Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сайлау

Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы

2020 жылдың 11 наурызында бекiтiлген жоспарға орай Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылғандығына орай сайлау өткiзiлдi.

Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы бойынша барлық шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, аудандық сайлау комиссиясының күнтiзбелiк жоспарымен бекiтiлген тәртiппен және өз мерзiмiнде өткiзiлдi.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай аудандық сайлау комиссиясы Амангелдi ауылдық округi әкiмiне кандидаттар есебiнде 2 адамды тiркеген болатын.

Таңдаушылар-аудандық мәслихат депутаттарының берген дауыстары және Амангелдi ауылдық округi әкiмi сайлауының қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы негiзiнде Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы Құрманбаев Саян Бекболатұлын, 1982 жылғы, «СҚО Уәлиханов ауданы Озерная орта мектебi» КММ математика және физика пәндерiнiң мұғалiмi, Уәлиханов ауданы Тiлеусай ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесiн Амангелдi ауылдық округiнiң әкiмi ретiнде тiркедi.

Өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын аяқталған Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылдың 11 наурызына тағайындалған сайлауын дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шараларының күнтiзбелiк жоспары (ZIP 6 Kb)

Кандидаттардың тіркелуі жүргізілді

Мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтатылған Амангелді ауылдық округі әкімінің орнына ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 б. 2 т. және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтатылған әкімнің орнына Амангелді ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттардың тіркелгендігі жөнінде хабарлайды:

  1. Құрманбаев Саят Бекболатұлы, 1982 жылы туған, қазақ, «СҚО Уәлиханов ауданы Озерная орта мектебі» КММ математика және физика пәндерінің мұғалімі, Уәлиханов ауданы Тілеусай ауылының тұрғыны;
  2. Умбетова Айтжамал Серікқызы, 1989 жылы туған, «СҚО Уәлиханов ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жетекші маманы, Уәлиханов ауданы Тілеусай ауылының тұрғыны.

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы қаулы «Өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын аяқталған Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауын өткiзу туралы»

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабы 2 тармағына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы қаулы етедi:

1. Өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын аяқталған Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы 2020 жылдың 11 наурызында өткiзiлсiн.

Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiне кандидаттарды ұсыну 2020 жылдың 10 ақпанында басталады және 2020 жылдың 15 ақпанында жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiне кандидаттарды тiркеу барлық қажеттi құжаттарды алғаннан кейiн басталады және 2020 жылдың 25 ақпанында жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

2. Аудандық сайлау комиссиясы сайлау iс-шараларын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын аяқталған Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы жөнiнде жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарлансын.

4. Осы қаулы аудандық газеттерде жариялансын.

5. Аудандық сайлау комиссиясының құрамы, оның орналасуы мекен жайы көрсетiлуiмен аудандық газеттерде жариялансын.

Комиссия төрағасы
Б. Хасенеев

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы

Орналасу мекен жайы: Кішкенекөл а., Уәлиханов көшесі, 85, 1 қабат, тел./факс 8(715)42-2-12-74

Төрағасы — Хасенеев Біржан Сәкенұлы.

Төрағасының орынбасары — Оралов Төрежан Мухаммедхаирұлы.

Хатшысы — Сагалиева Гүлнәр Қапарқызы.

Комиссия мүшелері — Жайшикова Әлия Даулиқызы, Калижанова Жанна Хамитқызы, Макина Аксана Даулиқызы, Мендин Балтабек Әділханұлы.

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2020 жылдың 6 ақпанында аудандық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізілді, мәжіліс барысында келесі мәселелер қаралған болатын:

  1. Өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған Уәлиханов ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу туралы.
  2. 2020 жылдың 11 наурызына тағайындалған Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының жұмыс жоспары туралы.
  3. 2020 жылдың 11 наурызына тағайындалған Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының күнтізбелік жұмыс жоспары туралы.

Мәжіліс барысында басқадай мәселелер де қаралды.

Күн тәртібіне енгізілген барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Уәлиханов ауданы бойынша ауылдық округі әкімін сайлауы өткізілетін округ

Округ атауы Сайлау өткізу күні
1 Амангелді ауылдық округі 11 наурыз 2020 жыл

Мақаланың шыққан күні: 10.02.2020 12:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.03.2020 09:33

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Оспанов Медет Дулатұлы

Промышленная Революция 4.0

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+