан жазылған хаттың көшiрмеi де бар. 

Қазақ халқымыздың салт-дәстүрiн бейнелейтiн заттар: самаурын, пiспе шелек, бұрынғы сақиналар мен зергер бұйымдары, ұлттық киiмдер қойылған. Айта кету керек, мұражайға қойылған ұлттық камзолдағы қаптырма 19 ғасырдың басында пайдаланған таза күмiстен жасалған екен, оның дәлелi жазуында тұр. Мұражай ашу барысында мектеп оқушылары өз онерiн көрсете бiлдi.

«Туған өлкем» мұражайы ашылды

«Туған өлкем» мұражайы ашылды

08.11.2017

Чернигов орта мектебiнде «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру» аясында мектеп ұжымымен өткiзiлген дөңгелек үстел жайлы есеп

«Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру» аясында мектеп ұжымымен өткiзiлген дөңгелек үстелге 45 адам қатысты. Елбасының мақаласын негiзге ала отырып, тәрбие iсiнiң меңгерушiсi Нурсеитова Д.Н. баяндама оқыды. Баяндамадан кейiн мақала аясында сұрақ-жауап арқылы пiкiр алмасып, Уәлиханов ауданы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және бiлiм» бағыты бойынша жоспар негiзiнде құрылған мектепiшiлiк жоспарды таныстырып, жауапты мұғалiмдерге әр iс шараға немқұрайлы қарамай уақытында сапалы өткiзуге ұсыныс айтылды. Тарих, тiл пәнiнiң мұғалiмдерi оқушылардың бойындағы патриоттық сезiмдерiн арттыру мақсатында атқарып жатқан жұмыстары жайлы өз пiкiрлерiмен алмасты.

Чернигов орта мектебінде «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру» аясында мектеп ұжымымен өткізілген дөңгелек үстел жайлы есеп

Чернигов орта мектебінде «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру» аясында мектеп ұжымымен өткізілген дөңгелек үстел жайлы есеп

05.11.2017

«Таза көше, таза ауыл» акциясының ұйымдастырылуы

2017 жылдың 5 қарашасында аудандық елдi мекендерi көгалдандыру, санитарлық тазалау және күрделi жұмыстар жүргiзу үшiн «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Таза көше, таза ауыл» белгiленген жүйелiк кестесi бойынша жұмыс жүргiзiлдi.

Iс-шараны ұйымдастыру аясында әрбiр бөлiмiнiң мамандары бекiтiлген көшелерде тұрғындармен жеке меншiк аулаларын көгалдандыру және санитарлық тазалау қажеттiгi туралы халыққа түсiндiру жұмыстары өткiзiлдi.

Акцияны өткiзу кезеңiнде ауылдық округ әкiмдерiнiң ақпаратына сәйкес, Уәлиханов ауданы бойынша мынадай жұмыс көлемi орындалды:

Тазартылды:

көшелер мен жолдар — 117,3 км. Аудан бойынша;

саябақтар, скверлер және алаңдар — 63650 м2;

аула аумақтарында — 2253.

Жөнделген ескерткiштер мен оларға жақын орналасқан аумақтар — 11 нысаны; және қуғын-сүргiн құрбандарына ескерткiш Кiшкенекөл с. (аудандық мәслихат ұжымы). 

Шығарылған қоқыс — 19450 м3

Отырғызылған көшеттер — 4115 соның iшiнде Кiшкенекөл с. 2115 

Гүлзарлар саны — 170 м2.

«Таза көше, таза ауыл» акциясының ұйымдастырылуы «Таза көше, таза ауыл» акциясының ұйымдастырылуы «Таза көше, таза ауыл» акциясының ұйымдастырылуы

04.11.2017

Денсаулық фестивалi

2017 жылдың 4 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жүйелiк кестеге орай Кiшкенекөл №1 орта мектебiнде 9-10 сыныптар арасында «Денсаулық фестивалi» өткiзiлдi, сайыстың қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталар және естелiк сыйлықтармен марапатталды: 1 орын баскетболдан №1 Кiшкенекөл орта мектебiнiң 10 сыныбына берiлдi, сонымен қатар теннис бойынша 1 орынды осы мектептiң өкiлi Василькова Яна жеңiп алды.

Денсаулық фестивалi Денсаулық фестивалi Денсаулық фестивалi Денсаулық фестивалi

03.11.2017

«Рухани жаңғырудың жарқын жолы» — кiтапханалық сабақ

2017 жылдың 3 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қараша айына бекiтiлген жүйелiк кестеге сәйкес оқушыларды Отанды сүюге, өз елiн тарихын бiлуге, жалпы адамзаттық құндылықтармен терең қөзқарастарды сiңiру арқылы таным белсендiлiктерiн арттыру мақсатында Аудандық орталық кiтапханада «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында кiтапханалық сабақ өткiзiлдi.

Бүгiнгi таңда өзектi мәселелерiнiң бiрi Қазақстан Республикасының азаматтарының патриоттық рухын көтеру болып табылады. 

Елбасы Н. Назарбаев жылдағы Жолдауында патриоттық тәрбиеге көп көңiл бөледi.

Ал осы бағытта, патриоттық тәрбие аудандық кiтапхана алдында қойылған мақсаттардың бiрi болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудiң өзектiлiгi қоғамның рухани әлеуетiн нығайту қажеттiлiгiне негiзделген. Әрбiр азаматтың жауапкершiлiк сезiмiн, Отансүйгiштiк қасиетiн арттыру. Қазiргi кезде егемендiкке қол жеткiзiп, алға қарай нық басқан, экономикасы берiк Қазақстанның гүлденуiне үлес қосатын әр жас ұрпақтың патриоттық сезiмi болуы қажет. Осы iс-шаралардың бәрi әрқашан жастардың патриоттық рухтары жоғары болып, Отанын сүюге және оның тарихын бiлуге, туған тiлi мен дiнiн құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында жүргiзiледi.Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында.

Астанада өткен халықаралық көрме ЭКСПО-да бiздiң iрi мақтанышымыз, үлкен жетiстiгiмiз болды. Оқу залының кiтапханашысы Бибiгүл Көшенова ЭКСПО-ның нәтижелерiң айтып өтiп, викторина өткiздi.

Шара соңында «Туған жер» және «Рухани жаңғыру — жастарға жарқын жол» көрмелерiне шолу жасап, оқырмандар өлкетану ақпаратын көп алды.

«Рухани жаңғырудың жарқын жолы» — кiтапханалық сабақ «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» — кiтапханалық сабақ «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» — кiтапханалық сабақ

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2017 15:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.05.2019 15:23

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+