Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

Электронды қызметтердi насихаттауға — ерекше екпiн

Бүгiнгi күнi мемлекеттiк қызметтердi электронды нысанда алу үшiн көптеген мүмкiндiктер жасалған. Осы бағыттағы жұмыс Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын iске асыруға бағытталған. 2019 жылы мемлекеттiк қызметтiң 80 пайызын, ал 2020 жылы 90 пайызын электронды форматқа көшiру мақсат белгiленген едi.

Бұл мiндеттi жүзеге асыру бағытында Мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен халық арасында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi сандық түрiнде алуды насихаттау бойынша ауқымды жұмыс жүргiзулуде. Оқыту семинарларымен, ақпараттық-түсiндiру дәрiстерiмен облыстағы барлық ауылдық округтер, еңбек ұжымдары, бiлiм беру мекемелерiнiң студенттерi мен оқушылары қамтылды.

Өтке жылы облысымызда алуан түрлi ақпараттық-түсiндiру iс-шаралар ұйымдастырылды. Оның iшiнде облыс әкiмдiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорацияның филиалымен бiрлесiп әзiрленген Желiлiк кесте аясында 825, ал өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштарында 61 169 оқыту жүргiзiлдi. Шаралар барысында 78 мыңнан астам мелекеттiк қызметтердi электронды нысанда алу дағдыларына үйрететiн, қызмет алушылардың құқықтарын түсiндiретiн парақшалар мен брошюралар таратылды.

Облыстық телеарналарда 29 мемлекеттiк қызмет көрсететiн мекемелер басшыларының сұхбаттары мен брифингтерi, баспа бұқаралық ақпарат кұралдардың беттерiнде шамамен екi жүз жарияланым жарық көрдi. Сонымен қатар, ақпараттық сауаттылықты арртыруға бағытталған өңiрдiң халық көп шоғырланған көшелерiнде, барлық аудандарда тақырыптық 67 баннерлер орнатылғандығы осы жұмыстың нәтижелi жалғасы болып есептеледi.

Мемлекеттiк аппарат тұрғындардың қажеттiлiктерiне жауап беру үшiн барынша ашық әрi қолжетiмдi болуы керек. Осы орайда департамент мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкелерi көпшiлiк көңiлiнен шықты деуге болады. Жәрмеңкелердiң мақсаты — тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша кеңес беру, қолжетiмдiлiктi дамыту және «Электронды үкiмет» порталы арқылы көрсетiлетiн қызметтер туралы халыққа кеңiнен түсiндiру. 2019 жылы осындай 82 жәрмеңке ұйымдасырылып, алты мыңнан астам облыс тұрғыны қатысты.

Электронды түрде көрсетiлетiн қызметтердiң үлесiн арттыруда электронды-цифрлық қолтаңбаның болуы және онымен қолдана бiлу маңызды. Осыған орай департамент үстiмiздегi жылы «Электронды-цифрлық қолтаңба — әрбiр адамға» акциясын iске қосты. Аталмыш акция М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде және өңiрiмiздегi барлық колледждерде өтiп, қажеттi ақпараттар мен бiлiм ордаларының 10 мыңға жуық студентi мен оқытушысы қамтылды.

Электронды қызметтердiң тиiмдiлiгiн түсiндiру және оларды әр түрлi тәсiлдер арқылы алуға үйретуге бағытталған мектеп оқушылардың оқытуы жүргiзiлдi. Петропавл қаласы мен барлық аудандарда 137 шараларда шамамен бес мың жасөспiрiм оқытылды. «Telegram bot», «E-gov mobile», «Digital agent» мобильдiк қосымшалары жастар арасында ерекше қызығушылық тудырды.

Атап айту керек, облыстың мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн органдардың ғимараттарында, барлық мектептер мен колледждерде, денсаулық сақтау мекемелерде 680 «Өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштары» орнатылған. Осы бұрыштарда оқыту барысында алған бiлiмдер пайдалы болып, қызмет алушылар жеке уақыттарын үнемдейдi.

Қоғаммен өзара байланыс орнатудың жоғарыда көрсетiлген амал-тәсiлдерiнiң тиiмдiлiгi тәжiрибе арқылы дәлелденiп отыр. Сондықтан электронды қызметтерде тұтынушылырдың үлесiн көбейту, олардың құқықтарын сақтау, көрсетiлетiн қызметтердiң санын арттыру бағыттарында жұмыстар жалғасын табады.

Электронды қызметтердi насихаттауға — ерекше екпiн

Индира Баженова,
Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң бас маманы

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

Қолжетiмдi, жеңiл және жылдам көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер

2019 жылдың 2 тоқсанына Уәлиханов ауданы бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша аналитикалық анықтама (ZIP 19 Kb)

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

Бұл санжыл басынан жаңа жүргiзушi куәлiктерiн алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргiзушi куәлiгi, оның iшiнде әйелдерге — 10 776 жүргiзушi куәлiгi берiлдi.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргiзушi куәлiгiн алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсiп келедi. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргiзушi куәлiгiн алды, олардың iшiнде 4 мыңы — әйелдер. 2015 жылдың 2 айына — 27 мыңнан астам, олардың iшiнде 8 мыңнан астамы — әйелдер. Осы жылы да бiз сол сияқты жүргiзушi куәлiктерiн беру бойынша қызметтердiң өсу динамикасын көрдiк», — деп айтып өттi ол.

Автокөлiк құралдарын тiркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейiннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтемiз. Бүгiнде Қазақстанда автокөлiк иелерiне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстейдi.

Бизнес-процесстердi автоматтандырудың жәнемемлекеттiк органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерiн интеграциялаудың арқасында жүргiзушi куәлiктерiн алу уақыты 2 сағатқа дейiн қысқарды. Бұдан басқа, мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрiгерлерiнiң кабинеттерiн және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық iлеспе анықтамаларды бiр жерде алуға мүмкiндiк бердi.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда мiндеттердi бөлiсу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлерi құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлерi жүргiзушi куәлiктерi мен көлiк құралдарын тiркеу куәлiктерiн жасау процесiне қатыстырылады.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
баспасөз қызметi

1414-Call орталығы арқылы мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларға қызмет көрсету

СҚО облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалы және Көшi-қон полициясы басқармасы арасында өзара iс-қимыл жасау және ынтымақтастық туралы меморандум бойынша мүгедектер үйiне шығу арқылы азаматтарды құжаттандыру және тiркеу, мемлекеттiк қызмет ұсыну әртурлi санаттағы мүгедектерге сапалы қызмет көрсетiледi. 1414-Call орталығы арқылы

мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларға, келе алмайтын адамдардың үйiне Мобильдiк ХҚКО шығу арқылы мемлекеттiк қызмет 72 жұмыс сағаты iшiнде белгiленген мерзiмде келiп түскен сұранысқа шығуды жүзеге асырады. Құжаттарды қабылдау және беру, қажет болған жағдайда орталық көрсететiн мемлекеттiк қызметтер бойынша кеңес бередi, көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпаратты ұсынады. «ХҚКО» ғимаратында мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларға 1414-Call орталығы туралы мәлiмет бар және ғимарат аймағына екi жақты билборд орналасқан.

Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 10:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 16:12

СҚО Уәлиханов ауданы әкiмi
Пішенбаев Қайрат Сәкенұлы

Промышленная Революция 4.0

Шілде 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+